«Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат»

Ақтөбе облысы, Алға қаласы, Маржанбұлақ ауылы
Маржанбұлақ орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі
Дәрібаева Гүлжанат Тарасқызы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» – атты этнографиялық жарыс.

Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ең құлдықты білмесін, жер күндікті.
Аңсаймын мен сенемін туады ертең.
Қазақ болу – зор бақыт дер күн жетті.

Құрметті көрермендер, ұстаздар. Тәуелсіздік күніне байланысты өткелі отырған кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Қазақстанның өткен тарихы ата – бабаларымыздың бостандық пен болашақ бақыты үшін соның жолындағы ұзақ та ауыр, күрестің тарихы. Тәуелсіздік бұл оңаймен келген жоқ. Бұл ұзақ жылғы азапты, отты жылдардың жемісі еді. Ел басы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бостандық пен Тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтан – ұрпаққа қалдыру қажет» – деген сөзін әрқашан есімізден шығармауымыз керек. Егеменді еліміздің ертеңі – біздерміз. Кеще өткен от ауызды шешен, билеріміздің, етігімен су кешкен ерлеріміздің айбынды күшпен сақтап қалған, бүгінгі тәуелсіз алған Қазақстанды, жаңа ғасырдағы атамекенімізді мәңгі қастерлеу, өз Отанымыздың лайықты азаматы болу – бәріміздің қасиетті борышымыз.
Өмірге қуанышпен келіп едім,
Жігіттер, бақытым бар тегі менің,
Осы елде туған адам шын бақытты,
Ал бұл ел – байтақ жатқан менің елім.
«Ата жұрт» этнографиялық ойыны VI бөлімнен тұрады.
• Кірсепе
• Қанат қақты
• Самғау
• Шарықтау
• Шырқау
• Жерұйық
Бұл ойынға екі топ қатысайындеп отыр. Олар Сарыарқа, Хан – Тәңірі.
I – бөлім «Кіріспе» екі команда ортаға шығып патриоттық ән орындап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен таныстыру.
Мәнерлеп оқу: «Тәуелсіздік – тірегім»
II – бөлім «Қанат қақты»
I – топ Сарыарқа
1. Ең ұзын өзен (Ертіс)
2. ҚР Әнұраының авторы кім? (Ж. Нәжімеденов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов)
3. Ең ірі бөген? (Бұқтырма)
4. Жануар дүниесіне бай көл? ( Каспий)
5. Қанша қорық бар? (9)
6. Екі дүниеде орналасқан облыстар? (Атырау, Батыс Қазақстан)
7. Тәуелсіздік алған жыл? ( 1991 ж 16 желтоқсан)
8. Ұлттық валютамыз шыққан жыл? (1993 жыл 15 қараша)
9. Таза қазақ халқының саны? (9 млн)
10. Ең биік шың? ( Хан – Тәңірі 6995 м)
II топ Хан – Тәңірі.
1. Ең үлкен көл? (Каспий)
2. Ең құнарлы топырақ? (Қара)
3. Ең арзан көмір өндіретін кен орны? (Екібастұз)
4. Экологиясы нашар көл? (Арал)
5. Суы екі түрлі көл? ( Балқаш)
6. Қанша сағаттық белдеу бар? (2)
7. Біріккен Ұлттар Ұйымын мүше болған жыл? (1992 ж 2 наурыз)
8. Тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел? (Түркия, Румения)
9. Қанша елмен шектеседі? (5)
10. Ең төмен жатқан жер? (Қарақия – 132)
Мәнерлеп оқу: «Тәуелсіздік жолында»
III «Самғау» бөлімі
I топ Сарыарқа
