Практикалық сабақ «Көріністерді оқу»
Ақтөбе облысы, Байганин ауданы, Қаражар ауылы,
Қаражар орта мектебінің еңбек және сызу
пәнінің мұғалімі Ергалиева Гүлшара
Пән: Сызу Сынып: 9
Сабақ тақырыбы: Практикалық сабақ «Көріністерді оқу»
Сабақ мақсаты: б) Оқушылардың теориялық біліктілігін арттыру; д) ой-өрісін дамыта отырып, көріністерді оқуға жаттықтыру; т) өзіндік шығармашылық ізденіске дағдыландыру;
Сабақ түрі: практикалық
Сабақ әдісі: сызбаны талдап, оқу, жаттығу
Сабақ барысы:
| 1 ұйымдастыру
2 мағынаны тану |
Сәлемдесіп, сабаққа назарын аудару
Оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп Сұрақтарға жауап алу -өшемдерді неше топқа бөледі? -габариттік өлшем деген не? -бірінші топқа қандай өлшемдер жатады? -екінші топқа ше? Оқушылардың жауаптарын толықтыра түсіндіріп,біліктілігін толықтыру. |
Сәлемдесу, сабаққа ыңғайлану
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, үй тапсырмаларын көрсетеді. |
| 3қызығушылығын ояту
4 практикалық жұмыс |
Балаларды сабақ мақсатымен таныстырып, практикалық жұмыстың жоспарын түсіндіру және оқушыларға кеспе материал таратып беріп, не істеу керек екенін түсіндіру және сызбаларды оқу әдісін меңгерте отырып ережелерді естеріне салу.
Балалардың жұмысын қадағалап, қиналғандарға көмек беру, бағыт беру. |
Балалар тапсырманы түсініп, сызбаларды оқуды жүзеге асырады. Сызбадағы көріністер мен өлшемдерді анықтап, талдап, оқу ережелерін орындайды.
Сызбаны талдап,оқып, кескіндерді сызады. |
| 5 ой қозғау
6 сабақты бекіту |
Балаларға сұрақ қойып,жауап алу
-сызбада қандай кескіндер бар? -қандай өлшемдер қалай орналасқан? -габариттік өлшемдер қайсы? -негізгі көріністерді ата -сызбалар проекциялық байланыста сызылған ба? Оқушылардың жұмысы мен білімін саралап, бағалау және үиге тапсырма беру.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сызбаларын көрсетеді. Кемшілігін жөндейді.
Үй тапсырмасын белгілеп,орынын жинайды. |
