С дыбысы мен әріпі

Қызылорда облысы, Қазалы  ауданы,  Әйтеке би кенті
№170 орта мектебі, Мектеп алды даярлық тобы мұғалімі
Қалдыбай Зина Оңалбайқызы

Сауат ашу пәнінің сабақ жоспары

 Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты: С дыбысы мен әріпін таныстыру. С дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау, білуге үйрету, қол жаттықтыру, дәптеріне С әріпін баспа түрінде жазуды үйрету.
Көрнекі құралдар: суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер, қол жаттығулары, жазба дәптері.

Сабақтың барысы

Сәлемдесу: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Сабақ басталды:

Бір, екі,үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Бүгін қандай дыбыс өтетінімізді білу үшін мына жұмбақты шешіп, соның бірінші дыбысын атайық. Сонда қай дыбыс екенін табасыңдар.

Сытырлайды күнімен,

Сытырлайды түнімен.

Білгің келсе уақытты,

Көрсетеді тілімен.   (сағат)

 

–         Сағат деген сөздің бірінші дыбысы қандай дыбыс?

–         С дыбысы

–         Балалар, бүгін біздің өтетін дыбысымыз «С» дыбысы екен. Тобымызда «С» дыбысынан басталатын  немесе есімінде «С» дыбысы бар балаларды атаңдаршы.

–         Сәнімкүл, Сара, Сабыр, Әсемкүл, Сәния, Асхат.

–         Осы балалардың есімдерінде «С» дыбысы қай жерде келетінін талдайық.

–         «Сәнімкүл» сөзінде – басында

–         «Әсемкүл» сөзінде – ортасында

–         «Алмас» сөзінде – аяғында тұр

–         Олай болса балалар, «С» дыбысы ортасында, басында, аяғында келе береді екен. Осы «С» дыбысын айтып көрелік. (Мұғалімнен кейін хормен айтады)

(«С» дыбысының ерекшелігіне тоқталамын). Сөздің басы мен ортасында «СЫ» деп, ал аяғында «ЫС» деп қолданатынын мысалдар арқылы түсіндіремін. Мысалы: сәбіз, сиыр, сабын, сақина, сүлгі, арыстан, бесік, қас, тас суреттері тақтаға ілінеді. «С» дыбысының астын көк текшемен белгілеймін.

 

 

 

С  дыбысы

 

Жануар

өсімдік

құстар

Сиыр

Сілеусін

Сарымсақ

Сәбіз

Сандуғаш

Сарышымшық

Осылардың патшасы кім?

Патшасы адам

Сандуғаш, Сәнімкүл, Сағира, Самат, Сәбит

Жаңа үйретілген «С» дыбысына байланысты мысалдар айтылады.

 

Тапсырмалар: 1) Жаңылтпашта неше «С» дыбысы бар екенін табыңдар.

Сол Самат солақай,

Солақай Самат сол,

Самат сол солақай.

2) Шығармашылық жұмыс. Түрлі түсті қағазбен сәбіз, сағат, кесе жасау.

3) Жазба жұмысы. Қол жаттықтыру дәптерге «С» дыбысы үлгі бойынша жазылады.

 

Қорытынды.

  1. бүгін қандай дыбыспен таныстық?
  2. ол қандай дыбыс?
  3. қандай текшемен белгіленеді?

 

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше