Без рубрики

Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде дамуы

ШҚО Аягөз қаласы, «№5 орта жалпы білім беру мектебі» ММ
Тарих пәнінің мұғалімі: Жолдыбаева Раушангуль Турсынахуновна

Пән: Адам және қоғам   Класс:11 «А» класс
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде дамуы
Cабақтың презентациясын жүктеп алу:  Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде дамуы. Презентация
Сабақтың мақсаты. Білімділік: Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде дамуын көрсету, оның өзіндік ерекшелігін негізгі қағидаларын ашу, түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды демократиялық құндылықтарды    құрметтеуге, саяси мәдениетке, саналылыққа, белсенділікке тәрбилеу.
Дамытушылық: оқушылардың білімін жетілдіріп, ой-өрісін, қиялын дамыту, көзқарасын қалыптастыру, пікір айтуға баулу.

Сабақтың   түрі: панорамалық сабақ

Оқыту әдісі: ақпараттық технологияны пайдалана отырып, оқушыны іздендіру, шығармашылықпен жұмыс жасату, жаңа тақырыпты топтаса отырып меңгерту.
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер:
  Сұрақ-жауап; әңгімелеу және түсіндіру; тест; тірек сызба; хронологиялық кестемен жұмыс;  проблемалық сұрақтар туғызу, оларды шешу; кілтті сөздермен жұмыс; «Ойлан-тап» ойыны; «миға шабуыл», пікірталас элементтері.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, құқықтану

 

 І.Үй тапсырмасына берілген сұрақтар бойынша «Блиц-сұрақ»

1.Демократия деген не?

Жауабы: Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді.

2. Демократиялық қоғамның   белгілері қандай?

Жауабы:

Саяси пікірдің әралуандығы;

Көппартиялылық

Демократиялық сайлау жүйесі

Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдар, оларды іс жүзінде қолдану;

Қоғамдық ұйымдар жүйесі;

Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігі;

Оппозицияның болуы;

3.Демократиялық  мемлекет деп қандай мемлекетті айтамыз?

Жауабы: Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы.  Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.Халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.

4.1990 жыл сайланған алғашқы парламент туралы не білесің?

Жауабы: Ең алғаш Серікболсын Әбділдин төрағалық еткен Жоғарғы Кеңес 1993 жылы  тартылды  жыл жарым бұрын жұмысын тоқтатты. Серікболсын Әбділдин төрағасы болды. Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі туралы декларация мен тұңғыш Конституцияны, мемлекеттік рәміздерді қабылдады.

5. Екі палаталы парламент қашан сайланды?

Жауабы: 1996 жыл 30 қаңтар

6. 1994- ші жылы сәуірде сайланған Қазақстанның тұңғыш көппартиялық кәсіби парламенті неге таратылды?

Жауабы:  Конституциялық сот Татьяна Квятковскаяның арыз-шағымына орай   «Жоғарғы Кеңес заңсыз сайланды» деген шешім шығарылып таратылды.

7.  2007-ші жылы 3-ші Парламент Мәжілісі не себепті тарады?

Жауабы: 2007 жылы  Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің өкілеттілігі мен мәртебесі туралы  Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін   «демократиялық реформаларға тежегіш болып отырғымыз келмейді» деген депутаттар  мерзімінен 2 жыл бұрын  тарады

8. Қазақстан Республикасы Президентінің  2011 жылғы 16 қарашадағы №175 жарлығында  не туралы айтылған?

Жауабы: Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына,   63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85, 86-баптарына  сәйкес төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылды.  2012 жылғы 15 қаңтарда Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетіні белгіленді. Ал 16 қаңтар күні Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы белгіленді.  15 қаңтарда  Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Партиялық тізімдерді тіркеу  15 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Халық – билік қайнары болуы үшін қандай   болуы керек деп ойлайсыңдар?

Тұтқа болатын сөздер:

әділеттілік                                                                                       құқықтың  сақталуы

халық билігі                                                                        сөз бостандығы

еркіндік                                                                               сайлауға қатысу

ІІ.Жаңа сабақ.

