Эскиз бойынша зат жасау. Ашық сабақ
Қазақстан республикасы, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
“ГКС–12 орта мектебі” мемлекеттік мекемесі
технология пәні мұғалімі Нұрымбет Т.Б.
Тақырыбы: Эскиз бойынша зат жасау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға заттың эскизін, техникалық суретін, сызбасын салуды үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың сызуға деген икемділігін,іскерлігін,шеберлігін шыңдап,ұқыптылыққа баулу.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке баулу. Сабақтың түрі: дамыта оқыту.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: үлгі дайындама,сызба бұйымның дайын үлгісі,қажетті сызба құралдары.
Пән араластық байланыс: сызу,сурет.
Қолданатын қосымша әдебиеттер: Ж Есмұханов, И А Карабанов.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
1) Оқушыларды түгелдеу.
2) Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Өткен сабаққа шолу, еске түсіру.
Сұрақ-жауап:
Қандай ағаш материалдарын білесіңдер?
Сыныпта қандай заттарда ағаштар қолданылған?
Сызғыш,транспортир,циркуль құралдары қайда қолданады?
Сызба сызықтары дегеніміз не?
Жаңа сабақты :
Сабақтың тақырыбын ,мақсатын хабарлау.
Қандайда болмасын затар сол затардың бөлшектерін жасамас бұрын
сызбасы,техникалық суреті, эскизі орындалады одан нәрсенің құрлысы, өлшемдері және кескінін ,қандай материалдан жасалатын жөнінде білуге болады.
Нәрсенің сызбасына қарап оның кескінін және өлшем бірлігін анықтауды-оны оқу дейді. Сызбаларды дұрыс және тез оқу үшін сызу пәнін жақсы меңгеріу керек.
Заттың эскизы. Техникалық суреті.
Жәшіктің сызбасы.
а- басты көрініс; б-сол жақ көрініс; в-үстіңгі көрініс
Сызба сызықтары: 1- контур сызығы жуан түзеу сызық; 4-өстік сызық үзік сызық; 5- үзік сызық көрінбейтін контурды көрсететін сызық.
Заттың графикалық құжатарына- сызбасы,техникалық суреті,эскизі жатады.
Сызба –ол жасалатын заттың сызу құралдарын қолдана отырып орындалған кескіні.
Техникалық сурет-ол жасалатын заттың кескінін қолмен сызу құралдарын қолданбай
көз мөлшерімен масштабын сақтап өлшем бірлігін көрсете отырып орындау.
Эскиз-ол жазық беттегі заттың кескіні, өлшем бірлгімен масштабсыз сызба құралдарын қолданбай қолмен орындау.
Нәрсенің нақты шамасын кескінін неше есе үлкен, неше есе кіші екенін көрсететін санды масштаб деп атайды . Дәлірек айтқанда,масштабтар дегеніміз-нәрсенің сызбадағы ұзындығын оның нақты «натурал» ұзындығына қатынасы «бөлшек сан».
Сызбаларды орындағанда мынандай масштабтардың бірін таңдап алуға рұқсат етіледі.
а) Кішірейту масштабтары. 1:2, 1:2,5, 1:4, 1:5, 1:10.
б ) Нақты шама. 1: 1.
в) Үлкейту масштабтары. 2:1, 2,5:1, 4:1, 5:1, 10:1.
Масштаб М әріпімен белгіленеді. М1: 4 -сызбада зат төрт есе кішірейтіліп, ал М2: 1-екі есе үлкейтіліп сызылғанын көрсетеді.
Ағаштан жасалған жәшіктің техникалық суреті.
(1) алдыңғы көрініс (басты көрініс); (2) үстіңгі көрініс; (3)сол жақ көрініс; (4)оң жақ көрініс; (5) астыңғы көрініс; (6)артқы көрініс.
Ағаштан жасалған жәшікке қарасақ оның алты жағынан көріуге болады. Сызбада бұндай көп көріністер керек болмайды, тек үш көрніс қолданылады.
1.Алдыңғы көрініс «басты көіініс».
2 .Үстіңгі көрініс.
3. Сол жақ көрініс.
4. Оң жақ көрініс.
5. Астыңғы көрініс.
6. Артқы көрініс.
Жәшіктің кубтың қабырғаларындағы көрінісі :
1- алдыңғы; 2-үсітіңгі; 3, 4-қапталдағы; 5-астыңғы; 6-астыңғы.
Жәшіктің жазық беттегі алты көрінісі.
1- алдыңғы көрініс(басты көрініс); 2-үстіңгі көрініс; 3-сол жақ көрініс; 4-оң жақ көрініс; 5- астыңғы жақ көрініс; 6- атқы жақ көрініс;
.
Сызбаны безендіру үшін сызықтардың түрін дұрыс пайдаланудың және олардың ұзындықтарын,жуандықтарын сақтау талап етіледі.
Әр түрлі сызықтарды әр түрлі қарындашпен жүргізіу тиімді. Мысалы,жіңішке сызықты Т(немесеН) таңбалы,ал негізгі сызықтарды М(немесеВ) таңбалы карандашпен жүргізу керек. Сызбадағы жазуларды көбінеТМ (немесеНВ) таңбалы карандашпен орындайды.
Өткен сабақты бекіту:
Сызба сызыуға қандай құралдар қолданамыз?
Сызба дегеніміз не?
Техникалық суретті қай уақытта қолданамыз?
Эскиз дегеніміз не?
Сарамандық жұмыс :
1. Тапсырманы орындау
2. Дәптерге заттың эскизін орындау.
3. Керекті сызба сызықтарын қолдана отырып заттың сызбасын салып өлшем бірліктерін қойу.
Қаупсіздік ережесі:
Жұмысқа дейін:
1. Жұмыс киіміңді ки.
2. Жұмыс орныңды даярла
3. Құрал -сайманыңды тексер.
Жұмыс кезінде:
1.Дайындаманы верстакқа дұрыс бекіт.
2.Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар.
3.Жұмыс орнын тазалап ұста.
Жұмыстан кейін:
1.Жасап жатқан бұйымды мұғалімге немесе кезекшіге тапсыр.
2.Жұмыс орнын тазалап, жинап мұғалімге тапсыр.
3.Шеберханадан мұғалімнің ұрықсатымен шық.
Сарамандық жұмысты қортындылау.
Ерекше жақсы жұмыс жасаған топты атау.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру
