Без рубрики

Лидер танымдык кеші

Қостанай облысы, Арқалық қаласы. Ш.Уәлиханов атындағы
№1 жалпы орта білім беретін профильді мектептің психологы
Сатыбалдина Мақпал Балтабайқызы.

Мақсаты: сынып ұжымындағы лидерлерді анықтау және ұжымдастыру. Ойынның қатысушылары: бір сыныптың оқушылары, сынып жетекші, жоғары сынып оқушылары- ойынды ұйымдастырушылар.
Ойының жүргізілу тәртібі: Топ 5-9 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Ойын барысында тапсырмалар жүйесін жеңілден күрделіге қарай орындалады. Жүргізуші, ойында «Құпия» сақтайды. Ол тек ойын соңында ғана белгілі болады. Ойынның «»Құпиясы» былай анықталады: көмекшілер мұқият бақылап, жақсы қатысқан оқушыларға түрлі түсті жетондар беріледі. (ешқандай түсінік берілмейді):
— ақ жетон — лидер — ұйымдастырушыға — қызыл жетон – орындаушыларға
— сары жетон — ойлап тапқыш лидерге — жасыл жетон — көрермен ретінде қатысқандарға

Ойын барысы:
І. «Лидер» ұғымына түсінік.
Лидер — әлдебір үдерістің не топтың басы болуыға қабілетті адам немесе нәрсе деген сөз.
Лидердің 2 түрін бар: формальды – қызметіне байланысты адамдарға ықпал ету;
формальды емес лидерлік — өзінің қабілетінің көмегімен адамдарға ықпал ету.
Соның ішінде әлемдегі ең бай адамдар жайлы «Forbes» іскерлік журанлы жылдағы әдетімен әлемдегі миллиардерлердің тізімін жариялап отырады. Дағдарыс нәтижесінде бірінші рет миллиардерлер саны 1125-тен 793 адамға /332/ дейін кеміді. Байлардың тізімінде бірінші тұрған әйгілі Билл Гейтс. Екінші қаржылық инвестор Уоррен Баффет шықты. Үшінші мексикалық бай Карлос Слим Эллу. Лакшми Миттал сегізінші орында.
Әлемде 1210 миллиардер кіріп отыр. Оның 413 і американдық. Қазақстанда 2008 жылы бай адамдар тізімінде алты адам болса, 2009 жылы екеу ғана қалды.

ІІ. Психологиялық тренингтер, ойындар.
1. «Амандасу жарысы»
2. “ Мағыналы күлкі ” жаттығуы
Қазір көтеріңуі көңіл мен күліп жүрген адамдарды сиректеу кездестіреміз. Ендеше бір-бірімізге күлкі сыйлап көрелік. Тренингтің шарты: көрген жерде жымию; амандасуды мейірімді күлкімен бастау.
— Міне бір-бірімізге қарама-қарсы тұрып жақсы сөздер айтыңыз.
Мейіріммен күлдіңіз, Енді өзіңіздің сезіміңізге көңіл аударыңыз. Күлген сәтте қандай күйдесіз? Күлкінің әсері бар ма? Егер біреу сізге арнайы жымиса ше? Қиындықты күлкімен жеңе аласыз ба?
Күлкімен 10 минөт табысып, араласқасын ойларын ортаға саламыз. Қорытынды: Мейірімді күлкі, әдемі жымиыспен де кедергілерді жеңуге болады. Неғұрлым адам көңілді жүрсе, айналасына адамдар мен жақсылық өзі-ақ топталады.

3.Ұжыммен танысу.
Жүргізуші ұжымды суреттер арқылы кіші топтарға бөледі. (түр түске қарай, жыл мезгілдеріне байланысты). Танысу үшін әр топ өз атауын таныстырады.30 секундтан кейін топтың ұраны айтылады.
4. «Сал» жаттығуы
Нұсқау: Қазір біз ауыр «дене» еңбегімізбен айналысамыз, салға жүк артамыз; Адам аяғы баспаған аралда өмір сүруге арналған ең керекті заттарды саламыз.
Тапсырма оңай емес, өйткені барлық заттар «А» әрпімен басталу керек.
Мысалы: ананас, апельсин т.б. (хатшы тағайындалып, ол балалардың айтқандарын жазып отырады). Сөйлеуді дамыту, сөйлеу қорын байыту, ой-өрісін кеңейту.

ІІІ. ТАПСЫРМАЛАР:
1.Кез келген кесілген фигураны құрастыру;

2. Ұжым болып бір тақырыпта сурет салу; (зат немесе көңіл — күйді бейнелеу,) Тапсырмаға — 5 минут беріледі.
3. Буриме — сайысы. 3 — 4 минут ішінде алдын ала берілген сөздерден өлең жолдарын құрау. Мысалы: Құс — ұясы , қайық — ескек, көктем — ұшты т.б.
4. 5-6 сұрақтан тұратын берілген тақырыпта сөзжұмбақ құрау: спорт, табиғат, қалалар; тапсырмаға- 5 минут беріледі.
5. Әрбір сөз бір әріптен басталатын әңгіме құрау.3 минут беріледі.
Ойын аяқталған соң жүргізуші әр топтың ұйымдастыру- шысына жетондарын көрсетуді тапсырады, сол жерде нәтижелері тіркеледі. Соңында жетондар жүргізушіге тапсырылады. Содан кейін ойынның «Құпиясы» ашуға болады. Жүргізуші ойынды қорытындылап, лидерлерді әзілмен атап шығады.

Қорытынды:
Ойынның педагогикалық анықтамасы: Ойын барысында әр қатысушыда жетондар жиналады. Жүргізушінің көмекші- лері, қатысушылардың қайссына тән екенін анықтап беріп отырады. Сол кезде кімнің белсенді қатысқаны анықталып марапатталды.
Топ бойынша: І орын 10 Б сынып оқушылары
ІІ орын 8 Б сынып оқушылары
ІІІ орын 9 А сынып оқушылары
Жекелей марапаттаулар: «Тапқыр лидер» Мұса Нұрғали
«Ұйымдастырушы лидер» — Жұмабек Гүлназ, Серік Гүлжанар, Сәңгілов Рысбек

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.