Бірмүше мен көпмүшенің көбейтіндісіне есептер шығару

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№234 Ж.Жабаев атындағы орта мектептің Математика пәнінің мұғалімі
Әлімбетова Мариямкүл Нағашыбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Бірмүше мен көпмүшенің көбейтіндісіне есептер шыгару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, есептер шығарту.
Дамытушылық: Оқушылар белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Батылдыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Есептер шығарту
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II. Үй жұмысын тексеру
III. Сұрақтар кою
IV. Есептер шығару
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау
1. Көбейтуді орындаңдар
1. 5*(р-10)
2. 2y*(3x-y)
3. 2*(3x-2y)*3
4. 3*(х+8)
5. 3х*(2а+в)
6. 3*(2р-5y)*3
7. (m+3n)*4

8. 5x*(6x+3y)

9. 8m*(m+n)
2. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар
1. 4a+3a2
2. 30pq3+18p2q 2-12p3q
3. 8xy-4y2
4. 4a3b-10a2b2+2ab3
5. 18pq3-9q4
6. 18x3y+21x2y2-3xy3
3.
1. Теңдеуді шешіңдер
6(х-3)-2(х+2)=10
2. Өрнектің мәнін тап
5,27х-х2, мұндағы х=4,27
3. Көпмүшелердің көбейтіндісі түріне келтіріңдер:
9a2(x-2y)-b2(x-2y)+(x-2y)2
Бой сергіту
1. Саяхатшылар қайықпен өзеннен өтпекші болады. Қайықтарға 3 адамнан отырса, 3 адам сыймай қалады, ал 5 адамнан отырса, 1 қайық артық қалады. Саяхатшылар нешеу, қайықтар нешеу?
2. Аулада тауықтар мен қозылар жайылып жүр. Қозылар тауықтардан 3 есе кем. Қозылар мен тауықтардың аяқтарының саны 40. Аулада неше қозы неше тауық жайылып жүр?
3. Көрейін сенде қанша ақыл мен ес,
Балапан көжек санын өзің тапшы
Аяқтар 94, басы 35
Барлығы 55
4. Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса салмағы қанша болады?
Сабақ соңында оқушылардың білімі бағаланып, үйге тапсырма берілді.
Үйге: №217, №226, №234 есптерді шығару

Комментариев нет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше