Омар Бауыржан Мұсаханұлы,
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы,
Omar-1982@ E-mail.ru Түркістан қаласы
«Экономиканың индустриалды-инновациялық дамуы және қазіргі заманғы мамандар жүйесін дайындау басымдықтары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. 2011 жыл. 26 қараша 2 том. 191-195 б. 0,3 б.т.
Қазақстан Республикасындағы экологиялық саясатты құқықтық реттеу мен қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ролі
Б.М.Омар
Магистр оқытушы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ–түрік университеті
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың нашарлауы әлемнің барлық мемлекеттерінің одан шығу жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Содан соң, көптеген мемлекеттерде қоршаған ортаны басқаруды және қорғауды жүзеге асыратын органдар, яғни министрліктер, департаменттер мен агенттіктер құрылды. Мысалы: Біздің мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2002 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып қайта құрылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қарашадағы қаулысымен министрлік туралы ереже бекітілді. Содан соң, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылды. Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Министрліктің мемлекеттік мекемелерінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары — облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы қоршаған ортаны қорғау басқармалары және республикалық инспекциялық басқармасы болды [1. 2-3].
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы қаулысымен комитет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті болып қайта үйымдастырылды. Комитеттің аумақтық органдары — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелері болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітіліп, Министрліктің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті құрылды. Әлемнің көптеген мемлекеттері 1970 жылдан бастап экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын бірге іздестіріп, қажетті шараларды бірге жүргізу туралы келісімге қол жеткізді. Осыған байланысты, әлемдік табиғат қорғау проблемаларына арналған І-ші халықаралық жиналыс 1971 жылы сәуір айында Чехияда өтті. Бұл жиналыстың басты мақсаты, әлемдік табиғат қорғау проблемаларын шешуге байланысты, мемлекеттік басқарудың, соның ішінде қоршаған ортаны тиімді пайдалануға, сауықтыруға және қорғауға байланысты мемлекеттік органдардың басқару нысандарын, жүйелерін, бағыныштылығын, олардың қызметін ұйымдастыру тетіктерін, қағидалары мен өкілеттіктерін одан әрі дамыту еді. Сонымен қатар, бұл мәселелер Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасында да кең көрініс тапқан [2. 2-3].
Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулi өзгерiстер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзiрлендi, табиғат қорғау заңнамасының негiзi құрылды. Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», 1998 жылы — «Радиациялық қауiпсiздiк туралы» Заңдар, ал 2002 жылы — «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттiң «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күшi бар Жарлықтары, 2003 жылы — Орман, Су және Жер кодекстерi қабылданып, бұл заңдарға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырды. Заңға тәуелдi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердiң көпшiлiгi әзiрленiп, бекiтiлдi.
Жоғарыда аталған заңнамаларды жетiлдiру мақсатында республикада оны дамыған елдердiң заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты тұрды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды iске асыру жөнiндегi iс-қимылды ұлттық жоспарлары әзiрлендi. Экологиялық сараптау жүйесi, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды. Тұжырымдаманың мiндеттерiн орындау нәтижесiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды күшейту және мiндеттi экологиялық сараптаманы енгiзу есебiнен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуiр төмендедi. Алайда, мемлекеттiң экологиялық осал аумақ және шешiлмеген экологиялық проблемалар мәртебесi сол күйiнде қалып отыр.
Жоғарыда аталғандармен байланысты елдiң стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазiргi жағдайдағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мiндеттерiн түбегейлi қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде. Жаңа Тұжырымдамада iске асырылмаған мiндеттердi шешу ұсынылып отыр. Олардың iшiнде: экологиялық қауiпсiздiк пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердiң, оның iшiнде iргелi ғылыми зерттеулердiң iлгерiлемелi дамуын қамтамасыз ету; сонымен қатар еліміздегі экологиялық басқару органдарының бiрыңғай жүйесiн енгiзу еді [3. 3-4].
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму» Бағдарламасының жобасы әзірленіп, оның негізгі бағыттары айқындалып отыр. Атап айтқанда, «жасыл экономиканы» дамыту, халықтың денсаулығы және қоршаған орта компоненттеріне антропогендік әсерді төмендету, табиғи экожүйелерді қалпына келтіру және сақтау, қоршаған орта сапасын басқару жүйесін жетілдіру және дамыту бағыттары белгіленген. Бұл ағымдағы жылдың шілде айында бағдарлама жобасы Үкіметке енгізіледі, — деді Қоршаған ортаны қорғау министрі.
«2002 жылы Йоханнесбургте өткен Орнықты даму жөніндегі Дүниежүзілік Саммитте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға: «Орнықты даму — бұл жай ғана сөз тіркесі емес. Бұл адамзат өмір сүруінің формуласы» екендігі жайлы атап өтті. Біз Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасының дайындық кезеңін ойдағыдай іске асырдық. Орнықты дамудың нысаналы көрсеткіштері өткен жылдан бастап министрліктің және республика аймақтарының стратегиялық жоспарларына ендірілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезінде ескерілді [5. 10-11].
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «табиғи ресурстарды үнемдеу мен ұтымды пайдаланудың технологиялары мен бағдарламаларын енгізуді экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторларды оңтайлы ұштастыру қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырған абзал», — деп атап өткен болатын министр. Осы бағыттар негізінде министрліктің қызметі үш басым бағыттар бойынша жұмыстар жүргізуде:
1. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту;
2. Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тетіктерін құру;
3. Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жаңғырту және жүргізу.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі жоғарыда көрсетілген үш бағыттар бойынша және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеге сәйкес төмендегі қызметтерді жүзеге асырады:
— Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі (бұдан әрi — Министрлiк) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi басшылықты және салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады және ол өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
— Министрлiктiң негiзгi мiндетi қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу болып табылады.
— Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары болады.
— Министрлiктің ведомствосы — Табиғатты қорғауды бақылау комитетi, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары — облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары бар.
— Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
— Министрліктiң, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
— Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрығымен ресiмделедi.
— Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
— Министрлiктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
— Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
— Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.
Ал енді министрлiктiң негізгі құқықтарына келсек:
— қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
— тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
— өз құзыретi шегінде қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат ету, лицензиялық және экологиялық-сараптама қызметi, нормалау және стандарттар саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн, сондай-ақ ұтымды табиғат пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдiстерi мен тетiктерi жүйесiн ұйымдастыру және жетілдiруi;
— қоршаған орта, климат пен табиғи ресурстар мониторингінің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесін, сондай-ақ гидрометеорологиялық бақылаулар мен метеорологиялық қамтамасыз ету жүйесiн ұйымдастыру және жетілдiру.
Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Экологиялық басқару органдарының мемлекет үшін және мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі үшін маңызы ерекше екендігін функцияларынан-ақ байқауға болады.
Қазақстан Республикасының Экологиялық басқару органдарының жоғарыда көрсетілген функцияларды атқарумен қатар, министрліктің алдына Елбасы және Үкімет қойған міндеттерді шешу қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз етуге экологиялық қауіпсіздіктің басты мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігіне сенімдіміз», — деді Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов Үкімет сағатында жасаған баяндамасында [6. 8-9].
Сонымен қорыта келгенде Қазақстан Республикасының Экологиялық саясатын құқықтық реттеу мен қорғауды жүзеге асыруда Экологиялық басқару органдарының маңызы өте зор. Сондықтан мемлекетіміздің экологиялық жағдайын жақсартпай халықтың денсаулығын көтеру қиынға соғатыны белгілі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- «Егенмен Қазақстан» газеті. 15.09.2011 ж. №418-419 (26836).
- «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасы туралы» ҚР Президентiнiң 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығы. (ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №47)
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы №931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, №28)
- «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» ҚР Үкіметінің 2002 ж. 6 қарашадағы №173 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, №39)
- «Егенмен Қазақстан» газеті. 22.09.2011 ж. №449-450 (26843).
- «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасы туралы» ҚР Президентiнiң 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығы. (ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №47)
Файл атауында автор фамилиясы және қала аты көрсетілуі тиіс.
1 |
Фамилиясы,аты, тегі (толық) | Омар Бауыржан Мұсаханұлы |
2 |
Ғылыми дәрежесі,ғылыми лауазымы | Құқық магистрі |
3 |
Қызмет орны, лауазымы | Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ–түрік университеті. Заң факультеті,
Оқытушы |
4 |
Мақала атауы | Қазақстан Республикасындағы экологиялық саясатты құқықтық реттеу мен қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ролі |
5 |
Пошталық мекен – жайы,
телефон(қала коды),факс,e-mail |
Арыстан бап №17., 8 705 753 10 70., Omar-1982@mail.ru |
6 |
Секция нөмері және атауы | №6., Заңтану және
халықаралық қатынастардың экономикалық мәселелері; |
7 |
Баяндама материалдарын көрсету үшін қажетті техникалық құралдар |