Без рубрики

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой орта мектебі Мұратова Гүлстан (бастауыш класс мұғалімі)

Сабақтың тақырыбы : Бесік жыры
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға қазақтың ұлттық қазынасының бірі- бесік туралы білім беру. Бесік жырының тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой–өрісін байланыстырып сөйлеу мәнерін қалыптастыру, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұлттық рухани құндылықтарға тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас сабақ
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : топтастыру, баяндау, шығармашылық, ой — қозғау.
Сабақтың жабдығы : интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер, бесік, бесік құралдары, ойыншықтар.
Сабақтың барысы :
I. Ұйымдастыру
Психологиялық даярлық
Орнымыздан тұрайық!
Амандасып алайық!
Ұқыпты тыңдап сабақты,
Жақсы баға алайық!
II. Үй тапсырмасы тексеру
“Жаздыгүн шілде болғанда” өткенді қайталау.Франтальды тексеру
1. Осы тараудағы Абай өлеңін ата және жатқа айт.
2. «Қымыз молайып, қозы піскен кез» деп қай айды айтады?
3. «Шыбынсыз жаз» дегенді қалай түсінесің?
4. «Дала» өлеңінің авторы кім?
5. Таң алдында ататын жұлдыз ?
6. Ғ.Мүсірепов кім?
7. Малды жақсы көретін бала кім деп аталады?
8. Жаз айларын ата?
9. Біз өткен шығармаларда жылдың қай мезгілі суреттелген?
10. Нөсер деген не? Қандай түрлерін білесің?

• Өткен материалды бекіту. Табиғат – тал бесігім. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Сарқылмас қазына» тарауынан « Бесік жырымен» танысамыз.

III. Жаңа сабақ.
• Ой қозғау: Суретпен жұмыс.
— Суретте кімдер бейнеленген? Сурет бойынша әңгімеле?
• Мағынаны таныту.
a) Бесік жыры туралы түсінік.
Бесік жыры – тұрмыс -салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ.Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным сенімінің,дүние – танымымыздың көрінісінің бірі.Бесік жыры барша халық ұлттың тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Тәрбие тал бесіктен деп халқымыз бекер айтпаған.Әлемде бесік жырын әр ел әр түрлі атайды.Атқаратын қызметі, мазмұны байлығы поэтикалық құрылымы мен сөз әуені жағынан үндесіп жатады.Бесік жырының басты қызметі-бесік тәрбиесімен ыңғайлас, сазды –әуен ырғақты сазбен баланы тыныштандыра отырып оның жан жүйесі мен санасын ұлттық – ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру.Бесік жыры баланың сәби кезінде яғни 1-5 жас аралығында , бала жанына жағымды әуенмен айтылады. Қазақ бесік жырының үлгілерін 1905 жылы Ә.Диваев жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқан мен,халық жырларымен асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.
б ) Оқулықпен жұмыс.
1. Бесік жырын мәнерлеп оқып беру.
2. Мазмұнын талдау
Сұрақ-жауап әдісі
— Анасы баласын қалай жұбатады?
— Ол баласын жақсы көрген сезімін қандай сөздермен білдіреді?
— Анасы баласына тілегін қай жолдарда айтады?
— Ол баласының үлкейіп, адам болуын армандағанын қандай шумақтардан байқадың?
— Анасы баласының кім болуын қалайды?
— Сенің кім болғың келеді?
— Өлең неліктен «Бесік жыры» деп аталған?
— Өлеңдегі анасының баласына кім болар екенсің деп санамалап айтқан мамандық түрлерін теріп,дәптеріңе жазып ал.
IV. Сергіту сәті
V. Дәптермен жұмыс.
• Өлеңдегі анасы баласына кім болар екенсің? деп санамалап айтқан мамандықтарын дәптерге теріп жазу.
Ұста,балуан, ғалым , әртіс, батыр, шешен,еңбекші.

VI. Артық болмас білгенің… Ұлттық тәлім бастаулары

Сүйінші Шілдехана Балаға ат қою Бесік

Бесік тойы Бесік жырлары Баланы қырқынан шығару Тұсау кесу

Атқа мінгізу (4,5 – 5 жас) Сүндет тойы

VII. Ой қорыту
а) Бесікке қатысты ырымдар мен тиымдар.
1.Бос бесікті тербетуге болмайды.
2.Бесікті сатуға, кез-келген адамға беруге, аяқ астына тастауға болмайды.
3.Бесікті ашық қалдырма.
4.Бос бесіктін озін анда-санда отпен аласта.
б ) Толықтыр

Гүлдей жайнап ———————(өсерсің)
Білім қуып ———————— (кетерсің)
Ата-анаңа ——————— (мақтан боп)
Арманыңа——————— (жетерсің)
VIII. Үйге тапсырма: 9,10 тапсырма
IX. Бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.