Сарамандық жұмыс «Селдір өрнек»
Ақтөбе облысы, Байганин ауданы, Қаражар ауылы,
Қаражар орта мектебінің еңбек және сызу
пәнінің мұғалімі Ергалиева Гүлшара
Пән: технология Сынып 9
Сабақ тақырыбы: Сарамандық жұмыс «Селдір өрнек»
Сабақ мақсаты: б) балалардың теориялық білімін практикамен ұштастыру; д) оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, шығармашылық ізденісін дамыту; т) балаларды ұқыпты -әдемі,талғампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикалық
Сабақ әдісі: жеке-дара сарамандық жаттығу және шығармашылық тапқырлық
Сабақ барысы
1 ұйымдастыру сәлемдесу,белгілеу,сабаққа дайындықтарын тексеру
2 Кіріспе оқушылардың ілмек бізбен жұмыс жасау әдістері туралы білгендерін есіне түсіру.
– Ілмек біздің қандай түрін білесіңдер?
– Қандай шалу түрлері бар?
– Ілмек бізбен қандай бұйымдар тоқуға болады?
3 Жұмысқа дайындық,жұмыс барысымен таныстыру
Селдір өрнек – сулықтар мен түпбұйым ретінде қолдануға болатын және әшекей заттарды тоқуға болады. Оны тоқуға № 1-1,5 біз және сарғыш мақта иірімжібі қолданылады. Ал біз өзімізде бар жіптер мен ілмек бізді қолдана береміз. Бұйымды тоқығанда әрқайсымыз өз шығармашылығымызбен түрлендіре тоқуға құқығымыз бар. Тек тоқу әдістерін меңгеруіміз керек.
4 Сарамандық жұмыс балалар өздік жұмысқа кіріседі. Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауларын қадағалап отырамын.
– бос ұяшық, – толы ұяшық
Жұмыс барысында балалар оқулықтағы шартты белгілерге көңіл аударып, нұсқау кестені басшылыққа алып жұмыс жасайды.
5 Сабақты бекіту оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жұмыс барысында кеткен
қателері мен артықшылықтары туралы сұрақтарға жауап алып, пікірлерін тыңдау арқылы білімдері меншеберліктерін бағалау. Үйден жұмысты жалғастырып, аяқтап әкелу.
