Мен және заң

Самархан Гүлжазира

Павлодар облысы, Павлодар ауданы , № 1 Чернорецк орта жалпы білім беру мектебі Мақсаты: Оқушыларға құқықтық білім беру, құқық бойынша білгендерін қайталап еске түсіру, заңгер ретінде өз сөзін қорғай білуге, мемлекет басқару ісіне араласу құқығын пайдалануға үйрету, құқықтық тәрбие арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, заң жөніндегі білімдерін дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс, жарыс сабақ.

Әдіс тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ой шақыру.

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, түрлі заңдар, екі топ шығаратын газеттер, төс белгілері, ұлағатты сөздер.

 

 

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Амандасу.

2. Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

3. Сабақ мақсаты мен барысымен оқушыларды таныстыру

II. Кіріспе:

Адамдар арасындағы қарым қатынастың қоғамдағы демократиялық жолы тікелей құқықтық тәрбиеге байланысты. Ұлы ойшыл Платонның көзқарасы бойынша, өркениетті мемлекет ақыл ой ұштасуынан дамиды. Құқықтық мемлекет құру үшін азаматтық қоғам орнату қажетті. Азаматтық қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениеті жоғарғы деңгейде қалыптасуы керек. Жеке тұлғаның құқықтық дамуы – құқықтық (құқықтану, құқыққа көзқарасын қалыптастыру, құқықтық қатынасты жақсарту және т.б.) тәрбиенің арнайы мақсаты. Әйгілі Перикл де мемлекетті басқару жүйесін жетілдіруде құқықтың алатын орнын айрықша атаған. Сондай – ақ, Аристотель адамдардың құқықтық жағдайларын жақсарту мақсатында азаматтық қоғам құру – құқықтық меемлекеттің негізгі нысаны екендігіне өзіндік бағдар береді. Ежелгі Римнің саяси қайраткері Марк Тулли Цицерон «Мемлекет барлық еркін адамдардың келісімімен және құқықтық қатынастан тұрады» деп түсіндіреді. Ежелгі дәуір ойшылдарының тұжырымдарынан олар азаматтардың құқықтық жағдайларын жақсартуға, әрі демократиялық құқықтық мемлекет құруға талпыныс жасағанына көз жеткізуге болады.

 

 

III. Сайыс(Оқушылардың екі топқа бөлінуі).

 

1.     Әділқазылар алқасымен таныстыру.

 

 

I. БӨЛІМ            «КӨКПАР»

Екі топ өздерін таныстырып, шығарған газеттері мен төс белгілерін қорғайды.

II. БӨЛІМ         «ЗАҢ ЖӘЕ БІЗ»

Екі топқа ауызша сұрақтар қою арқылы жарысқа қатысқан екі

топтың құқықтық білімінің қаншалықты терең екендігін байқаймыз.

Бірінші топ:

 

1.     «Конституция» деген сөздің аудармасы қалай?

2.     Қазақстан тарихында қабылданған қандай заңдарды білесің?

3.     Егемендік алғаннан кейін ҚР – да Конституция қанша рет қабылданды?

4.     ҚР да балалардың құқықтары туралы Заң қай жылы қабылданды?

5.     ҚР ның бала құқығы туралы Заңы қанша баптан тұрады?

Екінші топ:

1.     Құқық дегеніміз не?

2.     Қылмыс дегеніміз не?

3.     Жаза дегеніміз не?

4.      Жазаның түрлерін ата.

5.     ҚР Конституциясы қанша тарау, қанша баптан тұрады?

 

 

III. БӨЛІМ       «ЗАҢ БАСТЫ БАҒДАР»

Әр топ өздері дайындап келген рөлдік көрініс көрсетеді.

 

 

IV. БӨЛІМ               «ДЕБАТ»

Екі топ берілген сұрақтар бойынша екі нұсқаны таңдайды «А» немесе «Ә», осы нұсқалар бойынша өз ой – пікірлерін айтып, өз жауаптарын дәлелдейді.

 

 

v Қазақ тілі мемлекеттік дәрежеде дамып отыр ма? «А» – ия, «Ә» – жоқ.

 

v Өлім жазасы керек пе? «А» – ия, «Ә» – жоқ.

ҚР Президенті тапсырмасымен өлім жазасына маратории жарияланды. Біз де өз үлесімізді қосып, заңгер болмасақ та ойымызды еркін айтуымызға болады.

ІСКЕ СӘТ!

 

 

V. Қорытынды: Міне, балалар, біз бүгін дебат, жарыс, ойын түрінде өткізген сабағымызда өзіміздің құқықтық біліміміздің қаншалықты деңгейде екендігін көрсете білдік. Болашақта заңгер болмасақ та, қарапайым азамат ретінде өз құқығын қорғай адам болуы үшін үнемі құқықтық білімімізді жетілдіріп отыруымыз керек. Болашақ құқықтық Қазақстан Республикасының тағдыры өз қолдарыңда.

1. Сайыстың аяқталуы.

2. Ұпайлар саналады, жеңген топ марапатталады.

3. 3. Сабақтың соңы.

Комментариев нет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше