Без рубрики

Жауапты мінез кұлық

Қостанай облысы, Арқалық қаласы. Ш.Уәлиханов атындағы
№1 жалпы орта білім беретін профильді мектептің психологы
Сатыбалдина Мақпал Балтабайқызы.

Тақырыбы: «Жауапты мінез-құлық-ЖҚТБ/АҚТҚ-дан қорғану»
1 Кіріспе сөз (тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)
Тақтада бірінен соң бірі слайдтар шығады.
Жоспар:
— «Қисық жол» әңгімесі
— Ашық сұрақтар
— «Карта » жаттығуы
— «Жас ағаш» сауықтыру сәті
— Жағдайды талдау
— Бос микрофон

2.«Қисық жол» деген оқиға оқылады.
Қолы бос кезінде Марат курьер болып жұмыс істейтін. Бір күні қаланың екінші басына маңызды құжаттар апару керек болды. Марат көп ойланбастан автобусқа мініп жүре барды. Жол алыс болғандықтан көзі ілініп кетті. Оянса, қолындағы бумасы жоқ екен. Есі шыққан Марат автобустан атып шықты. Не істерін білмей, дел-дал болған жеткіншек қала көшелерін кезіп ұзақ жүрді. Кенет, оның көзіне бейтаныс ауланың бұрышында отырған өзі шамалас балаларға көзі түсті. Марат бейтаныс жандардың қасына жақын келіп, бейне бір бұрыннан таныс адамдарша шүйкерлесе кетті. Ол өзінің басынан кешкен келеңсіз оқиғасын баяндап, жаңа достарынан кеңес сұрады.
Міне, содан бері Марат сабағын да тастады.Таныстары оны қаланың әр жерінде күмәнді жастар тобымен жүргенін көретін болды. Көрші аулада отыратын әжелер:
«Әсте Марат «қисық жолға» түсіп кетті-ау»-десіп жатты.

3. Ашық сұрақтар
-Марат қандай оқиғаға тап болды?
-Ол сабағын неге тастап кетті деп ойлайсыз?
Жаңа достары қандай кеңес берді деп ойлйсыз?
«Қисық жол» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Қисық жол» қайда және қандай нәтижелерге алып келуі мүмкін.
Оқушылар жауабы: 1-оқушы:Қисық жол дегеніміз теріс жолға түсу дегенді білдіреді.
2-оқушы:Қисық жол дегеніміз жаман балалармен достасып, жаман жолға түскен кезді айтады.

4. «Карта» жаттығуы
1.Біздің қалада (мектеп маңында) достарыңызға жүрме деген кеңес беретін жерлердің атын белгілеңіз де, атын жазыңыз.Сіз қауіпті деп есептейтін жерлерді белгілеп, қауіп-қатепр төнетін уақытты да көрсетіңіз.
Оқушылар карталарын тапсырады.Оқушылардың ойынша қауіпті жерлер: шұңқыр жерлер, құдық, водоем, бұзылған үй, т.б.

5. «Жас ағаш» сауықтыру сәті
Орындыққа отырып, аяқты бірге қойып, қолды төмен, арқаны тік ұстаймыз.Бір қалыппен дем шығарыңдар, қолдарыңды қалықтатып жоғары көтеріңдер. Алақандарыңды,саусақтарыңды біріктеріңдер.Барлық денемен жоғары тартылыңдар.Жоғары созылып, өздеріңді мықты,сымбатты жас ағаш деп ойлаңдар.Биік, тіп-тік жас ағаш күнге қарарй тартылады. Адам ағзалары да ағаш сияқты сергектікті, мықтылықты, күштілікті бойына жинақтайды.

6.Жағдайды талдау.
Мұғалім:
-Балалар, әңгімені зейінмен тыңдап,кейіпкердің қиыншылықты жеңуіне көмектесіңдер.
Тапсырма.
Менің Жандос, Азамат деген екі досым бар. Жандос еңбекқор, ол соңғы кезде үлкендер сияқты темекі шегетін болды, кейде арақ ішеді, қыздар оған көңіл аударады.Темекі шегудің ағзаға зиянды жақтары көп екенін мен естігенмін. Темекі шегетін, арақ ішетін адамдар жиі ауырады, қайғылы жағдайларға ұшырайды.
Ал Азамат болса өте сәнқой емес.Ол қашан көрсең де сергек, мықты, көңілді жүреді.Ол спортпен айналысады. Ал менің не істеуім керек?Жандосқа ерейін бе?
Әлде Азамат сияқты спортпен айналысатын сонымен дос болайын ба?
Денсаулық еліне жетудің жолы кімде?
Жандостың іс-әрекетімен жетеміз бе?
Азаматтың істегенін істейміз бе?
(Оқушылар жауабы тыңдалады.)
7. «Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрінде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір
бөліседі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.