Без рубрики

Эссе «Мен және менің мамандығым»

Мен бұл мамандықты неге таңдадым? Ол жан-жақты зерттейді. Мен-дем беруші,бағыт көрсетуші,құтқарушы псхологпын.Менің басты бағытым,өмірге еш өшпенділіксіз,қорқынышсыз қарауды балалардың санасына жеткізу.Балаларды алға ұмтылуға,алда ғажайып нәрселердің бар екендігін,жақсы өмірдің кілтін аша алатындарына сендіру!Оқу бітірген соң мен «Барыс» мекемесінде директорың орынбасары қызметін атқардым. Ол жерде көптеген адамдардың қиналғанын,тығырықтан шығар жол таппай қиналып жүргендерін, оларға бірінші шыдам,ал ең бастысы үміт керек екенін түсіндім.Бірте-бірте менің өзіме және басқада адамдарға деген көз қарасым өзгере бастады.Сөйтіп мен көптеген адамдарға, біздің балаларымызға тек қана физиологиялық емес,сол сияқты психологиялық көмектің қажет екенін түсіне бастадым.
Осылайша мен Ақтөбе Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің психология факультетіне түсіп,оқуымды бітіріп,мамандығым бойынша мектепке педагог-психолог болып орналастым.
Бұл мамандық ерекше саналады.Өйткені күні бойы көптеген адамдардың басынан өткергендерін,олардың қиындықтарын,қуаныштарын тыңдап,оларға ақыл кеңес бере отырып,қолдау көрсету керек. Сондықтанда бұл мамандықты әр адам әр қалай түсінеді.
Мен үшін психолог мамандығы не? Ол кең мағыналы.
Мен – дем берушімін
Мен әр кезде өз әлемімді балалармен бөлісуді,оларға дем беріп,олардың жан-дүниесне үңіліп,олардың бүгіп,ұялып, сыртқа шығара алмай жүрген ойларын іске асыруға ұмтылдырамын.Мен оқушылардың,балалардың күнделікті өмірден бір сәтке болсада шығып,өздерін жаңа қырдан танып,өздерін жақсы қырдан көрсете алуларын айтып,өмірдің әр сәтін тек жақсылыққа,артынан өкінбейтін жақсы істер жасауына,жастық шақтарын босқа өткізбей,өмірден дұрыс жол таңдап,тек қана алға ұмтылуларын қалаймын.Осы жерде ұлылардың «Өзіңді біл,таны,аш сол кезде әлемді де біліп ,аша аласың» сонымен қатар «Жаныңды ұсақ уайым,болымсыз қам-қарекет дертімен былғанудан сақтаңыз»деген нақыл сөзді айтқым келеді.
Мен -жол көрсетушімін
Қасыңда келе жатқан адам.Біз кей уақытта өзімізді жалғыз қалғандай сезінеміз. Сондай кездерде ойымызды алыстағы адамдарға жүгіртіп,соларды іздейміз.Бірақ менің мақсатым бала тек қана өзінің жанындағы адамды іздеп тауып,сол адаммен өзінің көңіл-күйін,ішкі сезімін,жан-дүниесімен бөлісіп,өзін босқа кінәлай бермей,сол адамнан қолдау тапса деймін.
Мен психологты «құтқарушы» мен салыстырамын.Мен өтінішті күтпеймін.Өйткені мына әлемде көптеген адамдар жайдан-жай көмек сұрай алмайды.Менің мамандығымның жауы-басқа адамның қайғысына бей-жай қарау.Қандай жағдай болмасын,мен ойланбастан сол адамға әрқашанда көмек көрсетуге дайын тұрамын.
Мен –мұғаліммін.
Мен күнделікті ұсақ-түйек шаруаға күш жұмсауға үйретіп,өзіңнің ішкі дүниеңдегі ғажайыпты көре білуге үйретемін.Әлем айна сияқты, әр күн сайын өз бейнеңді көріп тұрасың, өз мойныңа жауапкершілікті ала білуге,берген уәдеңде тұруды үйретемін.Менің өзіме деген сенімімді жоғалтқандай сезінген кездерімде,жұмысқа деген құлшынысым азайғанда мен «Алланың адамға берген ең үлкен сыйы, оның өмірі» екенін есіме аламын.
Адам кей уақытта өзіне деген сенімін жоғалтып,күйзеліске ұшырасада,өмірге деген сенімін,құштарлығын жоғалтпай, тоқтамастан тек қана алға ұмтылуы керек екенін ұмытпауы тиіс. Қандай қиын жағдай болсада бар күш-жігерін жинап,алға ұмтылса ғана барлығын жеңіп,жүрегінде де,жан-дүниесінде де тыныштық орнайтынына,барлығы тек жақсы болатынына сенуі керек.С.Торайғыровтың «Адамның ең ұлы қасиеті бақытты болуға ұмтылу»дегім келеді.
Менің өмірдегі басты мақсатым-балалар өмірге еш қорқынышсыз,зұлымдықсыз қарап,олар алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін табатындарына және де алда ашық,жарқын күндер күтетініне сенсе екен деймін.

Эссе «Мен және менің мамандығым»: 0 комментариев

  1. Саламатсыздар?! Эссенин авторы туралы биршама малимет берсениздер (аты-жони, окыган жылдары, окытушылары, казир кай мектепте жумыс жасайды), бага беруге болар еди, ал тек кур эссеге карап, коп нарсени байкай алмаймыз?!..
    Тек эссени айтар болсак, мен психолог та, педагог та емеспин, бирак менин ойымша, эссе орташа денгейде гана жазылган, бирсарынды, кызыксыздау, казирги окушы психологиясынын ерекшеликтерин ескерместен орындалган сиякты?!…

  2. Керемет жазылган!!! ЭССЕ омір баянга ұқсас жазылады.
    Бұл ЭССЕ тиянақты,қысқаша әрі түсінікті етіліп жазылған.Шығармашылық табыс тілеймін!!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.