Без рубрики

ЖҚТБ-ғасыр індеті

Қостанай облысы, Арқалық қаласы. Ш.Уәлиханов атындағы
№1 жалпы орта білім беретін профильді мектептің психологы
Сатыбалдина Мақпал Балтабайқызы.

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды әрекеттерден алақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: буклет, шарлар, шешендік сөздер,сахналық көрініс, «Салауатты өмір салты-біздің болашағымыз!», «Біз салауатты »т.б. ұран сөздері жазылған плакаттар.
Сабақтың түрі: кездесу
Сабақтың барысы:
Жүргізуші.Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынылғалы отырған «ЖҚТБ –ғасыр дерті»кездесуімізге қош келдіңіздер!.
Бүгін біз мектебімізге өздерінің ой-пікірлерін бөлісуге тікелей осы тақырыпқа қатысы бар маман иелеріне қонаққа шақырып отырмыз.
Олар:
1. Арқалық қаласы СПИД орталығының маманы Василий Николаевич Саяпин.
2. «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімінің » құқықтық тәрбие жөніндегі әдіскері Қалиев Дастан Сафарғалиұлы.
3. «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімінің » құқықтық тәрбие жөніндегі әдіскері Жұрмағанбетов Айнұр Қайроллақызы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
Ол әлеуемттік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әдеттерден аулақ болу деген сөз.

ЖҚТБ-қауіпті әрі жұқпалы дерт. Бұл дерт, яғни жұқтырылағн иммунитет тапшылығы белгіс туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естіді. 1983 1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады. 1986 жылы бұл ауруға «Адам иммун-тапшылығының вирусы» деген ат берді.
СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті.Содан жылжып 1970 жылдары Америкаға да жеткен. «Құлақ естігенді, көз көреді»-деген. Көп күттірген жоқ, қазақстанда алғаш сырқат 1987 жылы анқталды. Елімізде бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 200-ға жуық адам СПИД вирусын жұқтырған. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан,Алматы және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш еекі еселенген.
1987 жылы 23 сәуірде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады.
Қазіргі кезде елімізде ЖҚТБ/АҚТҚ дерті және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселелердің біріне айналды. Әсіресе, ЖҚТБ/АҚТҚ дерті жасөспірімдер арасында қатты етек алып отыр.
-Құрметті балалар, ЖҚТБ/АҚТҚ –ға байланысты сұрауларыңды әр түрлі маман иелеріне ауызша, жазбаша тапсрыуларыңызға болады.
(оқушылардың жазбаша, ауызша сұрақтары оқылады)

Жүргізуші:-Сөз кезегі СПИД орталығының маманы Саяпинге сөз беріледі.
-Слово предавставляется спец
алисту из центра СПИД-а Саяпину.(Саяпин сөйлейді)

Жүргізуші:
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын-дей отырып, жаман әдетке жақын болып, өмірін өксікке толтырып солдытқан жастарымыздың мына бір қиын тағдырына назар аударайық.
«ЖҚТБ құрбаны» сахналық қойылымы көрсетіледі.
Спид құрбаны
Төбе құйқаңды шымырлатып ышқына азалы да ащы әуен.Ағысы мен қағысы қатты адуын музыка аласұрып бебеулеп өртеп әкетіп барады.Жарқ-жұрқ етіп, жоғарыдан айқыш-ұйқыш, су-су сорғлаған өткір сәуле астында бүйі тигендей болып дөңбекшіген біреу.Біресе ұшып тұрып, біресе қайта құлайды. Құлайды да қайта тұрады.Есірік айғай.Сандырақ. Жан төзгісіз ауыр азапқа түскен адам.Аласұра шыққан азалы әуен баяулап барып саябыр тапқанда, қайғы мен қасіреттен қажыған адам ыңырана орнынан көтерілді.
Дәрігер::Уа, жігітім! Не болды сізге?Сен естисің бе мені?
(Сахнада адам төзбестей ауыр тыныштық. Жүзін мұң шалған адам сыртқа қарай сыр шашпай,іштей тілдесіп, өзімен-өзі болып отыр.
Жігіт: Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Өзіммен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шірігене картоп сияқты
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Сахнада мұңды әуен басталады.)
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр).
-Мен жағдайды әжептеуір отбасында дүниеге келдім.Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім.Бір сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім.Әке-шешем бар дегенімді жасады.Анда-санда әкем мен тентек болған кезде, айғайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар?!» -деп ара түсетін.
-Иә, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтыртта түсті.Жетінші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгірдім. Неге дейсіз ғой.Тәртіпсіздігім үшін.Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді ұлы бар екен.Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы наша «дегшен» пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым.нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?
Дәрігер:
Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын,
Ғаламат қымбат жемістің,
Инемен таза денеңді,
Тесуге неге келістің?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштең?
Төсекке асыл азамат,
Ауру меңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып, сөйлеп кетті.)
Достары:
Бұл тірлікте не тыңдырдың, не көрдің,
Құрбанысың СПИД деген кеселдің.
Ақтамай-ақ кетіп барады арманың,
«жалғыз бала» деп өсірген әкеңнің.
Кім кінәлі, аялаған анаң ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Анасы:

Дәрігер:
Жас жеткіншек!
Өздерің өлер кезде айтып кету борышым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, жоламаңдар сол үшін!
Азалы да ащы әуен қайта ойнайды.Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп, жерге құлайды. Бұл оның ақтық сөзі еді.

