Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Қосағаш ауылы
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп
математика пәні мұғалімі Аязбаева Жұмағайша Мұқашқызы
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім керек. Себебі Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қаблетті 50 елдің қатарына терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу өрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірбиесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақтылығы, білімділігі қажет. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогі қажет» деген.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз. Өйткені
Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңы тегнологиясы қажет. Оқу – тәрбие үрдісінде осындай әдісті қолдану үшін, мұғалім алдымен өзі оқып, біліп, зерттеп, тиімділерін оқытып осының бәрін өзінің шеберлігіне сай жеткізе білуі керек. Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде. Себебі, бір технологияның өзі қолдану әдіс – тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.
Қазіргі кезде ұстаздар қауымының көпшілігінің пайдаланып жүрген оқытудың жаңа технологияларының бірі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Аталмыш технологияның негізгі мақсаты – ашық қоғам азаматын тәрбиелеу.
І. Сыни ойлау
- Өзіндік және жеке ойлау болып табылады (тәуелсіз ойлау);
- Ақпарат – сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес бастапқы сатысы болып табылады;
- Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып шешімін табуды қажет етітін мәселеден басталады.
Жобаның негізгі – оқушы. Ол басты тұлға, әрекет етуші. Мұғалім – бағыттаушы. Бастауыш сынып оқушылар үшін маңызы:
— сұрақ қоя білуге;
— пікірлесуге;
— тең құқылы диалог жүргізуге;
— белгілі тақырып бойынша ақпарат таба білуге үйренеді.
Себебі бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әрбір оқушы өз топшалауын, өз пайымдауын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді – мағналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын тұжырымдайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға, олардың тиімділігін арттыруға көмекеседі.
Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс – тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяаттар жасайды. Мұндй әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын таптіштеп түсіндіруге шалағай, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиімді байлам, түйін жасауда жасқаншақтық ьайқататын оқушыларға пайдсы ұшан теңіз деп ойлаймын. Сабақ барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жаауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдамалар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытынды да өз үлесі бар екенін сезініп қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізгі өзегін, мән – мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын мазмұнды, мағыналы баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығын арттрады, сөйтіп өзін келесі мәселені талдауға дайындайды.
Осы әдіспен оқушылар арасында өткен сабақ жоспары төмендгі мазмұнда жасалды.
Қазақ тілі пәнінен 4 – сыныпта «Зат есім» тақырыбына байланысты үй тапсырмасын тексеру барысында тақтаға сызба ілінді (1- сурет).
1 – сурет
Сызба бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салып, соңында қорытынды жасалды. Дауыссыз, дауысты дыбыстардан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құралады. Сөздер сөз таптарына бөлінеді. Сосын сөз таптарын атап шықты. Соның ішінде өткен сабақ сабақ «зат есім» тақырыбы тақтаға ілінді. Оқушылар берілген тақырып жөнінде оқығандарын, білетіндерін, өз ойларын ортаға салды, бір – бірлерін сынады, толықтырды, теріс айтылған пікірлер түзетілді, шалағай жауаптар мазмұны кеңейтілді. Нәтижеде ұжымдық тұжырым, қорытынды жасалынды. Қорытындының сызбасы төмендегі суретте көрсетілген (2 – сурет).
2 – сурет
4 сыныптың ана тілі сабағында өткен Жекен Жұмахановтың «Ақ боран» әңгімесінің білім берудің жаң технологиясы әдістері бойынша құрылған сабақ жоспарында, алдымен сынып оқушыларын топқа бөліп алдым. Жаңа сабақты игеру кезеңінде «Ақ боранды естігенде көз алдыңа не елестейді?» деген сұрақ қойылып, осы сұраққа ойларын үзбей жазу тапсырылды. Сосын ойларын жинақтап дәптерлеріне «ақ боранға» топтастыру тапсырылды. Бір минуттан кейін топтарға бір парқтан таратылып, енді бәрі ойларын жинақтап, парққа топтастырды не кластер құрды. Осыдан кейі әр топтан бір оқушыдан шығып ойларын дәлелдеді.
— Өздерің боранға түсіп көрдіңдер ме?
— ( )
Осындай сұрақтар қоя отырып, ой жинақталды, сыныптың тақырыпты талдауға деген қызығушылықтарын ояттық.
ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі.
Өтілетін тақырыпты және оның авторымен таныстырамын.
— «Ақ боранда» не жайлы айтылған деп ойлайсыңдар? Соған болжам жасайық (әр топ ақылдасып, ішінен бір оқушы болжамдарын айтып береді).
Болжамдар жасалынып болған соң, екі топқа бөлімдерге бөлінген мәтіннің бір бөлігі таратылады. Олар оны оқып, өз болжамдарымен салыстырып, бір оқушы шығып ойларын айтады. Келесі сұрақ:
— Осы мәтін ары қарай қалай өрбіді деп ойлайсыңдар?
(Топ оқушылары ақылдасып, бір оқушы өз болжамдарын ортаға салады). Келесі кезекте топтарға мәтіннің келесі бөлігі таратылып беріледі. Топ оқушылары оқып, әр топтан бір оқушы шығып болжамдарын салыстыра отырып айтып береді.
— Осы бөлімнен не істеу керек екенін білдіңдер (Оқушылар үсіктің
аяқтан басталатынын, боранда қалың киіну керектігін, жаяу жүру керек
екендігін айтты).
— Қасым қандай екен? ( )
— Сендер Қасымның орнында болғанда не істер едіңдер? ( )
— Сонымен мәтін немен аяқталады деп ойлайсыңдар? (Оқушылар
болжамдары).
Топтарға мәтіннің соңғы бөлігі таратылады. Оқушылар мәтіннің немен аяқталатынын біледі. Келесі сұрақтар:
— Мәтін немен аяқталады?
— Соңғы сөйлемді оқыңдар. Неге боран ішін тартып тұр?
— Осыдан кейін мәтіннің немен өрбігенін айтыңдаршы?
— Қасым қандай? Ондай бала бар ма?
Қойылған сұрақтардың барлығы мәтінді өрбіту үшін қойылып отыр.
ІІІ. Ой толғаныс.
Мұнда мәтіннен алған әсері бойынша шығармашылық тапсырма беруге болады.
1 топқа тапсырма: Қасымға хат жазыңдар.
2 топқа тапсырма: Қысты сипаттайтын мәтін жазыңдар.
Екі топқа ба сұрақ: Қасымның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Үйге тапсырма, Жекен Жұмахановтың басқа да әңгімелерін өздігімен оқып келу. Білім берудің жаңа технологиясында үй тапсырмасының мақсаты қайталап оқуда емес, шығармашылық тұрғыда болуы керек.
Білім берудің жаңа технологиясы стратегиясының әдістерін тәрбие сағаттарын өткізгенде жиі қолданамыз. Оның бастауыш сыныпқа тиімдісі топтастыру, Веен диаграммасы, бес жолды өлең стратегияларын әр сабақ жоспарынан табуға болады.
4 сыныпта «Алғашқы экономикалық түсініктер» тақырыбында өткен сабақты бекіту кезеңінде жаңа ұғымды біріктіру үшін Веен диаграммасын қолдандым (3-сурет).
3 – сурет
Міне осындай жаңа технологияларды оқу – тәрбие үрдісінде пайдаланудың арқасында оқушылардың белсенділігі артып, жан – жақты дамиды, пәнге деген қызығушылықтары арта түседі деп өз ойымды білдіргім келеді.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді де, білікті оқушыларды тәрбиелеуге болады. Ол үшін ең бастысы мұғалім үнемі іздеіс үстінде болуы керек деп сөзімді аяқтағым келеді.