Ұлағат болсын ұлыма, Ғибрат болсын қызыма.
Ата- анамен жұмыс
Утегалиева А.О.
Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Ұлағат болсын ұлыма,
Ғибрат болсын қызыма.
Түрі: жарыс сағаты.
Мақсаты: 1. Қазақтың ұлттық мейрамы негізінде халқымыздың салт-
дәстүрі, әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін дамытуды, ата-ана,
оқушы шығармашылығын ұштау.
2.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер, кесте, парақшалар.
Әдісі: топтастыру, ой қозғау, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, жалғастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №2. 2009 ж.
- Бастауыш сыныпта оқыту. №2.2009 ж.
- Тәрбие құралы. №1. 2008 ж.
- Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы.Рауан.1994 ж.
Өту барысы:
І. Тренинг: «Қандай түсті ұнатасың?» орналасу.
ІІ. «Мен саған – сен маған» тосын сұрақтар.
ІІІ. «Салт – дәстүрді білесің бе?» ой түйін.
ІҮ. «Ою – өрнек сәніміз» практикалық кезең.
Ү. «Жалғасын тап» мақал-жарыс.
ҮІ. «Ұлыс күні» топтастыру.
ҮІІ. Қорытындылау, марапаттау.
Құрметті ата-аналар, оқушылар 2 а және 3а сынып оқушылары, аналары әжелері қатысумен өткелі тұрған наурыз мерекесіне орай «Ұлағат болсын ұлыма, Ғибрат болсын қызыма» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзделсін бұлақ жалғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз – жыл басы! Дей отырып ортаға қатысушы отбасы мүшелерін шақырамыз. Әр топтан бір мүшесі шығып түс таңдайды.
«Қандай түсті ұнатасың?» орналасу.
Қызыл-белсенділік пен өмірлік күш-қуаттың түсі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар алдынан кездескен қандай кедергіден де қорықпайды.
Сары-жылу мен жарықтың түсі. Сары түс белсенді, өте көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынған адамдар.
Жасыл – тыныштық пен тұрақтылықтың түсі. Жұмысқа беріле кірісіп, барлық күш жігерін жұмсайды. Айналасындағыларға құрметпен қарайды.
Көк түсті ұнататындар –адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайды. Олар зұлымдықты, сатқындықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.
Ақ – шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл және қызба келеді, тез еліктегіш, өзінің ықпалына жеңіл беріледі.
Сұр түс – ұстамдылықтың белгісі. Бұл түсті ұнататын адамдар сыр мінез келеді, сезімін сыртқа шығара бермейді. Олар көзге түскенді, көпшіліктің қалың назарында болғанда ұнатпайды.
Түс таңдай отырып, топпен орындарына орналасады.
Ұлағат тобы –
Парасат тобы –
Ғибрат тобы –
Ақ босаға тобы –
Сайыс шарттары:
- «Мен саған-сен маған» тосын сұрақтар.
- «Салт-дәстүрді білесіз бе?» ой түйін.
- «Ою-өрнек-сәніміз» практикалық кезең.
- «Жалғасын тап» мақал-мәтел жарысы.
- «Ұлыс күні» топтастыру.
І кезең. Шарты: Мен сұрақтар қоямын, сіздер жалаушаны көтеру арқылы жауап бересіздер.
- Бір ғасыр өтсе де бұзылмай сақталатын ас. (құрт)
- Наурыз сөзі – қандай ұғымды білдіреді? (жаңа күн)
- Бір жылда неше мезгіл бар? (4)
- Көктемнің алғашқы гүлі. (Бәйшешек)
- Қазақша апта күндерін ата.(дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі)
- Жеті ата. (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
- Жеті қазына. (ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, берен мылтық, алғыр тазы, қыран бүркіт)
- Ұлттық ойындар.
- Түйе сүтін қалай атайды? (шұбат)
- Наурыз күні пісірілетін тағам. (наурыз көже)
- Наурыз көже неше түрлі дәмнен жасалады. (7)
- Малдың дене мүшелеріне байланысты ою-өрнектер.
- Байғазы қай кезде беріледі?
- Ораза кезіндегі тамақ ішу уақыттары мен аттары.(таңғы ас-сәресі, кешкі ас-ауыз ашар).
- Кіретін жаңа жыл. (қоян)
- Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей. (шолпы)
- Үрлеп ойналатын аспап. (сыбызғы)
- Айт мейрамында айтылатын ән. (жарапазан)
- Ерте туып тез жетілетін қозыны не деп атайды? (марқа)
- Өрнекті тақыр кілем. (алаша)
- Абайдың әжесі кім, анасы кім? (Зере, Ұлжан)
- Қазақ даласына алғаш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)
- Абылайдың шын аты. (Әбілмансұр)
- Бас табаққа қандай мүшелер салынады? (жамбас, бас, кәрі жілік)
2 кезең. «Салт-дәстүрді білесіз бе?»
Шарты: Әр отабасынан оқушы шығып парақша суырады. Берілген дәстүр түріне түсінік беру.
- Сыбаға – деген не?
Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-жуығына арнап сақтаған кәделі
ет мүшелерін-сыбаға деп атайды.
- Ерулік – деген не?
Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар
ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.
- Тоқымқағар – деген не?
Жас бала алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұндайда арнаулы мал сойылып немесе сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады.
4. Бәсіре – деген не?
Қыз ұзатылғанда немесе жиын алғаш келгенде меншіктеп, аталатын, ен салынған мал.
5. Сүйінші – деген не?
Қуанышты хабар жеткізуші адам Сүйінші! деп келеді. Мұндайда қуанған үй
иесі қалағанын береді.
- Сонар – деген не?
Бұл аңшылар үшін қызықты сәттердің бірі. Қыстың тұнық күні ұлпа қаржерге түскенде, жүрген аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күнді асыға күтеді,ізіне түсіп соғып алады.
3 кезең: «Ою-өрнек сәніміз»
Шарты: Алдарыңызда түсті қағаз, ақ қағаз, қайшы, желім берілген. Әже ою ояды, оқушы жапсырмалайды, анасы түсінік береді.
Ән: «Қонжығым».
4 кезең: «Жалғасын тап».
1. Ананың сүті бал,
Баланың тілі бал.
- Оқу – білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
- Отан-оттан да ыстық.
- Отансыз адам –ормансыз бұлбұл.
- Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
- Ел іші – алтын бесік.
- Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
- Ата көрген оқ жанар,
Ана көрген тон пішер.
- Талапты бала талпынған құстай.
- Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
- Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы.
- Анаға құрмет –
Балаға міндет.
Қорытындылау, марапаттау.
Ұлы халқым есептескен текпенен,
Ата салтын ешкім аттап кетпеген.
Мың пәледен құтқарады бір бата,
Адам болмас бата естіп өспеген.
Қарт адамның батасы.
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,
Егіндікөл ауылы.
