Тәуелсіздік шежіресі

Машакова Шынар

Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы

№3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Тәуелсіздік шежіресі!

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы,  жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін одан әрі толықтыру. Отанды сүюге, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенің аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыруғу тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, теледидар макеті.

Сабақтың түрі: телехабар.

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар біздің мектебімізге келген қадамдарыңыз сәтті болсын! Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республика атанғанымызға 18 жыл уақыт болыпты. Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызға қош келдініздер!

Данасымен батыры көп қазақпын,

Көрге талай қияметін азаптың.

Аршындаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсің, тәуелсіздік азат күн-

дей келе ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын. Бүгінгі тәрбие сағаты телехабар түрінде өтпекші. Ендеше алдымыздағы теледидарға көз жіберейік.

Теледидардан: (диктор)Құрметті көрермендер, бүгін сіздерді №3 орта мектебінің  2 «А» сынып оқушыларының «Тәуелсіздік шежіресі» атты тәрбие сағатын тамашалауға шақырамыз.

Біздің бағдарламада: 1Тәуелсіздік шежіресіне ой жібереді (тарихынды таны атты бөлім)

Диктор: 1986 жылы желтоқсан айының 16 күні қазақ жастары  ‘’Әр республикаға өзінің басшысы ,, ‘’Қазақстан жасасын !,, Езу мен қанаусыз еркін, ерікті даму үшін! деген сияқты қазақ, орыс тілдерінде жазылған жазбаларын жая ұстап, бейбіт шеруге шықты. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрә қаралы қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат Қайыркелді, Түгелбай, Сабира, Ербол; Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Ендеше сол желтоқсанның ызғарыңдағы мыңдаған боздақтардың рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймын.

Хор: ‘’Желтоқсан желі,,

Диктор: Осы көтерілістің арқасында 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап тәуелсіз егеменді ел болдық.

Диктор: XXI ғасыр білім ғасыры. Тіршіліктің асылы мен жасығын таразылайтын тарихқа зер салсақ   XX ғасырдың біздің халқымызға сыйлаған ғаламат оқиғасы-мемелекеттің тәуелсіздігі.

Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Енді ең басты бақытымыз тәуелсіздік шежіресіне ой жіберелік.

 

 

 

 

 

1991 жыл

3-ші оқушы: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы кеңесі Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.

Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.

Тәуелсіз Қазақстаным!

4-ші оқушы: Мөлдір аспан, көк аспан,

Сол аспанға жарасқан.

Самолёттей сұңқармен,

Ұшқыш болғым келеді.

1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері  Т. Әубәкіров ғарышка самғады.

 

 

 

 

 

1992 жыл

5-ші оқушы: 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны бекітілді.

Өзіндікі, туын да,

От пен ауа, суын да

Жаса Қазақстаным!

Белді, бекем, буын да

(Тудың суреті көрсетіледі)

 

6-ші оқушы: Елтаңбамен таңылар, жұртқа мәлім,

Қос шырақтай, самғаған, қазақ елім.

Бірлігіңді көрсетіп шаңырағың.

Көркейте бер, Қазақстан- байтақ елім.

(Елтаңба көрсетіледі)

7-ші оқушы: Батырлықтың уызына жараған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар болмаған деп әнұран

Хор: ҚР әнұраны.

 

 

 

 

 

1993 жыл

8-ші оқушы: 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш            ‘’Ата Заны ,, қабылданды.

Көк туым, көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым ’’Ата заңым,, қабылданып.

9-шы оқушы: Қазақстан Республикасы демократиялық зиялы және біртұтас мемлекет. Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді, және оған қол сұғуға болмайды.  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-данам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

 

 

 

 

 

1994 жыл

10-шы оқушы: Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда қазақ халқының екінші қыран ғарышкері Т. Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.

Ұшқыш, ұшып келеді,

Аспанымның төрінде.

Аспанымды зерттейді,

Ұшқыш, ұшып көгімде

 

 

 

 

 

1995 жыл

11-ші оқушы: 1995 жыл ЮНЕСКО шешімі бойынша ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны А. Құнанбаев атамыздың 150 жылдық мерей тойы атап өтілді.

 

 

 

 

 

1996 жыл

12-ші оқушы: 1996 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының

Конституциясына 1 жыл болды. 17-ші желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 5 жылдық мерекесі атап өтілді.

 

 

 

 

 

1997 жыл

13-ші оқушы: 1997 жылы 6 мамырда ел астанасы Ақмола қаласына көшті.

Астананың жарқырап шамшырағы,

Достарын қаншама рет қарсы алады.

Қазақстан халқына бақыт боп.

Астананың шашылып бар шуағы.

Вальс: ‘’Астана,, М. Омаров

 

 

 

 

 

1998 жыл

14-ші оқушы: Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасшымыз Н.Ә Назарбаев Қазақтанның 2030 даму стратегиясын жариялады.

 

 

 

 

 

1999 жыл

15-ші оқушы: 10 қаңтар президент сайлау нәтижесінде Н.Ә Назарбаев 7 жыл мерзімге ҚР Президенті болып қайта сайланды

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады, жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Шырақ етіп өмір нұрын.

Алыс тартты алдағы жол.

Арқалаған ардағым ол.

 

 

 

 

 

2000 жыл

16-шы оқушы: 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы. Шежіресі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.

1500 жыл жасы.

Тойлады сені Түркістан.

Егеменді ел жұртың

Ойланатын Түркістан.

Сан ғасырға кетсінші,

Самғап атын Түркістан.

Сені аңыз етсіңші.

Жалғыз халқын Түркістан.

 

 

 

 

 

2001 жыл

 

 

 

17-ші оқушы:

 

«Жүз жылға татитын-он жыл»Ел басымыз Н. Ә Назарбаев 2001 жылды Тәуелсідігіміздің 10 жылдығы деп жариялады

 

 

 

 

 

2002 жыл

18-ші оқушы: ‘’Денсаулық сақтау,, жылы деп жарияланды

 

 

 

 

 

2003-2005 жыл

19-шы оқушы: Ауыл жылы деп жарияланды.

 

 

 

 

 

2006 жыл

20-оқушы: Барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегисы қабылданды.

 

 

 

 

 

2007 жыл

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы.

 

 

 

 

 

2008 жыл

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы.

2009 жыл

«100 мектеп,100 аурухана» бағдарламасы.Осы бағдарлама бойынша ауданымызда 1 аурухана, 1 мектеп салынды. Осы сияқты Республикамызда 100 мектеп, 100 аурухана салынды.

Диктор: Тарихымыздың ой шежіресіне тоқтала отырып, біздің     елбасымыздың қандай жұмыстар атқарғаның байқадық.

Енді, кезекті сынып ішіндегі әріптесіме беремін.

(Көрермендермен сұхбат жүргізеді)

-Сіз өз ойыңызша болашақта Қазақстан қандай болады деп ойлайсыз?

-Сіз Тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұл-қыздары қандай болады деп ойлайсыз?

-Болашақ Қазақстанның ұл-қыздарына қандай ақ-ниетіңізді білдіресіз?

Диктор: Қымбатты көрермендер ‘’Тәуелсіздік шежіресі!,, атты телехабар түрінде өтліген тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

Мұғалім: Қорытынды сөз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше