Қостанай облысы, Арқалық қаласы. Ш.Уәлиханов атындағы
№1 жалпы орта білім беретін профильді мектептің психологы
Сатыбалдина Мақпал Балтабайқызы.
Тақырыбы: «Менің мамандықтағы образым «
Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың
алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Эпиграф: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,
ойын ойнамағандықтан қартаямыз.»
Бернард шоу
Қатысушылар: мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық жұмыс
Көрнекілік құралдар: тақта,бор,доп,ватман,фламастерлер.
Жоспар:
1 Шаттық шеңбері.
2. «Менің мамандықтағы образым»
3. «Баға жаттығуы»
4. «Менің алғашқы ұстазым»
5. «Менің ең қиын оқушым»
6.Жүргізілген жұмысты қорытындылау.
Сабақтың барысы.
Психолог:Саламатсыздар ма қымбатты ұстаздар! Ұлағатты ұстаз- ең алдымен, шәкіртіне өнерді, білімді үйретуші. Ұстаз шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан- жақты терең біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы меңгереді де шәкіртін білімге қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін ұшқырлап, білімін дамытады. Балалық өмірдің ең бір қызықты кезеңдері мектепте өтеді. Сол мектептің тұлғасы – ұстаз.
Ал, ұлағатты ұстаз алдында шәкіртінің орындайтын міндеттері мен парыздары өте көп. Ең әуелі, шәкірт ұстаз сөзін ықыласпен тыңдауға ісін, ілтипатпен үйренуге ұмтылуға тиіс деп ойлаймын. Сондықтан да, бүгінгі тренигқа қатысқалы отырған құрметті ұстаздар сіздерге іске сәт демекпін.
Тренингімізді шаттық шеңберімен бастаймыз.
Ортаға ұстаздарымызды шақырамыз..
Қазақ, орыс, ағылшын, американдықтар кездескенде бір-бірінің қолын алып амандасады.
• Италияда – бір-бірімен құшақтасады.
• Бразилияда – бір-бірін иығынан қағады.
• Македонияда – адамдар шынтақтарымен амандасады.
• Никарагуада – иықтарымен.
• Қытайлықтар бұрын кездескенде өздерінің қолын қысатын.
• Латиноамерикандықтар құшақтасады.
• Көне гректер кездескенде: «Құан!» дейтін.
• Қазіргі гректер бір-бірін «Аман бол!» деген сөзбен қарсы алады.
• Арабтар: «Әлем сенімен!» деген сөзбен қарсы алады.
• Навахо атты индейіцтер: «Бәрі жақсы!» деп бір-бірін қарсы алады.
• Австралиядағы аборигендер үш әрекетпен амандасады: қол соғады, секіреді, бір-бірін жанбасымен итереді.
Келесі жаттығуымыз «Менің мамандықтағы образым «деп аталады. Жаттығуымыздың мақсаты: кәсіптік іс-әрекет стилінің индивидуальдық шараларын іс-жүзінде өтеу.
Мұғалімдер шеңбер құрып турады. Психолог топтың әрбір мүшесіне алдарына оқушылар тұр деп елестете отырып сәлемдесуді ұсынады. Мысалы; «Сәлеметсіңдер ме балалар!» Бұл жерде фразаны жестпен, позамен, бет-әлпет қимылымен қуаттауға болады. Топ мүшелерінің барлығы сәлемдесіп болғаннан кейін жалпы талқылау өткізіледі. Сәлемдесудің қайсысы ашық және мейірімді, кімнің фразасы белсенді іс- әрекетке эффективті стимул болды, мұғалімдер бала позициясынан өз әсерлерімен бөліседі.
Тренингті қорытындыласақ,, Сәлем беру кезінде иманжүзділік, елжіреген сезіммен құрметтеу нышаны байқалғаны дұрыс. Сәлемдесу кезінде дауыс ырғағы сыпайы силасымды болғаны жөн. Жалпы, осылайша сәлемдесу арқылы жасалатын қарым-қатынас адамның адамгершілік қасиетінің ең жоғарғы көрсеткіші екенін есте ұстаған абзал.
Келесі жұмысымызға көшелік. Тақырыбымызды одан әрі ашу үшін, «Баға » жаттығуы.
Мақсаты: оқушыларды бағалаудағы өзара әрекеттесудің эффективті комуникативтік амалдарын өндіру.
Топ шеңбер құрып тұрады, әрбір қатысушы бір позитивті және негативті баға айтуы қажет. Алдымен негативті баға айтылады, мысалы, «Отыр 2»
Әркім бұл фразаны айтуда өз сөздерін, интонациясын, мәндерін қолдануға мүмкіндік береді. Талқылауда алдыңғы жаттығуда ұйымдастырылғандай топ мүшелері оқушы позициясынан сөйлейді. Психолог мұғалімге оқушыға негативті баға қойған кезде оған өзіндік жеке қарым қатынасының көрініс табуын және тәрбиеленушінің жақсырақ оқуға мүмкіндігі барына сенім білдіретіндігін көрсетеді. Негативті бағаны мынадай фразада айтуға болады: «Өте өкінішті, Анар бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр, сен өте қабілетті қызсың, жақын күндері өзіңнің екіңді жөндейтіндігіңе сенімдімін»
Оқушыны позитивті бағалағанда да баланың жетістігіне шынай ықуанышы мен психологиялық қолдаудың жаңа формаларының кәсіби амалдарын жетілдіруге болады. Мысалы, позитивті баға қойған кезде позитивті баға қойғандағы фраза төмендегідей болуы мүмкін: «Жарайсың, бүгін сені бес деп бағалаймын, ары қарай осылай оқуыңды жалғастыра бер»
«Менің алғашқы ұстазым» жаттығуы
Мақсаты: мұғалімдердің педагогикалық рефлекциялық қабілетін дамыту, жеке тәжірибелік әсер етулерін бағалау және анализдеу. Психолог топ мүшелерінің өздерінің алғашқы ұстаздарын естеріне алуды ұсынады. Оның балаларға қарым-қатынасы, сабақ түсіндіру мәнері, оқушылар жұмысын қалай бағалау, сыныптағы ахуал қандай болғанын естеріне алу қажет.
Кездесуімізді ең соңғы тренингіміз «Менің ең қиын оқушым» жаттығуымен аяқтаймыз. Мақсаты: мұғалім бойында балаға деген жағымды және эмоционалды қатынасын дамыту, қиын балалармен қарым қатынасты тәжірибе алмасу.
Топ мүшелерін шеңбер бойымен өздерінің тәжірибесінде кездескен бір қиын оқушы жайлы оның түр әлпетін, өзін сабақта қалай ұстайтындығы оның үлгерімі, соған байланысты қандай қиын ситуациялар болғанын және сол сияқты жайттарды баяндап беруді тапсырылады. Мұғалім оған әсер ету үшін қандай амалдар қолданғанын суреттеуі керек. Топ мүшелері өздерінің тәжірибесін пайдалана отырып ол балаға әсер етудің эффективті тәсілдерін табуға көмек береді.
Пікірлесуге арналған сұрақтар.
1. Ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасының бастауы не деп ойлайсыз?
2. Инабатты шәкірттеріңіз бар ма?
3. Инаббаттылық тәрбиеден бе, әлде туа біткен қасиет пе? Осы сұрақтар бойынша ұстаздарымыз өз ойларын ортаға салады.