Бастауыш сынып

«Математика әлеміне саяхат» 2 -сынып. Ашық сабақ

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державин қаласы
Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Байдилдина Алтын Мырзахметқызы

Сыныптан тыс іс-шара: «Математика әлеміне саяхат» 2 -сынып
Мақсаты: 1. Математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу. 2. Тез ойлауға,шапшаң есептеуге баулу,ой -өрісін кеңейту. 3. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сөзжұмбақтар, ребустар, геометриялық фигуралар, санамақ

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Екі топқа бөлу
«Ондықтар» тобы
«Бірліктер» тобы
1-топ «Бірліктер»
Ұраны: Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
2-топ «Ондықтар»
Ұраны: Оқы да біл
Ойна да күл
ІІ. «Құрылысшылар» бекеті
1. 8+9 15-7 2. 14-10 6+5 3. х+4=13

1. 6+8 11-9 2. 18-9 7+7 3. у-5=4

ІІІ. «Ойлан, тап» бекеті
«Бірліктер» тобы
Көлден ұшқан 15 қаз
Қайтып қонды 9 қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне ,кім тез табады? (6)

Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма
Біреуін бер Маратқа
Сонда қалмақ неше алма (4)

«Ондықтар» тобы
1.Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю,бір арыстан.
Екі қоян,бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (8)
2.Үшеуі қызыл, үшеуі ақ
Оң қолымда неше алма?
Төртеуі қызыл, төртеуі ақ
Сол қолымда неше алма? (6 және 8)
ІV. «Көңілді санамақ» бекеті
«Бірліктер» тобы «Ондықтар» тобы

6 7 3
9 1 5 8
4 10 2

40 80 20
90 10 50 70
30 60 100
V. «Тез жалғастыр»
Бір дегенім-бесік
Шықтық содан өсіп
Екі дегенім-еңбек
Еңбек бәрін жеңбек
Үш дегенім –үміт
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім-төзім
Төзе білем өзім
Бес дегенім-бақыт
Бағалайтын уақыт
Алты деген-ақыл
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген-жалау
Жүректегі алау
Сегіз деген-сөзің
Серт беретін кезің
Тоғыз деген -тоқтау
Елдің жоғын жоқтау
Он дегенім-Отан
Қорға соны ботам

-Отанымыз туралы не білеміз?

VІ. «Ертегі арифметика» бекеті

VІІ. «Сөзжұмбақ» 1. 4-тен кейінгі сан
«Бірліктер» тобы 2. «Қысқаға» қарама-қарсы ұғым
3 4
5
1б 2ұ р ы ш

3. Ең кіші натурал сан
4. Үш ондық
5. 12-9

«Ондықтар» тобы 1.Ең жақсы баға
3

2
1 4

н
с ы ы қ

5

2. Ең үлкен бір таңбалы сан
3. сегіз ондық
4. үш ондық
5. төрт ондық

VІІІ «Мақал –мәтел» бекеті
Құрамында саны бар мақал айту.Қай топ тоқтап қалса сол топ жеңіледі.

ІХ «Ребус шешу» бекеті

Х. «Сиқырлы шаршы» бекеті
«Бірліктер» тобы
2 7 6
5

15

15

15

«Ондықтар» тобы
7 0 5
4

12

12

12

12 12 12

Х.Логикалық тапсырма:

1 Қанаттың сөмкесі Саматтың сөмкесіне сияды,ал Саматтың сөмкесі Ерланның сөмкесіне сияды.Кімнің сөмкесі үлкен, кімнің сөмкесі кішкентай? (Ерланның сөмкесі үлкен,Қанат)

2.Айдос үйдің 6-қабатында тұрады, ал Жандос осы подъездің
3-қабатында тұрады. Егер Айдосқа дейін 60 баспалдақ болса, Жандосқа дейін неше баспалдақ бар? (30)

Қорытынды.Екі топтың қорытындысын шығару.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.