Астана қаласы, №64 мектеп-лицей
Математика пәні мұғалімі
Байболова Сағыныш Сағындыққызы
Сабақтың тақырыбы: Ауызша және жазбаша көбейту мен бөлудің тиімді тәсілдерін қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін қорытындылау, бекіту, алған білімдерін пайдалана отырып, есептер, мысалдар, қозғалысқа байланысты есептерді шығару жолдарын жетілдіру.
2. Логикалық ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Адамгершілік қасиетін бойына дарыта білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабақ Сабақтың әдісі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
І. Сабақ басталғаны жарияланып, мақсаты айтылады.
Слайдпен жұмыс:№1
Жылдамдық Уақыт Қашықтық
5 км/сағ 2 сағ 10км
12км/сағ 3 сағ 36 км
60 км/сағ 8сағ 480 км
40 км/сағ 5 сағ 200км
40км/сағ 12 сағ 480 км
ІІ. — Балалар, математиканың жалпы адам өміріне қажеттілігі бар ма?
-Медицинада оның қажеттілігі қандай?
-Ендеше бүгінгі сабақта математиканы қай тақырыпта өрбітеміз?
-Сау болсын десең, 12 мүшең
-Математика тек есептеу ғылымы ғана емес, сонымен қатар адам ағзасына қажетті екенін дәлелдегім келеді. Ол қалай болатынын сабақ үрдісінде біліп отырамыз. Ал қандай тақырыпқа байланыстыратынымызды білу үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
ІІІ.Слайд.№2
-Эритроцит пен лейкоцит ненің құрамында болады? Қан құрамында
ІV. Қан-қызыл түсті ерекше сұйықтық. Адамның қан мөлшері 5-6 л, бұл адамның жалпы дене массасының 7 % құрайды.
Эритроциттер немесе қанның қызыл клеткаларының қандағы мөлшері көп болғандықтан, оларды байқау қиын емес. Бұл екі жағы ойыс, майда ядросыз клетка. Олардың тіршілік ету уақыты ұзақ емес, 100-120 тәулік. Күнделікті өлген эритроцттердің орнына 3000 млрд-қа дейін эритроцит түзіледі.Лейкоциттерді микроскоппен қарап табу қиын, себебі, көз аясына олардың тек 2-3 клеткасы ғана түседі. Олар түссіз, әр түрлі пішінді болып келеді. Сау адамның
1 мм3 қанында 6000-8000 лейкоцит болады. Лейкоциттер ағзада маңызды рөл атқарада: олар ағзадағы ауру тудыратын микроағзадан қорғайды. ағзадағы бөгде микробтарды жалған аяғымен тартып жұтып алады.
V.Дәптермен жұмыс
Бүгінгі күнді жазып, оқулықтағы 2 тапсырманы орындаймыз.
№2
4сағ 50мин 2 сағ 3 мин
3 тәул.14 сағ
Шешуі:2000кг-950 кг=1050кг (картоп)
1050кг-950кг=100 кг артық
Жауабы: картоп қызылшаға қарағанда 100 кг артық
№7
Таңғы ас-?
Түскі ас? 7 есе>
Кешкі ас-22кг 69 кг кем
Шешуі:69+22=91
91:7=13
Жауабы: түскі асқа 91кг нан, таңғы асқа 13 кг нан жұмсалды.
№8
Х+101=12*48
X+101=576
X=576-101
X=475
475+101=12*48
x-85=327-198
x-85=129
x=129+85
x=214
214-85-327-198
Қорытынды
Хат оқу
Айдосқа емделу үшін 150$ ақша қажет. Оған №16 мектеп оқушылары 40$, №5 мектеп оқушылары олардан 2 есе артық ақша аударды. Енді қанша ақша қажет.
Енді мына тапсырманы орындайық
Есепшотқа 30$ түсті. Рахмет.
Адам дені сау болуы үшін үнемі және едәуір күш салуы қажет. Н.А.Амосов
Бағалау