3-топ тапсырмасы

Хронологиялық кестені толтыр.

Уақыты                  Болған оқиғалар                    Нәтижесі
1990 ж.

25 наурыз

Қазақстанда парламентаризмнің институт ретінде қалыптасуы Жоғарғы Кеңестің алғашқы сайлауы өтті
1996ж. 30қаңтар 1995 ж Конституция негізінде құрылған парламент қызметін басталуы Парламент қос палаталы болды. Сенат пен Мәжіліс
1991ж.16 желтоқсан Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет атанды.
1991ж.                        1 желтоқсан Алғашқы бүкіл халықтық демократиялық сайлаудың өтуі Н.Ә.Назарбаев Қ.Р.Президенті болып сайланды.
1995 ж.1 наурыз Қазақстан халқтарының  Ассамблеясының құрылуы Қазақстан Республикасының Халықтарының Ассамблеясы құрылды.

 

2-топ тапсырмасы

Демократия белгілері Қазақстан Республикасының Конституциясында қалай  жүзеге асырылады?

Жауабы: Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері:

қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;

-қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап).

 

Мемлекеттік  биліктің бірден-бір бастауы –халық. Халық  билікті тікелей республикалық референдум арқылы және еркін сайлау арқылы жүзеге асырып,өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органға береді.Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды.

-Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады

    

     1-топ тапсырмасы Қазақстан Республикасы Демократиялық мемлекет

Қазақстан Республикасыдемократиялық мемлекет.

 

1. Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституцилық Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Жарлығында  белгіленген. мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын) құру тәсілі – ерікті сайлау.

 

 

5.Тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды.

 

3.Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу қатысуға тең құқықтар беріледі.

4.Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп,

«Ойлан тап» ойыны.

1. Демократияның басты белгісі

Жауабы:

Еркін және әділ сайлау

2.Сенат депутаттарының саны қанша ?

Жауабы:

2007 жылы өзгертілген еліміздің Конституциясына байланысты Парламент               Сенатында 47 депутат бар.

3.Қандай партиялар сайлауға түседі?

Жауабы:

Нұр Отан

Руханият

Азат

Ақжол

Әділет

4.Парламент депутаттарының өкілеттік мерзімі қандай?

Жауабы:

Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі-5 жыл

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 6- жыл

5.1993ж .соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген қандай үш саяси партия болды?

 Саны — 3

1) Социалистік партия

2) Қазақстан Халық Конгресі

3) Қазақстан республикалық  партиясы

6. Қандай жас аралығындағы азаматтар Сенат пен Мәжіліске депутат бола алады?

Жауабы:

Қазақстан Республикасында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.

Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар жатқан адам Сенат депутаты бола алады.

7. Қазақстан халықтары Ассамблеясынан сайланатын депутаттар саны?

Жауабы:

9

8. Қазақстан Республикасының Конституциясына қандай өзгерістер енгізілді? Қашан?

Жауабы:

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

9.Қазақстан парламентінің төменгі палатасы Мәжілісінің сайлауы қашан болады?

Жауабы:

2012жыл 15 қаңтар

 

 

ІVТест «Дұрыс па, бұрыс па?»

Сұрақ Дұрыс Бұрыс
1.Әр сайлаушы бір ғана дауысқа ие болады және өз еркін білдіреді. +  
2.Парламент  депутаты  бір мезгілде екі палатаның мүшесі  бола  алады   +
3.Жасырын дауыс беру, саяси  партиялар және олардың арасындағы бәсекелестік демократияға тән +  
4.Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы  Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды иеленді. +  
5.Парламент депутаты президентке  ант береді   +
6.Парламенттің бірінші сессиясын мәжіліс төрағасы шақырады   +
7.Сайлау өткенше Үкімет Мәжілістің функцияларын орындайтындығы белгілі болды.   +

 

 

Қорытынды:

               2

 

1                    3        Өзара сұрақ.  топтардың бір-біріне  сұрақ қоюы

 

 

1Депутаттар  мәжілістің тарауын  қалай түсіндіреді?

2Қазақстан парламентінің төменгі палатасы өзін-өзі таратты, неге?

