Без рубрики

«МӘДЕНИ МҰРА – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ»

Барақбаева Күнсұлу
Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы
№8 кәсіптік лицей кітапханашысы

«МӘДЕНИ МҰРА» күні Мәдени мұралар күніне орай
«МӘДЕНИ МҰРА – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ»
атты
оқырман конференциясы

 Мақсаты: Тәуелсіздіктің рухани тірегі ретіндегі мәдениеттің мәні мен Қазақстандық мәдениеттің әлемдік деңгейін насихаттау, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ауданымыздағы мәдени – тарихи ескерткіштердің қорғалуын баяндау арқылы, оқушыларды отансүйгіштікке, мәдени құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: плакаттар, қанатты сөздер, шарлар, кітап көрмесі

 

БАРЫСЫ:

 

Жүргізуші:  Армысыздар, оқырман қауым!

Тәуелсіздіктің жиырма шыңы – 20 жұлдызды күн» аясында 11 күн — Мәдениет күні.               «Мәдени мұра – ел байлығы» атты мәдени мұраға арналған конференцияға қош келдіңіздер!

Халықтың болмысын, өткені мен келешегін танытатын  — мәдениет. «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті.

Олай болса, мәдениет туралы білу үшін оқырмандарымыздың мәнжазбаларын тыңдайық.

(Оқырмандар мәнжазбасы тыңдалады.)

 

Жүргізуші: Аумағы жағынан әлемдегі алғашқы ондыққа кіретін қазақ жері  ежелден –ақ сан түрлі мәдениеттердің тоғысқан орны болды. Мұнда көшпенділік пен отырышылық мәдениет өзара араласып жатты. Оның ішінде ешкімге ұқсамайтын, өз заманының жауһарлары болған мәдени мұралар, жәдігерлер жетерлік. Ал топырақ астында қаншама көміліп жатқан, өзінің іздеушісін күтіп тұрған дүниелер қаншама?! (Экранда слайд көрсетіледі.)

Тәуелсіздіктің жиырма жылында  Қазақстан өз мәдениетін әлемдік деңгейде дамытуда біршама тірліктерді жасады. Бұған мемлекеттік «Мәдени мұра бағдарламасы үлкен ықпал етті.

Ендеше «Мәдени мұра – асыл қазынамыз» атты кітап көрмесіне назар аударсақ. Кітап көрмесін кітапханашы К.Барақбаева таныстырып, библиографиялық шолу жасайды.

Осы орайда “Мәдени мұра” бағдарламасы — мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Ол жаңадан қалыптасып жатқан қазақстандық қауымдастықтың әлеуеті мен гуманистік бағыт — бағдарын танытты.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленді. Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады.  Ендеше, Мәдени мұраға қысқаша шолуды  тарих пән оқытушысы  Мұстафаев Ербол  жүргізеді. (Тарих пәнінің оқытушысы Е.Мұстафаев «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қысқаша шолу жасайды. )

 

Жүргізуші: Осының арқасында қазақ халқының ғасырлар бойы қойнауында ұмыт қалған мұраларымыз қайта жаңартылып, көптеген мемлекеттік маңызы бар істер атқарылған еді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылғы 12 қарашада «Қорқыт және түркі әлемі» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысушыларға арнаған құттықтауында төмендегідей пікір айтты: «Түбі бір түркі халықтарының ортақ ойшылы саналатын атақты ақын, дәулескер күйші, философиялық мазмұны аса терең аңыздардың кейіпкері Қорқыт бабамыз — баршамыздың рухани болмысымыздың алтын арқауы болып табылады.. Өйткені оның осыдан он ғасырдан астам уақыт бұрын айтқан өсиет қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен де жақсы үйлесім тауып отыр.
«Өлген кісі тірілмес, өткен қайтып келмес», — дейді абыз өзінің сөзінде. Иә, өткенді қадірлеуге, одан сабақ алуға болады, бірақ оған қайтып оралу жоқ екен, тек ілгері ұмтылу қажет.  Тәуелсіз Қазақстан мәдениетін әлемдік өркениетте танытқан  «Қорқыт ата кітабы». Ол туралы деректер бізге үш түрлі жолмен жеткен. Бірі — ел аузындағы Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, екіншісі — тарихи шежірелер, үшіншісі — «Қорқыт ата кітабы».  Ендеше, Қорқыт ата  өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мәнжазбаға кезек берейік. (Оқырмандардың мәнжазбасы тыңдалады.)

