Бастауыш сынып

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
№15 қазақ орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Сейткалиева Светлана Несіпбекқызы

(Патша сарайының уәзірлері мен ханшайымдары ертегілер әлемінің табиғатын тамашалап келеді.)
1-уәзір: Уа. Уәзірлер, қараңдаршы! Үлкен мереке болғалы жатыр ғой деймін, көп қонақтар отыр.
2- уәзір: 1-сыныпта үлкен қуаныш екен, «Әліппемен қоштасу ертеңгілігі болады» деп естідім.
3- уәзір: Ой, неге тұрмыз, патшамызға хабарлайық!
Ханша: Уәзірлер, қараңдаршы! Осында патшамыз да келе жатыр.
Уәзірлер: Патшамыз, төрлетіңіз, отырыңыз.
Патша: Уа, уәзірлерім, ертегі әлемінде не болғалы жатыр?
1-уәзір:Қымбатты патшамыз, бүгін 1-сыныптың ертегілер еліне келіп ән айтып, би билейтінін, Әліппемен қоштасатынын, сауаттарын ашып, әріп танып алғандарын ұзынқұлақтан естідік.
Патша: Не дейді? (Ашуланып қолындағы алтын таяғын 2-3 рет қатты ұрып) -Осыны ұйымдастырған кім екен, шақырыңыз!
Уәзірлер: Құп, тақсыр! (Екі уәзір ұйымдастырушыны қолдарынан жетектеп ортаға патшаға әкеледі)
Патша : -Менің рұқсатымсыз неге Әліппемен қоштасқалы жатырсыздар ?
Елдос:
1- жүргізуші:Иә, білім патшасы, кешіріңіз. Сіз бүгін бізді тоқтата алмайсыз. Менің достарым сіздің еліңіздің барлық әріптерін танып, біліп, үйреніп, жазып оқу алатын жағдайға жетті. Осы қуанышымызды мына жұрттың алдында паш етеміз. Одан да ашуыңызды басып 1 «А» сынып оқушыларының өнерлерін тамашалаңыздар. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Патша: -Жарайды , онда рұқсат берейін, өнерлеріңді көрейін.
Аяулым:
2- жүргізуші: Рахмет, білім патшасы!
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңыздар.
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.
Елдар:
3-жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға..
(оқушылар кіреді)
Мұғалім:
-Құрметті ата-аналар , ұстаздар, оқушылар ! Бүгін сіздер 1 «А» сыныбы шәкірттерінің «Әліппеге рахмет !» атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы-Әліппе. Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше мерекемізді бастаймыз.
Оқушылар:
Армысыздар, құрметті ұстаздар!
Ардақты ата-аналар !
1-жүргізуші:1 «А» сыныбы оқушыларының «Әліппеге рахмет !» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер !
2-жүргізуші:
Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз.
3-жүргізуші:
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз
Мұғалім:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не ?
Оқушылар:
Ол, сүйікті Әліппе !
Мұғалім :
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық !
Оқушылар: Әліппе ! Әліппе ! Әліппе !
(6 оқушы шығып кетіп Әліппені алып келеді, қолдарында Әліппе жазуы бар шар)
Әліппе:
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар, ата –ана !
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім-көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық !

Мұғалім: Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ.
Әли: Ә — әлемді
Захира: Л – легімен
Алихан: І – ізгілік
Инабат: П – парасатпен
Бақытжан: П – паш
Дилана: Е – етеміз.
Мұғалім:
— Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей , рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету-біздің міндетіміз. Сондықтан біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.
-Балалар, білім алу үшін ең алғаш қайда келеміз ?
Оқушылар:
Мектепке келеміз
Мұғалім: Мектеп туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер ?
Данияр : Мектеп кеме, білім теңіз.
Дильназ Ғ.:Мектеп-білім ордасы.
Мұғалім: Ендеше , «Біз өмірдің гүліміз» әнін орындап жіберейік
Ән: Біз өмірдің гүліміз.
Мұғалім: Қане, балалар, Әліппеге арнаған қандай өлеңдерің бар, айтып берейік.
Абылай:
Іші толы әріпке
Мынау әйбәт Әліппе.
Барлық ілім-білімнің
Әжесі осы Әліппе.
Маржан :
Әліппем, менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңі сәуле жарықпен
Нұрсұлтан:
Ата-апа атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе
Бізге нағыз жақынсың
Сенен білдік әріпті.
Мөлдір:
Арта берді кітапқа
Бойымдағы құмарым.
Бірге жүрген қасымда
Кітап болды сыңарым
Жанұлан:
Әсем ою өрнекпен,
Көмкерілген Әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.
Дилана:
Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе.
Ән: Айгөлек
Мұғалім:
-Балалар, біз 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды , жазуды үйрендік. Әліппемен қоштасу тек біздің ғана мектепте ғана емес, бүгін біздің еліміздің мыңдаған балалары «Әліппе» кітабын бітіргендерін мерекелеуде.
Балалар, Әліппеден өткен әріптер туралы қандай өлеңдер білесіңдер ?
Азамат:
Алфавитің «А» тұрады басында ,
Жеңіс:
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Аяулым:
Байқайсың ба «Б» тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде ?
Тоғжан :
А-деген ол аналар ғой ардақты,
Ә-деген ол әкелер ғой салмақты
Б-деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі
Хормен:
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Ән «Әліппе»
Мұғалім:
-Балалар, біз Әліппеден оқу, жаза білуді үйренсек, ал математикадан санауды, есептеуді , сандарды жаза білуді үйрендік. Ендігі сөзді математикаға берейік.
Бақытжан: (Математика)
Мынау менің кітабым,
Аса құрмет тұтамын
Шөліркесем ашып сан
Білім нәрін жұтамын
Біздің келер шамамыз
5-ке 3-ті қосамыз
10-нан 5-ті алып,
Жауабын тез табамыз.
Мұғалім:
-Балалар, математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіңдер ?

Ендеше сандарды сөйлетіп көрейік.
Инабат :
Бір дегенім-білім,
Білім-жарық күнің
Мухаммадали :
Екі-дегенім-еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Маржан :
Үш дегенім-үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.
Данияр :
4-дегенім талап,
Талмайтұғын қанат.
Абылай :
5-дегенің бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.
Захира :
6-дегенің арман,
Атар таңың алдан.
Дильназ Ғ.:
7-дегенің жігер,
Жеңер жолын білер.
Дильназ А :
8-дегенің –сенім,
Сүйенішің сенің.
Нұрсұлтан :
9-дегенің талғам,
Тура жолға салған.
Жанұлан :
10-дегенің –Отан,
Отанды сүй ботам.
Мұғалім:
Балалар, біз сандарды сөйлеттік . Енді қазір мен сендерге есептер айтып математика пәнінен білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып, шешіңдер.
1. Оң қолымда 5 алма,
Сол қолымда 5 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма ?
2. 5 алманың үшеуін ,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады ?
3. Сымда 5 үйрек отыр еді, екеуін үркітіп жіберсек, нешеуі қалады ?
Мұғалім:
-Балалар,біз әлі бағаланбаймыз, бірақ жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін , бағаларды сөйлетіп көрейік.
Жеңіс:
1 дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.
Ақнұр:
2 дегенің нашар баға,
Інішегім нашарлама.
Камила :
3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
Аяулым :
4 дегенің жақсы баға ,
Алады оны жақсы бала.
Тоғжан :
5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
Мұғалім:
-Балалар, ең жаман бағалар қайсы екен ?
-Ендеше бұл бағаларды ортамыздан аластатайық . (уәзірлер алып кетеді)
-Ендеше , ең жақсы бағалар қайсы екен ?
-Әрине ол, 5 пен 4. Ендеше ол бағаларды ортамызға алайық.
Елдос:
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,-деп Абай атамыз айтқандай , 42 әріпті үйретіп, білімге жетелеген алғашқы ұстазымызға алғысымызды айтып, әнімізді арнаймыз.
Ән: Ұстазым
Мұғалім:
-Балалар, біз математикадан да білімімізді көрсеттік. Енді Әліппемен қоштасатын да кез келді.
Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен.
Біз Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше Әліппеге не деуіміз керек ?
Хормен:
Әліппеге рахмет !
Елдар :
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Әліппе:
-Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын, сау болыңдар !
Хормен:
Қош, қош Әліппем!
Аяулым :
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп, шықты міне балаңыз.
Би «Қаражорға»
Мұғалім:
-Міне біз белгілі білім еліне саяхат жасап, білімімізді көрсеттік. Әліппені оқу барысында ата-аналардың қосқан үлесі өте мол. Бақытты балалық шағы үшін, ата-аналар сіздерге көп рахмет !
Мұғалім :
Енді ата-аналармен бірлесіп «Тапқыр достар» атты ойын ойнайық.
Ойын.
Мұғалім:
Келесі би сіздерге арналады, аяулы ата-аналар , қабыл алыңыздар !
Қоштасу вальсі.
Шығыс биі. Аяулым.
Мұғалім:
— Балалар, сендер « Әліппені »бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі келеді.
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-ұраным
Ана тілім-құралым.
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Хормен:
Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық.
Ана тілі:
Төтеп беріп сынға
Қайыспаған ауырға
Адал болып досына
Бас имеген жауына
-Елдің атын кім дейміз?
Хормен: ( Қазақ елі )
Таулары бар ең биік
Даласы бар жер ұйық
Бұл қай ел?
Хормен : (Қазақстан)
Ана тілі: Биыл елімізде қандай мереке бар ?
Елдар :
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20жыл толады.
Ана тілі:
-Ал сендер Тәуелсіздіктің 20 жылдығына қандай үлес қостыңдар ?
Көрініс «Шаңырақ»
Елдос:
Біз 1 «А» сынып оқушылары
-Нені үйрендік ?
1. Алихан -Оқуды
2-Мөлдір Жазуды
3-Данияр есеп шығаруды
4-Дильназ А: ән айтуды
5-Аяулым: би билеуді
6-Инабат: үлкенді сыйлауды
7-Дилана: кішіге қамқор болуды
8-Захира :елімізге жақсылық жасауды
Біз нені ажырата білеміз ?
9-Дильназ Ғ: жақсылық пен жамандықты
10-Нұрсұлтан: ақ пен қараны
11-Азамат: арамдық пен адалдықты
Біз нені сүйеміз ?
12-Абылай : Отанды
13-Маржан: ата-ананы
14-Бақытжан : халқымызды
15-Тоғжан :достарымызды
16-Мухаммадали :ұстазымызды
17-Камила: мектебімізді
Біз кім боламыз ?
18-Жанұлан: адал азамат,
19-Ақнұр: ақылды ару
20-Жеңіс: оқымысты ғалым
Елдар: Және Тәуелсіздіктің туын биік ұстайтын
Хормен : елін сүйген ер «боламыз»
Елдар :
Жаса менің Отаным-Қазақстан.
Аяулым:
Мен өзіңді өте жақсы көремін!
Елдар :
Мен сенімен мақтанамын!
Ән: Отан
Патша:
-Мынандай , білімді, өнерлі, тәрбиелі, тату, ұжымы жарасқан, елін, жерін сүйетін, Тәуелсіздік туын биік ұстап өсіп келе жатқан оқушылары бар мектепті ешқандай дау ала алмайтынына бүгін менің көзім әбден жетті. Ендеше, осы білім ордасында ұлттық рухты, дарынды балалар көбейе берсін деп тілеймін .
Мұғалім:
-Білім патшасының сөзіне мен де қосыламын.Біз сендерден үлкен үміт күтеміз.
Қымбатты балалар ! Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа , мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын !

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.