Без рубрики

тренинг "Достық дегеніміз не?"

 Астана қаласы, №64 мектеп-лицей психологі
Муханбаева Жаркын Балмухановна


Тақырыбы: «Достық дегеніміз не?»
Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.
Құрал –жабдық: қағаз, қалам
І. Ұйымдастыру кезеңі.  Мини –лекция.  Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» — дейді.
Достық- адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.
Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.
Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.
Дос қандай болу керек?
Адал
жомарт
адамгершілігі мол
қарапайым
мейірімді
Дос кешірімді
төзімді
ақылды
сабырлы
салмақты
кек сақтамау
ашықтық, бүкпесіздік

Келісімге келу бұл досың мен әр уақытта тату болу, бірлік те болуды білдіреді. Татулық, бірлік болған жерде береке, ырыс, молшылық болады және де ұрыс-керіс, дау-жанжал аз болады.
Ал, оқушылардың достарымен тіл табыса алуы үшін адам бойында адамгершілік қасиеттер мол болуы қажет, адам кешірімшіл, әр уақытта досыңа көмектесуге дайын болуы керек деген ой білдірді. Және мінездерін басқара алып досыңның қиындықтарына үнемі көмектесе отырып, алдамай, өтірік-өсектен аулық болу керек. Оқушылардың ойларын «Достасудан – бірлік, бірліктен – тірлік, тірліктен – жеңіс, жеміс, қуаныш, бақыт туындайды» деумен қорытындылауға болады.

Сұрақтары:
1. Достықты қалай түсінесің?
2. Халық достықты не үшін жоғары бағалаған?
3. Достық сезімі дегеніміз не?
4. Нағыз достықтың белгісі не?
5. Келісімге келу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
6. Келісімге келу, тіл табыса алу үшін не қажет?
Қорытынды:

Алғашқы жауын жауғанша

Данамен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын.
-Плащынды шеш, екеуіміз бірге жамылайық! — деді Бота.
— Шеше алмаймын, үстім су болады ! –деді Дана.
Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсті құрғақ, сен неге малмаңдай сусын. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» деп сұрады.
-Дананың плащы болды, ал менде көйлек қана болды»-деді Бота.
-Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарыңның алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрініп тұр –деді мұғалім. Екі қыз да ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.

Сұрақ: Дана мен Бота неліктен ұялды.
Сен Дана туралы не айтар едің?

Қорытынды:
• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Қорытындылай келе сабақ соңында «Достық ережесін», «Келісімге келу» және «Тіл табыса алу ережесін» жасадық.

Сызба 4.2

Достық ережесі

Келісімге келу ережесі

Жарайсың!
Уәдеңде тұр!
Кешірімді бол!
Бір-біріңді түсіне біл!
Жетістікке қуана біл!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.