Баяндама

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің
математика пәні мұғалімі Жібекәлі Мария

Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке бастайтын шығармашыл ойлауын қалыптастырып дамыту. Қазіргі оқыту үрдісіндегі мұғалімнің басты міндеті, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке бастайтын шығармашыл ойлауын қалыптастырып дамыта білуі. Бұл орайда шығармашылық туралы зерттеуші ғалымдардың тұжырымдаған ойларын басшылыққа алу, оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Солардың кейбіреулеріне тоқталайық .
«Шығармашылық адамзат белсенділігі мен өзбетінше әрекетінің ең жоғарғы түрі» (Е.В.Мазалевская). «Танымның түпкі негізінде шығармашылық жатыр» (И.Кант)
«Адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты» (А.Н.Лук)
Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық жоспарында оқу іс-әрекетімізде айшықты орны бар жеке тұлғаның өзіндік білім алуы, өзін-өзі дамытуы бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі екені айтылған.
ХХІ ғасырда әлем «ашық ақпараттық» қоғамға айналып отыр. Болашақ білім ошағы – бұл «ақпараттық ғасыр» ордасы. Оның негізі – өз бетінше жетіле алуға қабілетті, жалпы және кәсіби мәдениетті меңгерген кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті және ынталы маман. Жаңа ақпараттық технологиялар, мултьтимедиялық өнімдер – бұл оқытудың сапасын көтеруге жауапты, білімді, жаңа шешімдер таба алатын, қажетті білімді тез және тиімді қолдана алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеудің бірден-бір жолы.
Осы орайда оқушы шығармашылығын дамытуда мұғалімнің рөлі зор және оған үлкен міндеттер жүктеледі. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтыр мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Соған сәйкес білім сапасында оң өзгерістер болады.
Білім сапасы – ең алдымен мақсатының және нәтижесінің сапасы, ұстаздың педагогикалық әрекетінің, оқушының сапасы.
Жаңа педогогикалық технологияларды пайдаланудың басты ерекшеліктерін назарда ала отырып, оның тиімділігі былайша анықталады.
Ұстаз әрекетінде:
1. Интеллектуалды;
2. Кәсіптік адамгершілігі мол;
3. Рухани азаматтығы жоғары;
4. Әмбебап болуды қажет етсе;
Шәкірт бойында:
1. Өзін-өзі тұлға ретінде қалыптастыруға ынталану.
2. Өз бетінше әрекеттенуіне бағдар ала отырып, шығармашылыққа талпыну.
3. Өз ерік-жігері арқылы білімдерін толықтыру, ұжыммен бірлесе жұмыс жасау.
4. Тұлға арасындағы бірлік пен сыйластық, бір-бірінің пікірін бағалау, сыни тұрғыда талдай білу мәдениетін қалыптастыру.
Бүгінгі оқушы – дамушы жеке тұлға. Шығармашылықты дамытудың бастамасы ол өзі сабақ беретін сыныпта мұғалімнің адамгершіліқ және ішкі сезімдік жағдайларды туғыза білуі. Оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытуда, мұғалім орындауы тиіс ұстанымдарды ескерте кетейік. Бұл ұстанымдарды В.Н.Дружинин ұсынған.
1. Қолайлы психологиялық орта және іс-әрекетке баға қоймау ұстанымы (оқушының өз ойын еркін айтуы, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік берілуі, оқушыны көтермелеп отыру, кез келген бастамасын қолдау т.с.с)
2. Мимен шабуыл және үстірттік ұстанымы. (оқушы жауаптарының барлығы біртума болуы шарт еместігі, ойын толық айтқызу және аяғына дейін тыңдау, айтылған ой санына шешуші рөл берілуі т.с.с.)
3. Жарыстың жұмсақтық ұстанымы ( ой айтудың қатал болмауы, материалдық марапатқа жол бермеу, баға қойылмауы, жарыстық топтық түріне басымдық беру т.с.с. )
4. Ынтымақтастық және ұжымдық ұстаным.
5. Әзілді зілсіз қабылдау ұстанымы
Ойлау соның шығармашылық ойлаудың тәсілі де түрі де адамға туа бітті берілмейді. Ол адамның өзін қоршаған қоғамдық тарихи ортасын тану үрдісінде қалыптасады.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүзінде қолдана білетін қоғам мүшелерін талап етеді. Сондықтан мұғалімнің міндеті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше іздене алатын шәкірт дайындау. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен толықтырылып, мұғалімнің де дайындығы, ізденісі жоғарғы деңгейде болу керек.
Бүгінгі таңда оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор. Психологтардың зерттеуіне сүйенсек, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзіндік қабілет, бейімділік болады. Ол үшін баланы жүйелі түрде баулу қажет.
Шығармашылыққа бейім баланың ерекшеліктері:
– Ойлау ерекшелігі басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді;
– Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады;
– Қиялы жүйрік, бейнелер сомдауға шебер, жан дүниесі нәзік;
– Өтілетін тақырыпты алдын-ала оқып дайындалады;
– Оқуға деген қызығушылықты тудыратын қосымша шараларға қатысуға дайын тұрады;
– Берілген тапсырманы шын ниетімен орындайды;
– Жұмыс істеуге қабілетті, жауапкершілігі жоғары;

