Без рубрики

Сапар мен парта. А.Сопыбеков

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылындағы «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Бегалиева Балымша

Сабақтың тақырыбы: Сапар мен парта.    Автор. Адырбек  Сопыбеков.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Мысалды түсініп оқып оның негізгі идеясын аша білуге үйрету.

Дамытушылығы: Ой – өрісін, ойлау, есте сақтау, дауыстап, мәнерлеп, шапшаң оқуға, сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға, шапшаңдыққа, еңбек етуге, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу, сахналау, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ән, қазақ тілі, бейнелеу.

Көрнекілігі: Хат, ашық хат, үлестырмелі қағаз, тірек сызба, сурет материалдар, интерақтивті тақта, ребус.

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқу құралының түгел болуын қарау;

ә) Психологиялық дайындық.

Талаптанып,

Қанаттанып,

Өмір сырын ұғамыз.

Білім алып,

Тұлғаланып

Азамат болып шығамыз.

— Міне, балалар, еліміздің тұлғалы азаматы болып шығуымыз үшін бізге не керек? Сендер мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап 42 әріпті танып сауатты оқуға, жазуға, сурет салуға, есеп шығаруға үйрендіңдер. Яғни, сол кезден бастап сендер балалар журналдарын оқи бастадыңдар. Өздеріңнің сүйікті журналдарынды атап жіберіңдерші. Олай болса, бүгін сендерге «Қуырмаш» журналынан хат келіпті. Қане, хатты ашып көрейік.

«Қымбатты менің сүйікті достарым!

Мен сендердің сүйікті достарың Қуырмаш боламын. Сендердің білімдеріңді байқамақ болып, көптеген тапсырмалар жіберіп отырмын. Осы тапсырмаларды орындаған оқушыларға сыйлықтарым бар. Егер жақсы тапсырмаларың болса, Қуырмаш журналына жіберулеріңе болады. Біз кішкентай достарымыздан жақсы жаңалықтарды асыға күтеміз. Сендерге сәттілік тілейміз.»

— Міне, балалар, Қуырмаштың тапсырмаларын орындап біз де өз білгендерімізді достарымызға жіберейік.

 

Еске түсіру кезеңі.

«Өткенді білмей, болашаққа ұмтылу мүмкін емес!»

Н. Назарбаев.

1 – тапсырма. Қызығушылықты ояту

  • Балалар, мысал дегеніміз не?
  • Суреттегі мысал қалай аталады, авторы кім?

  • Бұл мысалда біз көріп тұрған кейіпкерлер туралы не айтпақ болды?

  • Балалар мына сурет бізге таныс па? Бұл қай тақырыптағы кейіпкерлер?

  • «Ара мен шыбынды» жазған кім екен?

  • Біз осы суреттен кімдерді көрдік, сондай адамдар осы өмірде бар ма?

  • Балалар суреттен нені көріп тұрсыңдар?

  • Яғни, балалар, осы екі кейіпкер туралы шығарма жазған кім?

  • Осы екі кейіпкерлердің арасында қандай қақтығыстарды көрдік?

  • Олай болса адамдардың бойындағы қандай мінез – құлықты байқадық?

  • Сурет бізге таныс па? Қай шығармадан оқыдық?

  • Араша шығармасының авторы кім?

  • Балалар, мына жерде үй жануарлары мен адамның арасында байланыс бар ма?

— Міне, балалар бірнеше кейіпкерлердің сөйлесуін көрдік, екі адам немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуін не деп атаймыз?

— Міне, балалар, Қуырмаштың 1 – тапсырмасын орындап болдық, енді келесі тапсырманы орындайық.

2 – тапсырма. Үй тапсырмасы: «Араша». Қастек Баянбаев.
1. Жұптық тапсырма.
Жазбаша сөйлеу
2. “Суретті таңда” ойыны
Өлеңді рөлге бөліп орындау

Жаңа сабақ. Мағынаны тану. Ребус шешу

            , , , ,            , , ,                                                         , , , ,                                 , , , , ,                       , , , ,       ,

 

                   , , , , ,                                              , , ,                                                              , ,

 

 

       , , , ,                                   , , ,        ,                           , ,            , , ,                                  , , , ,                     ,       ,,,

 

                          (Сапар мен парта)

  • Міне, балалар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Адырбек Сопыбековтың «Сапар мен парта» мысалы. Адырбек Сопыбеков 1937 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келген.Оның балаларға арналған «Көзілдірік», «Айға сапар», «Кім қалай ұйықтайды?», «Көктем жыры», «Базарлық», «Айналайын», «Күншуақ», «Шешілген жұмбақ», тағы басқа кітаптары шыққан.

Адырбек ағаның «Сапар мен парта» деген алғашқы өлеңі осыдан 57 жыл бұрын «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жарияланды. Бұл республикалық баспасөзде тұңғыш жарияланған өлеңі болатын-ды. Содан бастап осы газеттің белсенді авторларының бірі және штаттан тыс тілшісі болды.Балаларға арналған өлеңдері 60-тан аса топтама жинақтарға енсе, соңғы 50 жылдан бері біраз өлеңдері бастауыш мектеп оқулықтарына жыл сайын үзбей басылып келеді.Бірқатар өлеңдері орыс, белорус, өзбек тілдеріне аударылған.

Өлеңді мәнерлеп оқып түсіндіру (интерактивтік тақтадан үсті сызылған, боялған парта шығады).

Ой тастау: «Ізденген жетер мұратқа» (сұрақ – жауап)

  1. Жаңа оқылған өлең мен мына суреттің арасында ұқсастық бар ма?
  • Парта Сапарға неге ренжіді?

  • Қалай ойлайсыңдар Сапар өз кінәсін мойындады ма? Оны өлеңнің қай щумақтарынан аңғаруға болады?

  •  

    Қуырмаштың 3 – тапсырмасы. Ойлан.
    ▪ Парта неден жасалады?
    ▪ Емен ағашы туралы не білеміз?
    ▪ Ағаш туралы қандай мақал-мәтел білесің?

    Қуырмаштың 4 – тапсырмасы:
    «Біздің сыныпта». Эссе.

    Мұны білген жөн!

    Гигиеналық талаптар

    1. Мектептегі оқу жабдықтарының ара — қашықтығы келесідей болуы керек:
      а) парталар қатарының арасы – 60 см;
      ә) екі парта арасы – 50 см
      б) соңғы партаның тақтаға қарсы қабырғадан қашықтығы – 70 см
      в) мұғалім үстелі мен тақта арасы – 1 м
      г) бірінші парта мен тақта арасы – 2, 4 — 2, 7 м
      ғ) соңғы парта мен тақта арасы – 8, 6 см
      д) тақтаның жерден биіктігі – 80 — 90 см

    Ой толғаныс
    Алтын ереже

    • Мектеп мүлкін күтіп ұста
    • Партаны сызба
    • Партаны бүлдірме
    • Орындықты ырғыма
    • Шкафтың есігін жай ашып, жай жап
    • Кабинет есігін қатты жаппа
    • Партаны күтіп ұста
    • Әр бейсенбіде партаны тазалап сүрт

    Оқулықпен жұмыс: «Кітап – білім бұлағы»

    Оқушылар мысалды тізбектеп оқиды.

    Сапардың өз кінәсін мойындағандығын өлеңнің қай шумақтарынан аңғаруға болатын жерді тауып оқы.

    Енді мысалдан партаның ішкі сезімін білдіру үшін өздігінен сөйлеп кеткен жерін тауып оқу.

    Енді балалар, жалпы осы шығарманың мазмұнын түсінсек: Ақын, жазушылар, сөз өнерін сыйлаған парасатты кісілер екендігін көрдік. Сол кісілердің сиқырлы әріптер мен кестелі сөздер мен өрнектелген өлең жолдарын өзіміздің анамыздың ақ сүтімен келген ана тіліміз арқылы сахналық көрініс жасап, осы сәтті көз алдымызға елестетейікші.

    Міне, балалар, осындай жағымсыз іс – әрекеттерден кейін не айтар едіңдер?

    Сенің өзіңмен – өзің сөйлескен кезің болды ма? Қай сәтте, қашан болды?

    Балалар, біз Қуырмаштың 4 – тапсырмасын да орындап болдық. Енді шаршаған боларсындар. Бір сәт демалайық.

    Қане, бәріміз орнымыздан тұрып, ән сабағында ән айтқанда қалай отырамыз.

     

    Сергіту сәті. «Ормандағы аю»

    Қуырмаштың 5 – тапсырмасын орындаймыз.

    5 – тапсырма. Шығармашылық жұмыс.Дәптермен жұмыс.

    1 – тапсырма:

    Партаны адам кейпіне келтіріп, (қабағын түйіп, көзін алартып) суретін салып, әңгімелеу.

    2 – тапсырма: Дыбыстық талдау жасау:

     

    Сөздер

    Дауысты

    Дауыссыз

    жуан

    жіңішке

    қатаң

    ұяң

    үнді

    Сапар

    мен

    парта

     

    3 – тапсырма: Ой толғау жазу: Сапар мен парта……..

    Балалар салған суреттерін көрсетіп, әңгімелейді. Дыбыстық талдау жасайды. Сапар мен парта туралы жазған ой – толғауларын оқып береді.

    Ой қорыту: Тіл ұстарту кезеңі.

    Мені мазалағаны …

    Маған ой салғаны …

    Бәрінен кереметі …

    Мысалға қосатын ойың …

     

    — Міне, балалар, сендер бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді ортаға салдыңдар.

    Яғни мысалдардың сендерге тәлім – тәрбиесі, ғибраты өте зор. Сендер осы мысалдарды оқи отырып Абай атамыздың бес дұшпанын бойымыздан аулақ ұстап, бес асыл ісін бойымызға сіңіре беруіміз керек. Яғни жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуіміз керек.

    Міне, балалар, біз Қуырмаштың тапсырмаларын түгел орындап болдық. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Білім Қоғамы жолында атты «Назарбаев университетінде» оқыған лекциясында былай деді: «Тұлпар дүлдүлдігімен, адам білгірлігімен озады.Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін бар. Ол-білім ! Ол-еңбек! Ел болашағының баянды болмағаны баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты.Ендеше, білімдерің толыссын! Еңбектерің жансын!» Өйткені, болашақтың кілті білімді ұрпағында. Енді өзіміздің жақсы орындаған тапсырмаларымызды Қуырмаш журналына жібереміз.

    Бағалау.

     Үйге тапсырма: Мысалды оқып, мазмұнын әңгімелеу.

     

     

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.