Без рубрики

«ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ»

Еркужаева Шынар Жұмамұратқызы
Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы
№8 кәсіптік лицей оқытушысы

«АСТАНА» күні  Астана күніне арналған
«ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ»
атты
танымдық кеш

 Мақсаты:  оқушыларымызға еліміздің бас қаласы Астана туралы мағлұмат беру, Елордадағы мәдени орталықтарды таныстыру. Оқушылардың Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу. Астана туралы деректермен білімін дамыту. Отанға деген сүйіспеншілігі мол елжанды азамат тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Н.Ә.Назарбаев «Еуразия жүрегінде», Астана энциклопедиясы, қала суреті, бүктемелер.

 

БАРЫСЫ:

 

І. Кіріспе сөз

 

Жүргізуші: Балалар өздерің білетіндей Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. 20 жылдыққа 20 жұлдызды күннің 15 күні-Астана күні. Олай болса  «Жаңа дәуірдің жаңа астанасы» атты  ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Тарихымызда негізгі орын алатын тақырыптардың бірі-туған жер, қала, ауыл,аудан тарихын зерттеп білу. Оның тарихи тұлғаларын, қоғам қайраткерлерін, ұлы адамдарын, тарихи кезеңдерін білу жас ұрпақтың  қасиетті борышы болса, Отанды, жерді, елді сүюге баулу мектептің, ата-ананың борышы. Туған жердің тарихын білу үлкен ізденісті талап етеді. Сондықтан елордасы Астана қаласына саяхат жасаймыз.

 

ІІ.  Астана шежіресі

 

Жүргізуші:

Алатау бастағанда асқарала,

Қосылды қуанышқа жас бала да.

Алматы өзінің жан жалғасында,

Арнайды ақ батасын астанаға:

Ата, баба салтымен,

Абай, Жамбыл даңқымен,

Құлагердей құлшынып,

Орнап мәңгі біршілік

Әруақ қонған жас,қала,

Алға баста, Астана! – деп Кәкімбек Салықов ақын ағамыз жырлағандай Астана қаласының қазақтың жүрегімен тілдесіп, арман –үмітімен үндескен, Елбасы кіндігін кескен Елорданың сағым қуған Сарыарқаның төсіне қонақтағанына – 15 жыл!

Астана шежіресі 1997 жылға кейін шегініп саяхат жасайық.  Оқушылар кеме арқылы жүзіп ортаға шығады.

№11-5 топ оқушысы Бәкібай Қуаныштың орындауында  «Нұртуғанның термесі»

Жүргізуші: Он бес  жыл –жеке адам өмірі үшін де аса көп мерзім емес. Ал бір қаланың тарихы үшін оны тіпті қасқағым сәт десе де болады. Бірақ тап осы он екі жылдың ішінде бұрын еліміздің елеусіз көп облыс орталықтарының бірі болып келген Ақмола қаласы таңғажайып қарқынмен түлеп, аты әлемге танылып, Еуразия кеңістігінің жаңа үлгіде салынған әсем шаһарларының біріне айналып үлгерді.

Таңғажайып дейтіндей жөніміз бар. Өйткені, тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден- ақ мекендепкеле жатқандығын аңғартады. Археологтар бүгінгі «Ақорда» резиденциясының маңынан ХІ ғасырдың Бозоқ қалашығының орнын тапты.Бірнеше ғасыр бойы бұл жерде Қараөткел транзиттік және сауда-айырбас орталығы орын алды. Уақыт өте келе ол Ақмола елді мекеніне айналды. 1832 жылы бұл жерде Ақмола приказы мен сыртқы округі ашылып, 1862 жылы округтік қала мәртебесіне ие болды. 1961 жылы Ақмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілді және ол республикамыздың бірнеше ірі облыстары кірген Тың өлкесінің орталығына айналды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға тарихи Ақмола атауы қайтарылып берілді. Бес жыл өткен соң, яғни 1997 жыл 10-желтоқсанда бұрынғы тыңның астанасы Ақмола қаласы күллі Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды.

Бірақ Ақмола атауы ұзақ тұрмады, 1998 жылы 6- мамырда Ақмола Астана болып қайта аталды.

Міне осындай әдемі, әуезді әрі ауқымды атау-Астана атымен Қазақстан Республикасының жаңа елордасы үшінші мыңжылдыққа енді.

Әрі қарай тәрбие сағатымызды топ оқушылары жалғастырады.

 

ІІІ. Астана қаласына саяхат.

            Алматылық қонақтарды Астана қаласымен таныстырамын.

