Тік бұрышты координаттар жүйесі
Ақтөбе облысы, Байганин ауданы, Қаражар ауылы,
Қаражар орта мектебінің еңбек және сызу
пәнінің мұғалімі Ергалиева Гүлшара
Пән: сызу Сабақ тақырыбы: Тік бұрышты координаттар жүйесі
Сабақ мақсаты: б) Оқушыларды аксонаметриялық проекциялармен таныстыру, координаттар жүйесі туралы білімділік дағдысын қалыптастыру; д) балалардың ойлау қабілетін дамытып, өзіндік шығармашылығын дамыту; т) ұқыптылыққа, нақтылыққа, өзіндік шеберлікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі; сызбалар мен құрал-жабдықтар және геометриялық денелер.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ әдісі: Сыза-баяндау және өзіндік сарамандық жұмыстар.
Сабақ барысы:
1 Ұйымдастыру сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа бетбұрыс жасату.
2 Жаңа сабаққа дайындық Балалар ,біз бұған дейін проекция туралы білімімізді дамытып келеміз.
Себебі проекциялау тақырыбын сендер білесіңдер. Олай болса төмендегі сұраққа жауап беріп көрейік.
1 Проекциялау деген не?
2 Проекциялаудың неше түрі бар?
3 Проекциялаудың негізгі әдісіне қайысысы жатады?
3 Жаңа сабақ Нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау үшін х,у,z осьтері қолданылады. Мұндағы х осі абсцисса, у осі ордината, z осі аппликата деп аталады. Бұл осьтер бойынша нәрселердің өлшемдері өлшену арқылы жүзеге асады. z
Х = ОМх = ММу;
Мz У = ОМу = ММх;
Z = ОZ = М(х,у) Мz
Х Мх
о
М(х,у) Му
у
Балаларға тақтада сыза отырып ,түсіндіру.
Охуz осьтері бойынша В нүктесінің
Координаталары бойынша орынын тауып, сынық сызықты шығарып алу. Балаларға баяндай түсіндіру және қоса сыздыру.
4 Сарамандық жұмыс Оқушылар өз бетімен 1 тапсырма бойынша М,Р,N,Q нүктелерінің координаталарын тауып, орынын анықтайды.
5 Сабақты бекіту Балалардың жұмыстарын салыстыра тексеріп, бірқатар сұрақтарға жауап алу.
1 Координаттар жүйесі деген не?
2 Абсцисса деп қай осьті айтамыз?
3 Ордината деген не?
4 Аппликата қайсы?
5 Бұл осьтердің бойына қандай өлшемдер салынады?
Балалардың жауаптарына талдау жасап, толықтыра түсінік беріп, білімдарін бағалау.
Үйге тапсырма: сабақты қайталап, 2 жаттығуды орындап келу.
