Астана қаласы, №64 мектеп-лицей психологі
Муханбаева Жаркын Балмухановна
Психотренинг. Тақырыбы: «Отбасы татулығы»
Мақсаты: Отбасының жарастығы, татулығына, сыйластығына қалай қол жеткізуге болатындығын түсіндіру.
Сыныбы: 5 «а»,5 «ә»,5 «в»,5 «г»,5 «м»,5 «к»
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Көңіл-күйлерін сұрау.
Ойын ережесі
— бір-бірін тыңдау
— уақыт үнемдеу
— белсенділік таныту
— достық қарым-қатынас
— жағымды эмоция тудыру
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
1. Оқушылар өз аттарын және өзіне тән мінез ерекшелігін айтып шығады
2. «Отбасы суреті» әдістемесі
3.«Отбасы татулығы» өсиет әңгіме
«Отбасы татулығы» өсиет әңгіме
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен олмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ауыл ақсақалына келіп отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
Осы-ақ па?
Иә, — деді ақсақал. – Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, — деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
Сұрақтары:
1. Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Отбасы сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
3. Отбасы татулығы қандай табыстарға жеткізеді?
Қорытынды:
Достық ағашы
Шеңбер болып тұрып, бір қолдың жұдырығын жауып, бас бармақты жоғарыға қаратып, ағаш бейнесін жасау.