1. Қазақстанның орналасқан ендігі бойынша 40 0 – тар субтропиктікке сәйкес, бірақ не себепті шөл мен шөлейттер зонасында жатыр? (Еуразия материктің ортасында және мұхиттардан қашық орналасқан. Иран, Гималай таулары Үнді мұхиты муссондарын бері өткізбейді.)
2. Не себепті Каспий теңіз – көлі деп аталады?
( Себебі Каспий теңіз емес көл? Ол 4 мұхитпен де шектеспейді)
3. Ш. Уалиханов Қашқараға жасаған саяхатындағы Шоқанның тапқырлығы мен ерлігін баяндап бер? ( Қашқараға барған Еуропалықтар өлтіріліп отырған. Шоқан басын қатерге тігіп жалған атпен Әлімбай Саудагер болып баруы. Көптеген деректер жинағаннан кейін кері қайтқан кездегі қуғыншылардан Шоқанның тапқырлығы арқасында қашып құтылады.)
II топ Хан – Тәңірі
1. Қазақстан Астанасының Ақмолаға көшірілуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?(1. Жаңа қала салу халықты жұмыспен қамтамасыз ету. 2. Сол кездегі дағдарысқа ұшыраған халықты тығырықтан шы,арудың бір жолы болатын. 3. Ақмолаға қазақ халқын қоныстандырып, шұрайлы жерге қазақтарды ие ету.)
2. П. Семеновтың Тянъ – Шанский аталуының себебі? (Тянь – Шанъ тауларын,, Хан – Тәңірін зерттеген, олардың жанар таулық емес екенін дәлелдеген еңбегі үшін халықтың берген атауы.)
3. Жел энергиясы қуатымен жұмыс жасайтын электр станциясын қайда салар едің?(Жоңғар қақпасы Сайқан. Ебі желдері)
Мәнерлеп оқу: «Желтоқсан оқиғасына 20 жыл толғанда»
IV «Шарықтау» бөлімі. Сурет сайысы:
I топ Сарыарқа
1) «Алтын адам» сақ жауынгерінің киімі. Есік қорғана.
2) Көкшетаудағы «Оқжетпес» шоқысы.
II топ Хан – Тәңірі
1) «Хан – Тәңіріндегі жайлау»
2) «Түркістандағы Ахмет Иассауи кесенесі»
Мәнерлеп оқу: «Мен Қазақпын»
V «Шырқау» бөлімі
Жанкүйерлер сайысы: 6 шардағы сұрақты жарып алып шешеді ұпайын ұнаған командаға береді.
1. Мына электор станциясын дұрыс орналастыр.
(АЭС – Атырау, ЖЭС – Екібастұз, Павлодар, СЭС – Бұқтырма, Ертіс)
2. Мұнай өңдеу зауыттарын зауыты бар қалаға орналастыр.
(Атырау, Шымкент, Павлодар)
3. Экскаватор жасау, таразы жасау, «Нева» автомобилі шығатын қалаларды ата:
(Экскаватор, тараз – Көкшетау, «Нева» – Өскемен)
4. Қазақстан Республикасының Монет сарайы. (Өскемен)
Дәрі – дәрмек орталығы (Шымкент)
Рентген аппаратын жасау зауыты (Ақтөбе)
5. Ұлттық теңгеміздегі бейнеленген Ұлы адамдарды ата.
( Әл – Фараби, Сүйенбай, Шоқан, Абай, Әбілхайыр, Абылай)
6. Адасқан сөздер:
Лада- дала
Аут – тау
Ерж – жер
Лопляр – поляр
Тұбл – бұлт
Лара – арал
Тебүк – түбек
Мәнерлеп оқу: «Астана»
VI «Жерұйық » бөлімі. Топ басшылар сайысы:
I топ Сарыарқа
1. Картамен жұмыс. Қалаған екі нүктенің қашықтығын табу.
II топ Хан – Тәңірі
2. Көзі байланып жауап береді. Бұл не? ( Глобус)
3. Мәнерлеп оқу: «Өз шығармашылығынан» Сағындықова Ә. 10 – сынып.
Жаннат жерде көрмеген таңдай қағып,
Жыр жаннатын ұрпаққа жалғап уақыт.
Жүрегіме ән құйған жасыр өлке,
Сенде туып, өскен қандай бақыт.
Осымен кешіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп – көп рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше