Нашақорлыққа қарсы сот

Нашақорлыққа қарсы сот

Қатысушылар: сот төрелігі прокурор қорғаушы айыпталушы-нашақорлық нашақорлар Сот: Құрметті отырғандар, көрермендер, біздің сотқа арыз түсті. Прокурор қорғайтын зардап шеккен жақ нашақорлықты айыпты деп тануды сұрайды. Жауапқа тартылушыны қорғаушы қорғайды. Залда отырған адамдар атынан отырғандарды әділ шешім жасауларын өтінемін. Айыптаушы мен қорғаушыны өз орындарына шақырамын. Сонымен істі ашық деп жариялаймыз. Айыпталушы кірсін. Сөз айыптаушы жаққа беріледі. Прокурор Жыл сайын соғыста өлім кешкен жастармен салыстырғанда нашақорлықтан дүниеден кеткен адамдар саны әлдеқайда көп. Тыйым салынған темекі шегуші адамға ең қатаң жаза қолданылу керек. Жастарға – иә, есірткіге – жоқ дейміз. Сот: Айыпталушыны қорғау мақсатында қорғаушы не дейді екен? Қорғаушы: Мында айтылғанның барлығы да әділ, алайда, есірткінің медицинада ауруды басатын дәрі есебінде қолданылатынын прокурор мырза ескермей отыр. Қанша адамға олар өмірін жеңілдетті, тіпті өмірін сақтап қалуы да мүмкін. Есірткіге қарсы тағылған айыпты негізсіз деп санаймын. Прокурор: Мен қарсымын! Сот: Қарсылық қабылданбайды. Қорғаушы айтқаны дұрыс. Сізге қойып отырған күнәңізді дәлелдей білу керек. Прокурор: Әрине, медицинада қолданалатындығына ешкім қарсылық көрсетпейді, біз қазір оның емдеудегі зияны жайлы айтып тұрған жоқпыз. Бірақ кейбір медициналық дәрі-дәрмектер де нашақорлардың сұранысына ие… Сот: Дәлеліңіз қабылданды. Қорғаушы осыған не дер екен? Қорғаушы: Дәлеліңіз үшін рахмет. Сіз есірткінің зияны туралы айтып отырсыз, бірақ олардың қазіргі уақыттағы адамға пайдасы туралы ұмытып кетіп отырсыз. Олар адамға өзіне сенімді болуға, проблемаларды ұмытуға көмектеседі. Есірткіден ләззат алады. Прокурор: Мен қарсымын. Сіз ләззат туралы айтасыз, бірақ бір рет ләззат аламын деп, адам өз өмір жолын қысқартады. Қорғаушы: Ләззат алмай өмір сүреге жалықтырады – өмір бір-ақ рет беріледі. Прокурор: Мен куәгерді шақыруға рұқсат етуіңізді сұраймын. 1 куәгер: Менің туыс ағам қайтыс болды. Ол жақсы дүниеден өтті. Түсінде. Кешке үйге келді де, ұйқыға жатты да, ал таңертең оянбады. Менің де солай кеткім келеді. Мен ем алдым, біріқ бәрі де бекер. Есірткіні мен мектеп кезімен тұтына бастадым, шағын қарыздан бастап едім. Тез үйрендім. Ары қарай героинмен жалғастырдым. 2-3 кем дегенде 5ретен кейін мүлдем етің үйреніп кетеді. Әр қабылдаған уақытта өзгеше бір күй кешесің, ләззат аласын. Егу көлемін арттырасың, бірақ тым асырып жіберсе, передозировка болып, өліп кету қауіпі бар.Ағза бір дозаға зар болады. Содан бері мен де осындай күйге ендім. Біз дозаға ақшаны әр түрлі тәсілмен табамыз,. Біреуіміз ата-анасынан ұрласа, біреуіміз үйдегі мүлікті сатамыз. Көбі доза үшін сыцғандарға жұмыс жасайды. Уақыт өте келе қылмыстың бәрін кәмелетке толмаған балаларға жабатын болдық. Себебі, олар сезік тудырмайды. Әрі оларды абақтыға жаппайды, кішкентай деп. Бөлеммен де солай болды. Оның жасы менен 1 жас кіші еді. Жақсы бала да. Музыканы оқыған. Оны алдыңғы жолдары 2 рет реанимацияда құтқарып қалған, ал осы жолы үлгермеді. Бөлемнің өмірден өткені де жақсы болған. Ары қарай өмір сүрудің мәні де қалған жоқ қой. Прокурор: жасөспірімдер, нашақор қалай бола алады? Нашақор: оны отырған адамдардан сұраңыздар. Жүргізуші (2): Өздеріне есірткі еккен адамдардан қашып құтыла алсаңыз, сәл қозғалу қажет, себеі ағзада қан айналымы баяу жүреді. Телефон тауып, «жедел жәрдемді» шақыртып алуға тырысыңызадр да, мейілінше сұйық нәрсені көп ішуге тырысыңыздар. Сот: куәгерге тағы сұрақтарың бар ма? Покурор: жоқ, жоғары мәртебелім. Сот: Келесі куәгерге сөз беріледі? Нашақор (2): есірткі қабылдаушының өмірінің түк қызығы жоқ. Айтары да жоқ. Қанша рет тастауға бел будым, бірақ шыдай алмадым. Бұл дерттен айығу мүмкін емес. Прокурор: Куәгер, ең алғаш есірткіні қандай жағдайда қабылдап көріп едіңіз? Нашақор (2): Достарым бір отырыста ұсынды, мен қаламасам да, қалай бас тартарымды білмедім. Жүргізуші (1): Жасөспірімдердің 1/3 бөлігін есірткіден бас тартуды білмей, оны татады. Нашақорлыққа ілеспеу үшін мынандай сөздер айту керек: «менде аллергия!», «маған қандай да дәрілерді ішуге тыйым салды.» «Жоқ, рахмет, мен спортпен шұғылданамын.» «Жоқ рахмет, мені тосып жүр.» Егер татып көрсең, есіне сақта:бәрі үшін төлеу керек. Ал оның бағасы-өмір. Сот: Нашақор деген кім? Осы сұраққа жауап беру үшін мен экспертті шақырамын. Эксперт: Қорғаушы: Эксперт- нарколог айтқандай, нашақорлықтан емделу өте қиын. Бұл аурудан құтылудың көп жолдары бар. Дәрі-дәрме
ті ішіп аурудан емделе алмайсың, емделудің тиімді жолы – бұл аурудың тууына себеп болатын жағдайлардан құтылу. Көптеген адамдар кофе, кока-кола ішеді бұнда – кофеин бар, шылымда – никотин бар, шоколадта – теобромин бар. Бұлардың да ағзаға зияны бар. Есірткіні – адам жасайды. Сондықтан, мен нашақорлықты – кінәлі деп санамаймын. Адам өзі – кінәлі. Сот: Соңғы сөз айыпталушыға беріледі. Айыпталушы: Менің ойымша, әр адам өмірдің қай жолымен жүретіндігін өзі шешеді. Ол мені таңдап, өз өмірін құртады. Бұған кінәлі- адамның өзі. Менің кінәм жоқ. Сот: Құрметті отырғандар, сіздерді дұрыс, әділ шешім қабылдауыңызды сұраймын. /дауыс беріледі./ Сот: Елтай орта мектебі атынан сот өз үкімін шығарды: жасаған қылмыстары үшін Нашақорлықты айыпты деп тану!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше