Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»
Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Осы мақсатпен еліміздің қысқаша тарихымен мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Өз Отаны сүюге тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін құрметтеуге баулу.
Рәміздерді, буклеттер, мақал-мәтелдер, Отан, жер туралы қанатты сөздер жазылған плакакттар.
Сонымен жүргізуші:
Құрметті ұстаздар,оқушылар, ата-аналар және қонақтар. «Аяулы Отаным Қазақстан» атты салтанатты жиынынды ашық деп жариялаймыз.
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Асап көрсең ай мен Күнге жол ашқан.
Менің көгім – мөлдіреген сол аспан,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан-байтақ, Республикам бұл менің.
Арайлап атқан таңы бар, асу бермес асқарлары бар.Сайын дала, жазираны мекендеген мейірбан халқы бар ел – Қазақстан. Қазақстан – бүкіл қазақ халқының атамекені кіндік қаны тамған киелі жері.
Ол менің елім! Тәңірі жер қайыскер мол беріп, асты-үсті байлыққа тұнып тұрған осындай өлкені бұйыртқан халқымның арманы да жоқ болар. Неге болмаған?! «Армансыз адам – қанатсыз құс» демекші, бабаларымның асау арманы жанын жаныған намысы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп жатты. Ол арман шексіз-шетсіз жатқан сонау табиғаттың берген сыйына көз аларқандардың отаршылық саясатынан құтылу еді. Ол сол – Сырым.Атақазы Көктемір, Жоламан Қасым, Кенесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Асау, Барақ, Жанқожа, Есет Бекет, Арынғазы Иса, Сыпатай, Ақкөз, Байзақ бастаған және 1916 жылы көтерілісшілер басшыларының заңды назарлықтарын тудырды. Қазақ халқы-патшамыз Ресейдің отаршылдығына ең көп қарсыласқан қауымының бірі. ХХ ғасыр басындағы әлемдік ауқымда асқынған ұлт-азаттық қозғалысына атсалыса алатындай саяси күштер Қазақстаннан да табылды.
А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Шоқаев, Халел және Жанша Досмағамбетұлы өз заманындағы әлемдік ұлт-азаттық қозғалысы көсемдерінің қай-қайсысымен де иықтас тура алды.Қазақ халқы «тар жол, тайғақ кешудің» сан ғасырларын басынан өткізген.
Найзағайы өзгешелеу шатырлар,
Бұл далада көп сортаңдар.
Батырлар,
Бұл далада өседі екен қасқайып.
Сексеуіл мен батырлар! – деп Қ.Мырзалиев айтқандай осындай ұл туған Қазақстан ешкімге, еш уақытта тәуелді болуға тиісті емес екенін уақыт дәлелдеді.1986 жылдың желтоқсаны алдыңғы «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының тәуелсіздігін үшін аралысқан жастардың еңбегі тек бес жыл өткен соң Қазақстан Республикасының егемендігін алумен аяқталды.
Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзендегі барлық елдерге түгел дерлік танылды.
Қасиетті мекенім,
Ақиқаттың, алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңбасы,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Осындай бақытқа жеткен Қазақстан халқының асқан биіктері де аз емес. Аз уақытта тәуелсіздік таңымен тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, ұлттық келбетімізді танытты.
Бұл – бар істің басы ұлттық тілі жоқ мемлекет те бола алмайды. Ата заңымыз қабылданып, ұлттық теңгеміз айналымға шықты. Қазақстанның Байқоңырынан әлемнің түпкір-түпкірінен достық ниетін жұпталып ұшқан ғарышкерлер қатарынан тәуелсіздік шапағымен қазақ ұлдары да ғарышқа жол сала бастады.
Т.Мусабаевтың ғарыштан Абайдың «Көзімнің қарасы» шырқауы қай қазақтың жүрегін тебірентеді, қай қазақ сол сәтте қуаныштан көзіне жас алмады екен?! Осы тәуелсіз елімізідің Елбасы – Н.Ә.Назарбаев білімімен де, табиғат сыйлаған дарынымен де халықтың қалаулысы болып, бір ауыздан сыйлаған алғашқы президенті.
Еңбегі – шежіре,
Ерлігі – дастан.
Қазағым осы –
Мерейі асқан – демекші, Қазақстанның табыстары – көз қуантып, көңіл өсірерлік.
Елбасының 2030 жылғы дейінгі стратегиялық ұзақ мерзімді бағдарламасы – халықтың өркениетті елдер қатарына бастар ақ жолы.
ХХІ ғасыр табалдырығын құтты қадамымен аттаған халық – біздің Қазақстан халқы, менің аяулы елім!
Қазақстан кешегі арманның ақ төріне жеткен, бүгінгі салтанатты келбеті халқымен бірге шаттанған Елбасы жүрегінің тебіренісімен жыр болып туып, Б.Тілеуханов ағамыздың ұлттық нақымымен әл болып қалықтап, бейбіт құс ақ көгершіндегі әр қиырына таратып жүр.
Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көңіл, міне, аңсаған күнге.
Жасай бер, жаса, қазағым менің!
Ә.Нұршайықов атамыз айтқандай «Тәуелсіздер тойын қуанышпен тойлайды, тәуелділер қалай азаттықты алуды ойлайды, тәуелсіздік тойына тойла, тойлай жүріп оны өркендетуді ойла».
Бүгінгі таңда Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫУ-ға төрағалық етуге сайлануы. Батыс елдердің еліміздегі демократиялық реформаларды мойындату.
Ия, Тәуелсіздіктің жемісі тәтті, бейнеті қатты. Тәуелсіздіктің шымқай көк туын асқақтата аспанға көтергенімізге 16 жыл толды.
Жасасың халқым! Жасасын көк байрағындай көкке өрлеп бара жатқан аяулы менің Қазақстаным!
