Астана қаласы, Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы
Пән мұғалімі: Г.М.Тулекова
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемін қорғау. Қорықтар.
Сабақтың мақсаты:
- мемлекеттік қорықтар мен олардың қызметі жайлы, қорықтарда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін түрлерімен таныстыру;
- өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жойылып кету себептерін анықтау арқылы, қорықты аймақты зерттеуге қызығушылықтарын дамыту;
- балаларды қоршаған дүниеге қамқорлық жасауға, аялауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білім беру сабағы
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер
Әдісі: әңгімелеу, баяндау, оқулықпен жұмыс, техникалық құралдарды пайдалану, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қызығушылығын ояту
«Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі ролі» (ІV слайд)
Қорек тізбегі
өсімдік өсімдікпен қоректенетін жануарлар жыртқыштар
Құстардың көбісі зиянды бунақденелілермен қоректеніп, санын азайтады. Сонымен өсімдіктерді қорғайды.
Жыртқыш аңдар шөппен қоректенетін жануарлардың санын реттеп, өсімдіктердің сақталуына мүмкіндік жасайды.
Кейбір жыртқыштар жануарлардың өлексесін жеп, табиғатта санитарлық қызмет атқарады.
Жануарлар адамға да қажет. Олардан тамақ өнімдерін, жүн, тері аламыз.
ІІІ. Мағынаны тану
Ой қозғау
а) пікірталас: «Жануарлар неліктен құрып кетеді?» (V слайд)
v Адам жануарлардың тіршілік ортасын жойып жібереді. ( егін салу үшін ормандар мен тоғайларды кесіп, өртейді, ғимараттар салады)
v Аңшылық кәсіп және жөнсіз аулау. (браконьерлік)
v Табиғи апаттардың салдарынан.
v Өзен, көлдер мен мұхиттардың ластануынан.
Иә, шектеусіз аулау мен адамдардың шаруашылық әрекетінен кейбір жануарлар мүлде құрып кеткен, ал көбі сирек кездесетін түрге айналған. Олар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Жер бетіндегі жануарлар мен өсімдіктердің құрып кету себептері анықталған соң, проблемалық сұрақ туындайды:
Адамдар құрып кету алдында тұрған аңдар мен құстарды сақтап қалу үшін не істеп жатыр?
Еліміздің көрікті, табиғи аймақтарын өз қалпында сақтау, саны азайған өсімдіктер мен жануарларды қамқорлыққа алу, санын молайту, су құстары мамырлайтын және балық уылдырық шашатын өзен -көлдерді қорғау мақсатында құрылған мемлекеттік қорықтар бар. Олар: (VІ слайд)
Қорықтың мақсаты не?
Барлық табиғи процестер қорықтарда адам әсерінсіз іске асады: бұл жерде табиғат ресурстарының ешқандай түрін пайдалануға, табиғат тұтастығын бұзатын кез -келген шаралар жүргізуге рұқсат жоқ. Қорықтағы жануарлар ерекше қорғауға алынған. Қорықшылар жануарларды бақылайды, қыста қосымша жем береді, ересек жануарлар мен олардың төлдерін есепке алады. Аңшылардың қорыққа рұқсатсыз аң аулауға кіріп кетпеуін қадағалайды.
б) экологиялық маршрут
(VІІІ слайд)
Астана қаласынан алыс емес жерде (100 км), Қорғалжын қорығы орналасқан. Қорық 1968 жылы ұйымдастырылды. Қорықтың өзіне ғана тән табиғаты бар.
Қорық аумағының үлкен бөлігін Қорғалжын (тұщы көл) және Теңіз көлдері (тұзды көл) алып жатыр.
Қорғалжын қорығын «Құс базары» деп те атайды. Себебі, мұнда құстардың алуан түрі мамырлайды.
(Қорғалжын аймағын мекендейтін құстардың анықтамалығымен танысу.)
ІХ слайд.
Оқушылар Қызыл кітапқа енген құстарды анықтайды, содан соң дәптерлеріне көшіріп жазады.
Қоқиқаз, бұйра бірқазан, ақбас үйрек, дала қыраны, ақбас тырна, тарғақ.
Сергіту сәті.
Жел улейді: у-у
Құйын келіп билейді: зу-зу
Қатты қатты жел соқты: гу-гу
Жапырақтар қол соқты: ду-ду.
в) қосымша ақпарат «Сен білесің бе?»
Төмендегі құстардың суретіне назар аударып, мұқият қараңыздар! Олардың қоректенуі мен тіршілік ету ортасын есте сақтаңыздар!
(Х слайд)
Қоқиқаз — өте әдемі және керемет құс. Қорғалжын қорығындағы тұзды Теңіз көлін мекендейді. Оның азығы тұзды су қоймаларының ұсақ өсімдіктері мен жәндіктері.
Бұйра бірқазан Қорғалжын көлінің қамысты нуларында мекендейді. Бірқазандар өзінің керемет тұмсығымен ожаумен сапырғандай етіп балығымен қоректенеді.
Қара бозторғай Қазақстан мақтанышы. Қара бозторғайлар тұқымдар, дала өсімдіктері және жәндіктермен қоректенеді.
Дала бүркіті дала зонасын мекендейді.
Дала қыранының негізгі азығы-тышқан, суыр, қоян.
г) Ойын: «Құстар» (ХІслайд)
Мақсаты: құстардың сыртқы құрылысы мен тұмсықтарының ерекшеліктерінің, олардың қоректену мен тіршілік ортасы ерекшеліктерінің өзара байланысы туралы түсініктерін пысықтау.
Қажетті құралдар: құстардың, олардың тұмсықтарының, тіршілік ететін ортасының, оларға тән қоректердің бар карточкалар. (слайдта)
Ойын барысы: карточкалар 4 бөлікке бөлінеді: құстардың суреттері, тұмсықтарының суреттері, тіршілік ортасының суреттері және олардың қоректерінің суреттері.
Бірінші бөліктегі құстардың аты анықталады, келесі бөліктен құс тұмсығын сипаттап, сәйкес құстарға қосады. Тіршілік ету ортасы мен қоректердің суреттері бар карточкалармен дәл осылай жасалады.
ІV. Қорытынды
Адамдар құрып кету алдында тұрған аңдар мен құстарды сақтап қалу үшін не істеп жатыр?
Қорықтардың мақсаты не?
2011 жыл- Халықаралық орман жылы болып жарияланды. Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Парктер шеруі болып өтті.
(ХІІ слайд)
О, Адамзат!
Табиғат байлығы саған ата-бабаңнан мұраға қалған жоқ, келешек ұрпақтан қарызға алғансың!
Рефлексия
Бұл қорықтар жайлы мақала,слайд маған қатты унады, бұған өте жақсы деген баға бергим келеді. Тағы да осындай слайдтар көптеп дайындала берсе екен деймін.Рахмет!