«Өнер және спорт»әдістемелік бірлестігі туралы баяндама
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Новобаженово ауылы, А.Ибраев атындағы орта мектептің
cызу,технология мұғалімі, «Өнер және спорт»әдістемелік
бірлестігінің жетекшісі Жанысбаева Алмагул Адильхановна
Бүгінгі таңда, тұтас алғанда, қазақ мәдениеті XXI-ші ғасырда үлкен бетбұрыс кезеңді бастан өткерді. Мемлекетіміздің алдында білімді де іскер,ғылымға деген білімге , өнерге қабілеті бар, заман талабына сай жастарды тәрбиелеу мәселесі тұр. Сабаққа дайындалған кезде сабақ беретін мұғалімге қазіргі кезеңдегі педагогиканың теориясы мен тәжірибесі жайлы көптеген сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді.Қазіргі таңда, «өнер және спорт» бірлестігінің жұмысы жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін бейнелеу өнері, музыка, сызу пәні, технологиялық білім беруді дамытуда айқындалған жалпы мектепшілік тенденцияларға барынша сүйенген жөн: ән орындау шеберлігін анықтай отырып, сызу, сурет салудың әдіс тәсілдерін көрсете білу және технология қол өнерінің шеберлігін жұмысын жүргізе отырып, теория мен практикалық байланысын күшейту арқылы іргелендіру қажет;
Интерактивті тақтамен жұмыс жасай білу;
Оқушыға сурет салғызып, ән орындатып жалпы айтқанда білім беруді, қазыргі кезеңге сәйкес өзгерту әрбір мұғалімге белгілі бір білім жиынтығын меңгертуге ғана бағытталмай, сонымен қатар жеке оқушының танымдық және жасампаздық қабілеттерін дамытуды алдын ала ойластыруды тиіс.
Өнер және спорт бірлестігінің мүшелері. қазыргі кезде білім беру жүйесіндегі кеңістігіне, білім беруді дамытудың жалпы тенденциялары оқушылардың білімі мен біліктерін елеулі түрде көтерумен ғана шектелмейді, сонымен қатар оқушының мәдениетін , қабілетін , шығармашылық мүмкіндігі мен өзіндік қасиетін дамытуды көздейді. Мұғалімдердің педагогикалық процессінің маңызды құрам бөлігі-мұғалім мен оқушы арасындағы жеке оқушыға бағытталған өзара қарым- қатынасы өте зор.
Бүгінгі таңда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жетіп, егеменді ел атаған уақытта болашақ ұрпақтың бойына Отансүйгіштік, елжандылық, ерлік, азаматтық қасиеттерді ұялату арқылы тәрбиелеу үшін мектепте музыка мен би өнері, сызу мен бейнелеу өнері және технология пәндерінің әр сабағын оқушы бойындағы асқар арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы, шынайы сырласу сабақтары десекте болады.
Бағдарлама бойынша жас ұрпаққа ұлттық білім берудегі негізгі пәндер ол, әсемдік сабақтары десе де болады. Өйткені әрбір ұлт перзентіне өз ана тілін терең біліп, халық әндерін, күйін орындау басты парыз. Сол білімін оқушыларға музыка пәні мұғалімі Сағадиева музыкалық үлес қосып отырады.
Бұл мұғалім дайындықтар жүргізіп мектеп және қалалық деңгейде көрсетіп отырады. Олар, Дина, Құрманғазы, Дәулеткерей т.б. қазақ композитоларының күйлерін орындайды.
Өнер және спорт бірлестігінің мұғалімдері алдарына мынадай мақсат және талап қойып отыр: Оқу тәрбие үрдісін қазыргі заман талаптарына сай құруға, жаңа технологияны әлбетте қолданып отыру.
Жалпы әдістемелік бірлестік мүшелері өзара бір -біріне сабақтарға да қарым қатынас жасап және оны талдап отырады. Технология сабағында мен кейбір оқушының білімін, еңбегін, белсенді қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беремін. Үлкен сынып оқушылары үйге берген тапсырманы кейде орындамай келеді. Әртүрлі мектеп үстіндегі жағдайларда шешім қабылдап етуге, олармен бірлесе әрекет жасауда берген тапсырмаларын қалыптастыра отырып жүзеге асыруға тырмысамын.
Мұндай жағдайда оқушыларым оқу мазмұнының элементтерін өзбетінше таңдай отырып, өзіне тән қарқынмен аппликациялау, матадан киім тігу өнерімен тереңдікпен игереді.
Технология пәнінің ерекшелігі оқушылардың практикалық және экспериментальдық қызметіне жасалынған,мысалы, көрмелерді ұйымдастырып, қол шеберлігіне, әр тұрлі бұйымдарды жасаған өнеріне технология мұғалімдері көп көңіл бөлеміз және оқушыларға ақыл беріп, өз пікірлерін, ойларын айтқызуға үйретеміз.
Әл-Фараби бабамыздың: «Дүниеде білімнен артық қазына жоқ» дегеніндей, өзінің болашағын ойлаған кез-келген мемлекет балаларының қамын ойлайды. Халқымыз жан-жақты адамды «Сегіз қырлы, бір сырлы» дейді. Адамның сегіз қырының бірі-оның білімі. Білімді баланың ойлы да іскер, жігерлі де батыл, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат болуы мақсатында
Егеменді ел болдық елден асқан
Халқымның қуанышы судай тасқан
20 жыл толған елдіктің мәресіне
Әркімдер әр шамада үлес қосқан,- демекші
5/12/11-9/12/11 аралығында ШҚО.Семей.Новобаженово ауылы.А.Ибраев атындағы орта мектепте «Өнер және спорт»әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» тақырыбында апталық болып өтті. Апталықтың ашылуында мектебімізден әр пәнге арнайы оқушылар алып апталыққа қатысы бар осы пәндер жөнінде өлең,тақпақтар айтқыздық.
Технология ,сурет пәндерінен оқушылар жұмыстарын көрсету барысында «Өнерлі қол-бақытқа жол»тақырыбында көрме ұйымдастырылды.. Дене шынықтыру пәнінен спорттық ойындар,көңілді старт, үстел ойындарынан бірнеше сыныптар арасында қызықты ойындар мен жарыстар өткізілді
Технология ,сурет пәндері бойынша өткізілген«Қолөнер -тәрбиенің құралы» шығармашылық сайысында Ұстаздар (Токай З математика, Омаргалиева Г.О ағылшын тілі , Омарбекова Н .Е қазақ тілі мен әдебиеті ,Балтабекова А.Б математика)мен оқушылардан (Түсіпбекова А. 7 «а»,Мұратова Ж.7 «а»,Ғабдулашимова А.8 «а», Гритчина Т.8 «б», Темербекова С 8 «б») құралған командалар қолөнердің бірнеше түрінен сайықа түсті.Қолөнер адам баласы үшін аса қажет екендігіне тағы да бір мәрте көз жеткізілді
Алғашқы әскери дайындык пәні бойынша «Сапта жүру, саппен қозғалыстар жасау, күш сынау, кім мерген, противогазды тез киіп-шешу» сияқты сайыстары өте қызықты және тартымды өтті «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» айдарымен өткізген»Толағай»отбасылық сайысы көптің көңілінен шықты.. Салауатты өмір салтын насихаттау барысында көрініс қойылды, әдеби –монтаж, ән шашу, биші қыздарымыздың өнерлерін ортаға салдық. Апталық соны» Жас қанат»аймақтық сайысымен қорытындыланды. Бас жүлдені А.Ибраев мектебінен 5 «а»сынып оқушысы Сәбитқызы Зере иеленді.Әр пән мұғалімдері алдына қойған мақсаттарына жетті. . Апталық соңында жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.Өткізілген осындай іс-шаралар барысында оқушылардың білім деңгейі, пәнге деген қызығушылығы артатындығы байқалды.
Еліміздің елдігін әлемге танытатын, оны жетілдіретін, дамытатын да жас ұрпақ. Сондықтан да, еліміздің болашағы осы жас жеткіншіктердің білім дәрежесінің тереңдігінен айқындалады.
