ата-анамен жұмыс

Жолмаханова Жұлдызай Садықбекқызы

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Жаңажол ауылы

№107 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Үйінде ұл-қызы бардың көгінде жұлдызы бар

Мақсаты: оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандық   пен татулыққа, төзімділік пен                     парасаттылыққа баулу, ата- аналарға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қыз баланы

қорғау қажеттігі туралы ой салу, ортаға ой салу  барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу

Түрі: пікірлесу

Көрнекіліктер: интерактивті тақта , тәрбиеге байланысты нақыл сөздер

Әдістері: Ой қозғау, сұрақ-жауап, болжау әдісі, релаксация

 

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Кіріспе

А) «Қария сөзі – тәрбие көзі»

ә ) « Қызға қырық үйден тыиым»

б) « Ұлды ұясында баулы»

с) « Менің жанұядағы рөлім»

ІІІ Қорытынды

Құрметті ата-аналар,ұстаздар бүгінгі «Үйінде ұл-қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар» атты ата-аналарға арналған пікір алмасу кшіне қош келдіңіздер!.

Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Десек те, бала тәрбиесіне  қоғамның барлық мүшесі жауапты екені анық.

Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен  жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша , негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады.

І бөлім  « Қария сөзі – тәрбие көзі»

Мақсаты: отбасындағы бала бойына  ұлттық тәрбиені сіңіруде ата-әженің ықыласын анықтау. Ата иен әже арасындағы қарым-қатынасты байқау. Отбасындағыф ұлттық тәрбие арқылы өз ұлтының дәстүрін бала бойына қалыптастырудағы тәжірибемен пікір алысу.

Құрметті ата мен әжелер, сіздермен бүгін біз ұлттық тәрбиені бойына сіңіре білетін, елін, жерін қастерлейтін білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін әр түрлі тақырыпта ой бөлісіп пікір алысамыз.

«Өз балаңды өскенше, немереңді өлгенше» ,« Балам балдан тәтті, немере одан да тәтті» деп халық даналығы айтқандай, ата мен әже үшін немеренің орны бөлек. Ал сіздер осы сүйіспеншілікті қалай түсінесіздер? Ата-әжелеріміз өз ойларын жинақтағанша, ата-аналарымыз келесі сұрақтарға өз ойларын ортаға салсын.

1. Ата мен әженің қазіргі таңдағы бала тәрбиесіндегі үлесі қандай?

2. От басындағы сыйласым рәсімін қалай түсінесіздер?

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлім ой тәрбие көзін қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын

Қазақ атты үлкен кіші балдырған

«Бала болмысы құрсақтан, тәлімі бесіктен» дегендей , келесі тақырып «Отбасындағы ұлттық тәрбиенің ролі мен пайдасы» туралы ой қозғап, ой бөлісейік.

Көріністер қойылады.

Осы көріністер бойынша не айтар едіңіздер?

Ата – әжелер мен ата-аналар өз пікірлерін айтады.

«Тоқта, ботам …» М.Мақатаев

Оқитын Байдрахманов Е

Ой толғау   ( Оқушыларға мәтіндік сұрақтар)

1. Жаздың әдемі бір күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі егілген  ағашты көреді. Сонда  әкесі баласынан былай деп сұрайды: «Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?»

2. «Ана сүтін анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың?»

деген ұғымды қалай түсінесің?

Ұлт мұратының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе.Батыр Б. Момышұлы «Тәрбие-тәртіптің құлы» десе , ақын О.Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешді» деп жазады. Бәрі де шындық.

Тәрбие кешіктірілсе кешірмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына қайтіп келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті деізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры-тәлім тәрбие ісінде жатыр.

ІІ бөлім. Қызға қырық үйден тыйым»

Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік,т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қыз тәрбиесіндегі ата-ананың орны.

1. Қыз бала тәрбиесіндегі ананың орны ерекше дегенге сіздің көзқарасыңыз?

2. Мектеп, ата-ана және жүрген ортасының қыз балаға әсері қандай?

Оқушыларға сұрақтар.

1.Қыз бойынан қандай қасиеттерді көргің келеді?

2. Қыздарға байланысты қандай мақал-мәтел білесіздер?

Қазақ халқы қыз деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.

Халық арасында қызды ажарына қарай жетіге бөлген

1 әдемі қыз

2. Көрікті қыз

3. Шырайлы қыз

4. Әсем қыз

5. Сұлу қыз

6. Ажарлы қыз

7. Ару қыз

« Ана жүрегі»  А. Бақтыгереева

Оқитын Оңғарбекова А

Сергіту сәті.   Мына ғажайып табиғат көріністерін тамашалап, бой сергітейік.

ІІІ бөлім « Ұлды ұясында баулы»

Мақсаты: бала тәрбиесіндегі әкелердің беделін арттыру, әке алдында әдеп сақтай білу, әрбір әкенің отбасындағы рөлін байқау

1. « Сәби-ұл-Отан қорғаушы-әке-ата» сөзінің мағынасын ашу.

2. Көбінесе, бала тәрбиесінің жауапкершілігі  әрбір отбасында әйелге жүктеледі. Ал, ер азамат көбінесе, материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету рөлін атқарады. Қалай ойлайсыз, қыз баланың тәрбиесімен – анасы, ұл баланың тәрбиесімен – әкесі айналысуы тиіс сияқты ма?

Оқушыларға сұрақтар

1. «Әке – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала- жағасындағы құрақ» деген ұғымды қалай түсінесің?

IV бөлім « Менің жанұядағы рөлім»

Мақсаты: жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата-ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

– Балалар, сендер бұл бөлімде өз міндеттерің мен жанұядғы рөлің қанда йекенін айтасыңдар.

« Жүректен – жүрекке»  шеңбері

– Оқушылар шеңберге тұрып, өз жанұяларыңның жақсы бір қасиетін айтып, осы шеңбер ішімен жүрейік.

Болжау әдісі: оқушылар мен ата-аналар өз ойларын ортаға салады.

– Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:

«Балапандарым, мен сенднрге бір жұмбақ айтайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңса, құйрыққа күл сепсе, сол адамға не істер едіңдер?»

Қорытынды.

Қазіргі жас өркен – мемлекетіміздің болашағы. Сондықтан да , балаға – бір отбасының ұрпағы деп емес, бар қазақтың баласы деп қарау керек сияқты. Ұлы Абай атамыз: «Баланы ең алдымен ата-анасы , сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді» деген екен. Сіз қалай ойлайсыз?

Сонымен әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың қолында.

«Еврей халқы баласына сен ертең мықты азамат болып шығасың,сенің қолыңнан бәрі келеді» деп тәрбиелейді екен.Балаға – бала деп қарамай, «тұлға» деп қарап, тағдырына жауапкершілікпен мән беріп, ертеңгі күнге ерте бастан даярлайтын болған.Қытайдың ұлы ғалымы Конфуций: «Баланы 5 жасқа дейін еркелет, 15 жасқа дейін құлша жұмса, 15 жастан кейін досыңдай сырлас» деген емес пе?

Ендеше, халқына қорған, ата-анасына қамқор болар тұлға қалыптастыруда әрбір балаға –қазақтың баласы деп қарап, бірлесе жұмыс жасайық.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше