“Халықтық педагогиканы математика сабағында пайдалану” Тәрбие сағаты
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Қосағаш ауылы
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп
математика пәні мұғалімі Аязбаева Жұмағайша Мұқашқызы
Жоспар
- Математика ұғымына байланысты мақал – мәтелдерді пайдалану.
- Математикалық сөзжұмбақтар пайдалану.
- Қазақ халқының қызықты есептері.
- Математикалық әзіл есептер.
- Тәулік мезгілдері.
- Киелі 7 санына байланысты ұғымдар.
- Қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану.
Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – мұғалімнің міндеті. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуда математика сабағының әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Оқушылардың жас ерекшелігін, қаблетін, ой өрісін ескере отырып, сабақ барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлінуі керек. Ол үшін сабақ барысында үнемі әртүрлі ойын есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, қазақ халқының қызықты есептерін қолданған жөн.
Математика ұғымына байланысты мақал – мәтелдерді пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларына тек пәндік білім, білік дағдыларды меңгеріп қана қоймай, ұлттық мұралар туралы мағлұмат айтып, ұлттық ойындармен таныстыру, олардың тәрбиелік мақсатын түсіндіріп, сабақ барысында қолдану.
Мысалы : математика сабақтарында мақал –мәтелдерді пайдалану.
- Көпті көрсе – көл болар.
- Көп алғыс – көгертер.
- Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
- Көсеу ұзын болса, қол күймес.
- Кең болсаң, кем болайсың.
- Өмір – үлкен мектеп.
- Кіші баланың ұятын үлкен бала көтереді.
Мұндай мақал – мәтелдер “ көп ”, “ аз ”, “ кең ”, “ тар ”, “ ұзын ”, “ қысқа ”, “ кіші ” т.б ұғымдардын қалыптастыруға көмектеседі.
Математикалық сөзжұмбақтар
- Сөзжұмбақ “ Еркем – ай ”
Көлденеңінен : 1. Қой өз төлін қалай еркелетеді ?
2. Сиыр өз төлін қалай еркелетеді ?
3. Мысық қалай еркелетеді ?
4. Түйе баласын жақсы көргенде қалай атайды ?
5. Жылқы қалай жақсы көреді ?
6. Ешкі қалай жақсы көреді ?
7. Қабан қалай жақмы көледі ?
8. Ит қалай жақсы көреді ?
Қ
О
С
Ы
Л
Ғ
Ы
Ш
Жауаптары: 1. Қоңырым , 2.Торпағым , 3.Соқырым , 4. Боташым , 5. Құлыным , 6. Лағым , 7. Торайым , 8. Күшігім.
- Сөзжұмбақ “ Халық шығармашылығы ”
Тігінен: 1 Қазақ қаздарының бұрымына тағатын әшекейі.
2 Өнер саласы .
3 Заттарды нақыштаудағы нақты өрнек түрі.
4 Үрлеп тартылатын аспап.
5 Зергерлердің затты әсемдеу әдісі.
6 Айт мейрамында айтылатын ән.
Ш Е Ң Б Е Р
Жауаптары: 1.Шолпы, 2.Театр, 3.Таңдай, 4.Сыбызғы, 5.Бедерлеу, 6.Жарапазан .
- Сөзжұмбақ “ Туыстық атаулары ”
Көлденеңінен: 1. Ағайынды адамдардың әйелдері .
2. Бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының туыстық атауы
3. Әйел адамының жасы кіші туысы.
4. Құда-құдағиларға киім ретінде берілетін сыйлық.
5. Қыз беріп, қыз алған екі елдің күйеу мен келінге қатысы.
6. Күйеу мен келіннің ата-енелері .
7. Ата-ана үшін баласының әйелі.
Б
Ө
Л
І
Н
Д
І
Жауаптары: 1. Абысын, 2. Бөле, 3. Балдыз, 4. Киіт, 5. Қайын, 6. Құда, 7. Келін.
- Сөзжұмбақ “ Бөлгіш ”
Көлденеңінен: 1. Бөлудің компаненті .
2. Аласаға қарсы ұғым
3. 5*10 нешеге тең болады .
4. Бөлудің компаненті .
5. Геометриялық фигура .
6. Геометриялық фигура .
Б
Ө
Л
Г
І
Ш
Жауаптары: 1. Бөлгіш, 2. Биік, 3.Елу, 4. Бөлінгіш, 5. Тікбұрыш, 6. Шеңбер.
Қазақ халқының қызықты есептері.
1. “ Ата босаң ақыл айт ”. Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше жан отыр? Ақыл айтсаң, мақұл айт.