3Парламенттің таратылуы тұрақсыздыққа әкелмей ма?

4Депутаттар Нұртай Сабильянов пен Виктор Рогалев Мәжілісті тарату туралы үндеу жариялады.                   Олар қандай себеп көрсетіп отыр?

5.Осы жолы  қандай өзгерістер бар ?

6. Қарапайым Қазақстан азаматына мемлекетіміздің демократиясын көтеру үшін не істеу керек?

 

Жауабы:

-Конституцияның 63-ші бабына сәйкес  53 депутат Мәжілісті тарату туралы  ұсынысты Президентке жолдады. Экс-төраға Орал Мұхамеджанов  мәжіліс жақсы жұмыс істеді дей отырып, көппартиялық мәжіліс құру талабы алдымызда тұр дейді. 4-ші шақырылымның жұмысына «төрт» деген баға бергенін айтады. Сондай-ақ, депутаттар 4-ші шақырылымда барлығы 500-ден астам заң қабылдаған, оның 400-ден астамына Президент қол қойған.

-Қазақстан қуатты индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруда. Депутаттар оны жүзеге асыру үшін парламентке жаңа заңдар қабылдайтын жаңа адамдар әкелу қажет деп санайды. Қазақстандықтардың  67,2% -ұсынысты  қолдаған,12% қабылдамаған, 5%  жауап беруге қиналған.

— Төрт елде, атап айтқанда, Ирландия, Македония, Латвия және Испанияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтті. Таяу уақытта Словения мен Грекия елінде де кезектен тыс парламенттік сайлау өткелі тұр. Осылайша, кезектен тыс немесе мерзімінен бұрын парламенттік сайлау демократиялық елдерге тән жағдай. Қазақстанда кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы шешім Конституцияға және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес қабылданды. Тұрақсыздықты тудырмайды.

-Біріншіден Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты Парламент кемінде екі партиядан сайлануы керек болды.Екіншіден дүниежүзілік қаржы дағдарысының екінші толқыны келе жатыр. Үшіншіден елімізде индустрализациялау ісі қарқын алды,парламентке жаңа заңдар қабылдайтын жаңа адамдар қажет деді.

Осы жолы  қандай өзгерістер балады:

-Елдегі демократиялық және басқа да реформаларға жаңа серпін беріледі

-Қазақ тілін жетік білетін депутаттар сайланады деп ойлаймыз

— Ендігі Мәжіліс құрамы кемі екі партиядан жасақталуы мүмкін

-Саяси партиялардың жұмысы жанданады, күшейеді және саяси партиялардың арасындағы  бәсекелестік артады

Саяси мәдениет жоғары болу керек

— Адамдар белсенді болу керек

 

ІV.Тест «Дұрыс па, бұрыс па?»

Сұрақ

Дұрыс

Бұрыс

1.Әр сайлаушы бір ғана дауысқа ие болады және өз еркін білдіреді.

+

2.Парламент  депутаты  бір мезгілде екі палатаның мүшесі  бола  алады

+

3.Жасырын дауыс беру, саяси  партиялар және олардың арасындағы бәсекелестік демократияға тән

+

4.Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы  Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды иеленді.

+

5.Парламент депутаты президентке  ант береді

+

6.Парламенттің бірінші сессиясын мәжіліс төрағасы шақырады

+

7.Сайлау өткенше Үкімет Мәжілістің функцияларын орындайтындығы белгілі болды.

+

 

V.Үйге тапсырма § 36

«5» баға үшін  —  «Адамдар демократиядан не күтеді?» өз ойын жазу.

«4» баға үшін    § 36  тақырыптың   сұрақтарына жауап беру

VI.Бағалау Бағалау парағы:

Әр бір жауап — 1 балл

10-9 балл және одан жоғары «5»,   6-8 балл – «4»,  4-6 балл – «3»

 

Блиц-сұрақ

Топтық тапсырма

Ойлан,тап

Өзара сұрақ

Тест «Дұрыс па, бұрыс па?» Барлығы

                   

                                       Электронды журналға оқушылардың бағасын қою

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.