Жүргізуші: Өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен СПИД құрбаны Ерболдың бұл ауруды жұқтыруның басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі. Ең бастысы жаңағы Ерболдың 4-5 жылдай СПИД-пен ауыратынын білмеуі..Ендеше,осыған байланысты мынадай сұрақ түсті?
Сұрақ.Ербол қатты салқын тиіп ауруханаға түсіп, Дәрігерлер СПИД-пен ауыратыны жөнінде анықтама берді. Ербол төрт-бес жыл білмей неліктен жүріп қалды. Бұл аурудың белгілері қандай?Бұл сұрақ дәрігерге арналыпты.
Медбике сөйлейді!
Жүргізуші.Сізге көп рахмет, сұрауларыңыз бар ма?
Жүргізуші:
Ауыр дерт болып жетеді,
Әдет болып жаман кетеді.
Жаман әдетке жақ болсаң,
Өмірің қор болып өтеді.
Спортпен болып мәңгі дос,
Мағынасыз жүрме бос,
Жат қылықтан жатсын деп,
Достарыңа ақыл қос.
Сахнаға мектебіміздің жас өнерпаздары өздерінің шығармашылықтарын көрсетеді. Қарсы алыңыздар!

Дүйсенбек Айдана 6 «Б» сынып
Салауатты мақсатың өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Шылым мен нашақорлықтың сенің жауың,
Пайдалы сол-бұл жолдан аулақ болу.
«2030-шы бағдарлама»,
Өмірің түскендей-ақ жаңа арнаға.
Денсаулықты сақтауды жолға қойды,
Айырылып бұл байлықтан қапы қалма.

Сейілхан Ақерке 5 «Б» сынып
Алдыға бастар армандар,
Жаманға көзді салмаңдар.
Ішімдік,наша қолданып,
Ел-жұртқа мазақ болмаңдар.
Араққа салып ауыздық,
Іштері күйіп,шоқ болсын.
Дүниедегі жемқор, жауыздық
Өмірден өтіп жоқ болсын!
Сапан Алтынбек 5 «Б» сынып
«Арақтың сыры»
Барша жұрт арасында сыйым бөлек,
Әркім-ақ қастерлейді үйінде ерек,
Бірақ та денсаулыққа зияным көп.
Сол үшін ылғи маған тыйым керек.
Жанымда темекідей інішегім,
Жайраңдап мен онымен күлісемін.
Адамның арбап жүріп бар мүшесін,
Ынтамағын ірітемін.
Қалайша дос боласың менімен
Досқа адал жан емеспін тегінде мен.
Жолынан тайдырғанмын талайлардың,
Адамды көрген жоқпын жеңілмеген.

Қабдығали Ғасыр 5 «Б» сынып
«Болашақты ойлаңдар!»
Ішімдікті іпеңдер,
Жаман жолға түспеңдер.
Болашақты ойлаңдар.
Келешекті қорғаңдар,
Өлген гүлдей май»ыспай,
Елге тіреу болыңдар.
Қабырғаңыз қайыспай,
СПИД-ке қарсы тұрыңдар!

Арай Тәкен 6 «Б» сынып
Шылым шегу ұрпағыңды тоздырады,
Кейпіңді алып адамдық аздырады.
Сақтан, сақтан әзәзіл ащы иістен.
Дәмін алсаң, өмірің зәрлі болады.
Өмірің болсын десең сенің сәнді,
Ойланып айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан,
Өзіңе сүйсіндірер барлық жанды.

Нұрай Қойшыбек 6 «Б» сынып
Сүйкімді ақылды бол иман жүзді,
Ғылымды үйрене біл небір түрлі .
Шылымға үйір болма, түсін соны.
Ешқашан сұрқың кетіп болма сорлы.
Болсаңдар білімді әрі парасатты,
Сыйлайтын үлкен-кіші инабатты.
Шылым мен нашақорлық болсын жауың,
Сақтай біл өз ұлтыңның дәстүр салтын.

Таңшолпан Жанат 6 «Б» сынып
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда , ей, жастар!
Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.
Жүргізуші:

Салауатты өмір салтын бала кезден бастайық,
Салауатты өмір салтын халық болып қоштайық!- деп келесі кезекті мектебіміздің әзілқой жастарына берейік! Қабыл алыңыздар!(КВН командасы өнер көрсетеді.)

Жүргізуші:
Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар,
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып,
Жақсы үміттен, сеніміңмен талмаңдар –дей отырып, жастарымыздың болашаққа деген сенімін одан әрі арттыру бағытында сергіту сәтін жасап серпілейік. «Жас ағаш» сауықтыру сәті.
-Орындыққа отырып, аяқты бірге қойып, қолды төмен, арқаны тік ұстайық. Бір қалыппен дем шығарыңдар. Қолдарыңды қалықтатып жоғары көтеріңдер. Алақандарыңды,саусақтарыңды біріктіріңдер де барлық денелеріңмен жоғары тартылыңдар да «Мен мықтымын, сымбаттымын, ағашпын» деп ойлаңдар. Биік, тіп-тік ағаш күнге қарай тартылады.
Адам ағзасы жас ағаш тәрізді сергек, мықты, күшті бойына жинақтайды. Зиянды әдеттерден аулақ болсаңдар сендер де мықты, сымбатты, білімді болып болашаққа нық қадам жасай аласыңдар. Енді бәріміз бір-біріміздің қолымызды қысайық. Осы кезде қандай күйді бастан кештіңіздер. (жылулық, сенімділік, бірлік, достық). Міне, сол бірліктің, достықтың, жылулықтың,сенімділіктің арқасында сіздер де мықты, білімді, сымбатты болып өсерлеріңізге сөз жоқ.
Ән. Төлеубаев Әкежанның орындауынды «Өз елім».
Жүргізуші:
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған.
Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі.Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе беріңіздер!
Осымен бүгінгі 1 желтоқсан ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне арналған кездесу кешіміз аяқталды. Келіп біздің кешімізгге қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.