Оқушыларды шығармашылыққа бару үшін психологиялық дайындықтан өткізу керек. Шығармашылық оқушыға қуаныш, жаңалыққа деген құлшыныс сыйлайды. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда алған білімді практикада қолдануда пәннің күнделікті өмірмен байланысын нығайтуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Математиканың заңдары мен ережелері табиғат пен өмірден алынған және бүкіл адамзатқа ортақ.
Математика пәні мұғалімінің міндеті – еліміздің халық шаруашылығын дамытудағы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің маңызы: материалдық техникалық базасын жасаудың өзекті проблемаларын шешудегі, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудағы, ауылдың материалдық және мәдени деңгейін көтерудегі математика ғылымының маңызы мен рөлін көрсету.
Ауылдық жерде тұратын оқушыларға ауыл шаруашылығын математикамен байланыстырудың, теорияны практикада қолданудың мүмкіндігі басым.Соңғы жылдары ауылдық жерлерде болған экономикалық қиыншылықтар бірте-бірте шешімін тауып жатыр. Ауылды көтеруге ауыл шаруашылығына қажетті есептеулерді жан-жақты меңгеру ауыл балаларының келешегіне қажет-ақ. Мал шаруашылығында өнімін алдын-ала жоспарлау мал шаруашылығында кететін шығын, кіріс, жалпы пайда т.б. анықтай білудің маңызы зор. Сол себептен де дарынды оқушыларымның ғылыми шығармашылық жұмыстарын мал шаруашылығымен байланыстыруды жөн көрдім. Оқушымның «Нарықтық экономикалық жағдайында Сексен ата тұқымын өсірудің математикалық моделі» тақырыбындағы ғылыми шығармашылық жұмысы ауыл экономикасының ең өзекті мәселелеріндің бірі –мол шаруашылығын, соның ішінде ешкі малын зерттеуге арналды. «Есің кетсе, ешкі жи- ешкі жиып есің жи» деген қазақтың сөзін дәлелдеді.
11б сынып оқушысы Жұбатырова Гүлнұрдың «Нарықтық экономика жағдайында сексен ата тұқымын өсірудің математикалық моделі» тақырыбындағы шығармашылық жұмысын Арал ауданындағы Шөмішкөл елді мекенінің тұрғыны Қобылан Сатыбалдиев осы жобаны іске асырып, қазір мал басын көбейтіп шаруа ұсталығын ашыр отыр.
Оқушым Жұбатырова Гүлнұрдың ғылыми жұмысы облыста ІІ орын иеленіп, ҚҒА-ның республикалық конференциясына жолдама алды.
Оқушыларды күнделікті өмірмен байланысты осындай шығармашылық жұмыстарға баулуда байқағаным, ғылымға құштар әр жеткіншек еңбектенудің, жаңалық енгізудің қаншалықты қиын екенін сезінген сайын өзін жауапты сезінгіп, құлшынысы артады. Жұмысын жарыстың әр кезеңінде қорғай жүріп, шешендікке, алғырлыққа, мәдениеттілікке тәрбиеленеді. Жаңа достар табады, көпшілік алдында сөз сөйлеуге дағдыланып, қойылатын сұраққа ұтымды жауап беруге қалыптасады, ойын ұшқырлап, өзін еркін ұстауға үйренеді.
Оқушыларға шығармашылық жұмыспен айналысудың осындай көптеген тиімді жақтары бар.
Болашақта Қазақстанда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосатын құдіретті күш – білімге тән болса, білімді тиянақты меңгерту, шығармашыл шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. М.Атабаев «Ынтымақтастық педагогикасы»
2. Математика және Физика журналы №4 2008 жыл
3. Математика және Физика журналы №6 2009 жыл

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше