Табиғаттың тарылтпайық тынысын
Машакова Шынар
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы
№3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: «Табиғаттың тарылтпайық тынысын»
Мақсаты: Оқушылардың қоршаған орта жайлы танымдық әрекеттерін
шыңдау,табиғаттағы сұлулықты көре білуге,қоршаған ортаны,
табиғатты аялай білуге үйрету, экологиялық мәдениетін
қалыптастыру, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Барысы:
«Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат пен мейірі мен шуағын жүрегімізге ұялатқан Ана»
М.Жұмабаев.
Көрініс: «Аналар мұңы»
Ана немересімен шығады.Жай басып Жер анаға жақындайды.
Ана:Амансың ба,Жер ана? Көрмегелі көп болды,күнкөріс күйкілжіңі мойын бұрғызбады.Әдейі арнап немеремді алып,амандасып жүз көріскелі келдім.
Жер ана: Амансың ба,Ана? Немереңнің өмірі ұзақ болсын.Келгенің дұрыс болды. Өзіңді асыға күтуде едім. Қаладағылар аман ба? Өзіңнің өңің сынық қой,шаршағансың ба әлде?
Ана: Иә,дұрыс айтасыз, Жер ана! Қалаға барғалы күннің көзін де дұрыстап көре алмадым. Бір түрлі тұманданып, қошқылданып, тіпті кейде түнеріп тұрады. Көшеге шығып көкірегіңді керіп демалсаң, көкірегің көк түтінге толады.
Жер ана: Дұрыс айтасың.Ай сәулесі сағалап, өзен жағасында сырласа тылсым түнді жамылған ғашықтар тыныштығыңды ұрлады ғой. Мен бәрін сезіп тұрмын .Бұрыш-бұрыштан айқалаған музыка сендер тұрмақ менің де тыныштығымды бұзады.
Ана: Осының бәрін адамдардың өзі ғой жасап жатқан. Зауыт мұржалары мен машина түтініне қақалудамыз.Айтып жатса да адамдар санасына жетер емес.
Жер ана: Өзің көрген аңдар мен жануарлар да өкпелі ме,кете бастады.Оның қалған бір-екі талын «Қызыл кітап» дей ме,соған жазып қоя салады. Мен жетім қалармын өсти берсе.
Немересі: Жоқ,әжетай! Олай болуы мүмкін емес! Мына біздер ағалар қатесін түзерміз! Омырауыңды гүлге орап,баурайына бақ орнатамыз.
Ана: О,Жер ана,кешір бізді,күндеме тентегіңді,
Көрдік рас,көбісін еркеліктің,
Әркім бірақ не ексе,соны орады,
Көсіп алып жатқам жоқ мен тегінді.
«Жер зардабы енді қайтіп келмесін» деп,
«Жауыздықты Жер ана жерлесін» деп
Сөйлеймін мен төтенше елшіндей бір
Ұлдарымды мақтан ғып «Гүл ексін» деп.
Немересі: Рухы мықты азаматтар дүниеге келсін десең
Ана: Халқымыз бақытты да мәнді-сәнді өмір сүрсін десең
Жер ана : Ауамыз ластанбай, көліміз тартылмай, суымыз ластанбасын десең, табиғатты қорғайық!
Ана: «Сәкеңді туған, Абайды туған, құрметте,достым, қазақтың жерін» деп ақын ағаларымыз айтқандай, Жер ананы құрметтейік!
Мұғалім сөзі: «Барша байлықтың анасы-Жер.
Жерді күтіп баптай білу,оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре білу өз қолымызда»
Ыбырай Жақаев
Бүкіл әлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: күн ана, жер ана,ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді.Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды. Сондықтан адамзат Күнді, Жерді анадай ардақтайды. Күн-барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Ал,жер ана тіршілікке нәр беріп,анамыздай асырап жатыр. Халық жер ананы әулие тұтады.
Жер жаһанымыздағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет-су. Өмірге ең қымбат, ең қажетті болғандықтан, халық судың шығып жатқан жерін «әулие бұлақ» дейді.
Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе-ауа.
Оқушы: Туған жер-әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген мекені. Туған жердің барлық табиғи қадір-қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойына тарайды.
Тәңіріме бас иіп бағынамын,
Туған жерді аңсаймын,сағынамын.
Туған жер деп соғады жүрегім де,
Басымды иіп өзіңе табынамын.
Оқушы: Туған жердің тағдыры біздің ата-бабамызды ерекше толғандырған. Оның әрбір ағашын,тасын,бұлағын аялай білген.
Атамекен-жанға жайлы сая бақ,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау,
Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен ананың,
Туған жердің табиғатын аялау.
Хор:Табиғатты аяла
«Табиғат туралы ой-бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ойы»
Ч.Дарвин
Оқушы: Ой,балалар,балалар!
Неткен әсем хош иістер аңқиды,
Тынысыңды ашып дене балқиды.
Ағзадағы микробты өлтіретін фитонцид,
Бәрі-бәрі жапырақтың құрамына енеді.
Бәрі таңданып жиналып тұрғанда,сахнаның шетінде жапырақты жинап өртеп жатқан оқушыны көріп,бәрі сонда жүгіріп.
Оқушы: Әй,әй,әй бала бұның не?
Әй,Әй,Адам!
Саған Алла сана берген жоқ па еді,
Неге өртейсің жапырақты,керегі жоқ па еді?
Жо-жоқ! Табиғаттың өз бергенін өзіне бер,
Жылатпағың мына тұрған ағашты.
Қарт ана: Балалар! Әй Балалар! Мына жапырақты өртегелі жатырсыңдар ма? Обал болады. Бұны керекке жарату керек. Біз ертеде осы жапырақты малға қорек етіп, үйге қыста, жазда отын еттік қой.
Оқушы:Ой біз оны білмейді екенбіз? Күзде жапырақтан көп нәрсе жоқ қой. Аяқ алып жүре алмаймыз. Апа, апа қалай отын болады?
Қарт ана: Малдың қиына жапырақты, қураған шөп қалдығын қосып шаптап кептіріп, одан соң жинақтап қоямыз. Жақсаң жылуы қандай? Көмірдің жылуындай. Нан пісірсең қандай тамаша!
Оқушы: Нан,нан пісірсек… Ой,Алла! Апа қазірде пісіруге бола ма?
Қарт ана: Болған да қандай! Дәмі қандай шіркін!
Қарт ана: Иә, балалар! Осы қазір табиғат байлығының алай-түлейі шығып кетті ғой. Өздерің қамқор болыңдар. Бұдан да қиын,жоқшылықта…
Қазағым үйін тігіп ауыл болған,
Бастарын біріктіріп қауым болған.
Егін егіп,ысырапсыз жинап алып,
Ұрпаққа қалдыруды тағы ойлаған.
Міне,қарақтарым,ертеден жиналған байлық қой.Жер жомарт,қадіріне жетіңдер.
Оқушы:Әй,бәрін қоя тұрып мына ағаш тамырына қамқорлық жасайық.
Қара мына тамыр жатыр ырсиып,
Суық ауа кірер оған тырсиып.
Күні ертең көктер кезі келгенде,
Өліп-өшіп тіршілігін жояр қушиып.
Оқушы: Жапырағын жинап алып тамырына тастайық,
Суықтан қорғап,ылғалды жерде сақтайық.
Бұл жапырақ топырақтың құнарына айналсын,
Өстіп,достар,табиғатты қорғайық!
Қорытынды сөз: Табиғатты аялау, көркейту жұмыстарында ата-бабаларымыздың ежелгі экологиялық қаидаларына арқа сүйегеніміз жөн. «Бабалар еккен шынарды балалары саялайды»,«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген ұлағаты мол ұғымдарды ұмытпайық.
Жасыл бақтың бағалап қасиетін,
Наурыз келсе он ағаш өсіретін.
Бабалардың жыл сайын жалғастырып,
Ұмытпайық өнеге-өсиетін.