Қалжан Бақыткүл «Жаңа Астана»

 

Сүйікті елордамыз, ҚР-ның астанасы – Астана қаласы да көз алдымызда өсіп келеді. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан жаңа, тәуелсіз әрі егемен мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық һәм мәдениорталығы ретінде қанат жайып келеді.

Күннен күнге көркейіп, сәні мен салтанаты жарасқан Астана барша қазақстандықтардың жүрек лүпілін еселеп, сәулет өнерінің қайталанбас үлгісін паш етуде.

Астана елтаңбасы, Президент сарайы, «Астана- Бәйтерек» монументімен таныстырайын.

Есіл – республикамыздың солтүстікөңіріндегі Қарағанды, Ақмола, Торғай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының жерін басып өтетін өзін атауы. Есіл деп аталатын елді мекен де бар.

«Есіл» атауының алғаш дүниеге келуітуралы зерттеушілердің екі пікірі бар. Бірі – Есіл атауын «жасыл» деген зат түсімен байланыстырса, екіншісі- етістік түбірін тілге тиек етеді.

«Қазмұнайгаз» ғимараты, «Астана салтанаты» тұрғын кешені, «Нұр-Астана» орталық мешітімен, «Жаңа университет» білім беру кешенімен таныстырып өтеді.

Жаңа астананың болашағы Шығыс пен Батыс мәдениетініңжиынтығында болып көрінеді. Еуразия идеясы секілді, идеалдың өзіде өте қайшылықты болып көрінеді. Бірақ бұл бөгет емес. Астана Еуропа мәдениетінен – прагматизмді, ал Шығыстан – рухани дәлділікті мұра етіп алады.

«Отан қорғаушылар» монументі, Кенесары Қасымұлы мүсіні, «Бейбітшілік пен келісім сарайы», «Президент мәдени орталығы», «Атамекен — Қазақстан» этно-мемориалдық  картасымен таныстыру.

Балалар міне ақын айтыскерлер сарайы. Іштен бір әуеннің дыбысы естілетін секілді. Қане, ішке кіріп көрелік (есік ашылады). Міне, ғажап!

Жүргізуші:  Дуалы ауыз, оқты тіл,

Жырласа жастар жырласын!

 

Айтыс

«Астана» туралы Қуаныш пен Камшат №11-5 топ оқушылары

 

Жүргізуші: Міне, достар Астана қаласы 60-жылдардағы Тың игерудің орталығы болса, ал қазіргі таңда ақиқатқа айналған арман қала, дүниежүзі халықтарымен терезесі тең қазақ деп аталатын егеменді ұлттың, тәуелсіз Қазақстанымыздың киелі ордасы.

 

 «Байтерек» биі

№81 топ оқушылары.

Жүргізуші: Астана толғауы — Тәуелсіздік толғауы. «Жыр жазамын қаламымды нұрға малып» — деп, кезекті жыр шумақтарына береміз.

  1. «Дүние сұлу көрінсе»
  2. Алматы мен астана
  3. Ат жалында жетілген ер Қазақтың.
  4. Алтын дәуір
  5. Қарқынды Қазақстан.

 

Жүргізуші: Енді Астана туралы ойларымызды жүйеге келтірейік. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берелік.

  1. Қай жылы Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы шығарылды? (1994ж)
  2. Қай жылы Ақмола атауы Астана болып өзгертілді? (1998 жыл  6 мамыр)
  3. Астананы кесіп өтетін өзен? (Есіл)
  4. Астананың халық саны? (958 мың)
  5. Астанада мекендейтін ұлттар? (қазақ, орыс, украин, татар, неміс т.б)
  6. Астанада қанша пайыз ұлттар мекендейді? (60 пайыз қазақ, қалған пайызы басқа ұлттар)
  7. Астанадағы сәулет орындарын ата? (Бәйтерек, Ақорда т.б)

 

Хор: «Астана»

 

Жүргізуші: Балалар біз Астанаға саяхат жасап, Астана туралы деректерге қанық болдық. Түрлі сұрақтарға жауап бердік. Бүгінгі Астана мен келешек Астана бұл біздің стратегиялық ойларымыз бен ұмтылыстарымыздың ең басты жеңісі екеніне көзіміз жетті. Танымдық кешімізді еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың:  «2030 бағдарламасына»  жасалған жоспарымыздың нәтижесі 2020 жылға дейін жасап үлгердік. Мен 2020 жылы толық қанды жетістікке жетеміз деп ойламадым.» — деген сөзімен аяқтағым келіп отыр.

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

 Сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.