Жауабы: 3 жан. Әкесі,баласы, немересі.
- “ Салт аттылар ”. Айдала. Көзге түртсе көрінбейтін айсыз түн. Суыт жүрістілер аян жүріспен келеді. Екі ауыл арасы ет пісірімдік жер. Жаппадан жылт еткен сәуле сөніп, өшті.Осы сәулені үй иесі көре ме, әлде салт аттылар бұрын көре ме?
Жауабы: Ешқайсысы көрмейді себебі сөніп, өшті деген сөз өшті ұғымын береді.
- “ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне – бірі:
– Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді.Олар бірін – бірі қалай көреді?
Жауабы: Қарғалар бір-біріне бетпе-бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.
- “ Жылқы атасы – Қамбар ата ”. Бірде біздің ауылда ар жарыс болып, тайлы-таяғымызбен дон басына барғанымыз әлі есімде.
Аттың көркі жал емес пе,
Адам көркі мал емес пе ?- дей келіп, әкем маған:
– Анау үш пар атты көрдің бе? – дейді.
Мен көрдім дедім. Әкем одан әрі: 3 пар ат 8 шақырымға шапса, бір пар ат неше шақырым шабады? – деді.
Жауабы: Ол да 8 шақырым шабады.
Математикалық әзіл есептер
Оқушылар шаршағанда сергіту мен қатар, ойлауға, тез тапқыштыққа үйрететін әзіл есептер.
- 4 жұмыртқа 4 минутта піседі.Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
Жауабы: 4 минут.
- Бақтиярдың 4 ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?
Жауабы: 5 бала. 4 ұл және олардың қарындастары 1 қыз.
- 1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр?
Жауабы: Бірдей.
Тәулік мезгілдері
Қазақ халқы сағат болмаған кезде күнге, көлеңкеге, аспанға қарап уақытты біліп отырған. Ал қәзір біз күнге қарап, тәулік мерзімдерін үйренеміз.
Сәресі – күн шықпай
Тәңертең – күн шыққан кез
Сәске – сағат 10 – дар шамасы
Түс – сағат 12 – лер шамасы
Бесін – сағат 2 – лер шамасы
Кіші бесін – сағат 4 – тер шамасы
Намаздыгер – күн батпай
Намазшам – күн батқан кез
Құтпвн – хұлдыз щыққан уақыт.
Киелі 7 санына байланысты ұғымдарды айту.
7 ата 7 күн
1. Бала 1. Бүгін 1. Дүйсенбі
2. Әке 2. Ертең 2. Сейсенбі
3. Ата 3. Бүрсігүні 3. Сәрсенбі
4. Арғы ата 4. Арғы күн 4. Бейсенбі
5. Баба 5. Ауыр күн 5. Жұма
6. Түп ата 6. Соңғы күн 6. Сенбі
7. Тек ата 7. Азына 7. Жексенбі
Қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану
Мына өрнектердің мәнін тауып орнына қойсаң, мақал сөз шығады.
4*9 = ж 2*9 = м 3*9 = к 6*8 = г 8*10 = а 9*3 = н 4*8 = п 5*9 = с 100*1 = д 100:10 = ы 5*5 = е 5*3 = л 3*7 = і 5*4 = з
|
36 |
80 |
18 |
80 |
27 |
100 |
10 |
9 |
|
32 |
25 |
27 |
ж а м а н д ы қ п е н
|
36 |
80 |
9 |
45 |
10 |
15 |
10 |
9 |
|
25 |
48 |
21 |
20 |
ж а қ с ы л ы қ е г і з
Оқушыоардың ойлау белсенділігін дамытатын жұмыстардың бір түрі – ойын. Ойын – оқушыларды сергітіп, сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Осыған байланысты мынадай ойындарды мысалға алайық. “Ақ сүйек”, “Бәйге”,
“Ою құрастыру” ойындарын барлық сабақтарда қолдануға болады.
“Ақ сүйек” ойыны.
Ойынға бүкіл сынып оқушылары қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнында “ақ сүйек” тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол оқушы ақ сүйекті алады. Ал, көп ақ сүйек жинаған оқушы жеңімпаз болады.
|
12 |
7 |
9 |
4 |
||
|
3 |
5 |
“ Ою құрастыру ” ойыны.
Ойынның шарты: Жеке оюлардың сыртында тапсырмалар жазылады. Сол тапсырмаларды орындау арқалы оқушылар ою құрастырады.
16:4 72*2
100-2 15*2

сабактын курылымы жаксы курыстырылган