 

Жүргізуші: Қорқыт тұлғасы халқымыздың мәдениетінің дамуындағы көп ғасырлық желісі жалғастырып, оның мұрасы арқылы өткен ұрпақпен рухани байланысқа түсе аламыз. Әсіресе, тарихи дамудың бабамыз өмір сүрген дәуіріндегі салт-дәстүр, құндылықтар мен мінез-құлық қалыптарының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру тұрғысынан алып қарағанда «Қорқыт ата кітабының” халқымыздың тәлім — тәрбиесі тарихындағы алатын орны айтарлықтай екендігі даусыз. Ендеше «Корқыт ата кітабы» туралы кітабын оқыған оқырмандарға кезек берсек. (Оқырмандардың ой – пікірлері тыңдалады.)

 

Жүргізуші: «Қорқыт ата кітабындағы» бабамыздың өнегелі өсиеттері, нақыл сөздері халқының ойынан табылып, ұрпақтан-ұрпаққа тарап, халық мақал-мәтелдеріне негіз болып қалғандығын, кәзіргі қолданыстағы мақал-мәтелдермен ұқсастық жақтары бар. Конференциядан оқырмандардың көз қарасы, түйген ойлары мақал мәтелдер туралы сұрақ — жауапқа кезек берсек.

1. Жат баланы қанша сақтасаң да, ұл болмас. (кісі баласы кісендесең тұрмас)

2. Қабырғасы бүтін көтеріледі, сүйегі бүтін өседі. (орнында бар оңалар)

3. Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас, ұл атадан көрмейінше сапар шекпес. (шешеге қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер)

4. Жалғыз жігіт қол болмас, бос ыдыстың түбі мықты  болмас. (жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас)

5. Отыз тістен шыққан сөз барлық ордаға жайылар. (отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жайылар).

 

Жүргізуші: Қорыта айтқанда,  «Қорқыт ата кітабы» – әр түрлі жырлардың жинағы бола тұрып, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отыратын аса мәнді кітап, әдебиетіміздің тарихынан Қорқыт ақынға жоғары орын алып беретін туындылар топтамасы. Олай болса, келесі кезекте Ә.Ешмаханның әні  Рамазан Таймановтың, Оңталап Нұрмахановтың сөзіне жазылған  «Қорқыт абыз» әнін тыңдайық.

 

Жүргізуші: Сайып келгенде, осының бәрі мемлекет болып қалыптасуымыз үшін, ұлт болып топтасуымыз үшін қажет жағдай. Әлемдік ғылым мен мәдениеттің озық жетістіктерін бойымызға сіңіре отырып, қазақстандықтардың рухани кемелденуі, өркениет көшінен кейін қалмауы ең негізгі мақсат етілді. Ал рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу – мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс.

Жүргізуші: Бүгінгі «Мәдени мұра – ал байлығы» оқырман конференциясын қорытындылау үшін сөз директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Мусаев Арман Қонысбайұлына беріледі.

 

Жүргізуші: Бүкіл адамзат тарихының дамуымен біздің тарихымыздың тығыз және ажырамайтын байланысы және өзара қатынасының нәтижесі болып табылатын материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтауға бәріміз борыштымыз. Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік. Рухы биік халықтың іргесі де берік, қуатты, ынтымағы да жарасты болмақ. Әрине, осы іс-шарада бәрін қамту мүмкін емес, олай болса болашағы зор жастар тарих тамырына үңіле білсе, алар тағылым  мол.

Көңіл қойып  тыңдағандарыңызға көп-көп  рахмет!

Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.