ШҚО Аягөз қаласы, «№5 орта жалпы білім беру мектебі» ММ
Тарих пәнінің мұғалімі: Жолдыбаева Раушангуль Турсынахуновна
Пән: Қазақстан тарихы Өтілетін класс:10 «Б» класс
Тақырыбы: Ерте орта ғасырлардағы империялар
Cабақтың презентациясын жүктеп алу: Ерте орта ғасырлардағы империялар. Презентация
Мақсаты: Түрік империясының құрылуы және Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, ыдырау себептері, саяси тұлғалары туралы түсініктері мен білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды іздемпаздыққа, шығармашылыққа өз ойын жеткізе білу дағдыландыру
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойында елжандылық, отанға деген сүйіспеншілікті тудыра отырып , ұлы тұлғалардың өмірімен қызметін үлгі тұту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: оқушыны іздендіру, мұғалімнің тек ұйымдастырушылық рольі, кубизм әдісі, оқушының жаңа тақырыпты өзбетімен меңгеріп шығуы, оқулықпен жұмыс жасау
Көрнекіліктер: Слайдтар, карталар
Психологиялық тренинг әдісі, тірек сөздер арқылы сабақтың тақырыбын табу. Қаған → империя → Түрік→ ғасыр
№І.Мәтінмен жұмыс.Оқушыларға тақырыпшаны оқып шығуға уақыт беріледі.
1 топқа. Түрік түрік империясының құрылуы, дамуы.
2 топқа.Түрік империясының ыдырауы.
3 топқа. Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көтерілуі.
1 топқа І тапсырма сәйкестігін тап. Бағалау критериі 5 балдық
№ | Сұрақ |
Дұрыс жауабы |
№ | Жауабы |
1 | Түрік империясы құрылған жыл | 4 | 1 | Чжоу мен Цин империялары |
2 | Түрік империясының негізі қаланды | 5 | 2 | Мұқан |
3 | Түрік империясының құрылды | 2 | 3 | Сасанилықтар |
4 | Мұқан кезінде жылына 100 000 юань төлеген. | 1 | 4 | 552жыл |
5 | Түріктерге жылына 4000 рим ақшасына тең салық төлеген | 3 | 5 | Бумын |
2 топқа тапсырма. Сәйкестігін тап. Бағалау критериі 5 балдық
№ | Сұрақ | Дұрыс жауабы | № | Жауабы |
1 | Түрік қағанатының Шығыс және Батысқа бөлінуі | 5 | 1 | Қара теңізге дейін |
2 | Шығыста шекарасы басталады | 4 | 2 | Суй |
3 | Батыста шекарасы | 1 | 3 | VI ғ.80ж |
4 | Алым-салық төлеуден бас тартқан қытай империясы | 2 | 4 | Хинган тауы |
5 | Саяси бытыраңқылық басталды | 3 | 5 | 603жыл |
3 топқа тапсырма. Сәйкестігін тап. Бағалау критериі 5 балдық
№ | Сұрақ | Дұрыс жауабы | № | Жауабы |
1 | Жазғы ордасы | 4 | 1 | Тон |
2 | «Он оқ будын» | 5 | 2 | Суяб |
3 | Ауғанстан мен Үндістанның сол-бат. басып алды | 1 | 3 | Тархан,бұйрық |
4 | Шу бойындағы орталығы | 2 | 4 | Мыңбұлақ |
5 | Сот істерін жүргізген | 3 | 5 | Дулу, нушеби |
№ 2 тапсырма. Жазба деректер.Мәтінмен жұмыс
Ежелгі түркілердің шығу тегін көне аңыздар мен жазбалар Ұлы даланың тұрғындары- турлармен байланыстырады. Түркі сөзі «әскери ақсүйек» деген сөзден шыққан деген жорамал бар.Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп есептейді.
Бумын қаған (? – 552 ж.) – түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Түркі елі жиналып, Бумынды ақ киізге көтеріп, «Ел қағаны» деп жариялады. Әйеліне «Ел Білге қатын» деген атақ берді. Бірақ Бумын қаған өзі орнатқан қағанаттың дәуірлеп дүркірегенін көре алмады. 553 жылдың қозы айында өз ажалынан қайтыс болды.Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жужан қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған.
«Жыу кітабы» (Жыушу): «Осы кезде (546ж.) телылар жужандарға қарсы жаза жорығына шығады. Тумын (Бумын) өзіне қарасты тайпаларды бастап, оларға орта жолда бүйірден тиісіп, талқанын шығарады. Сөйтіп 50 мың түтіндік бүкіл елін бағындырады» деген дерек береді.
Қытайдың «Батыс өңір баянында» хан ордасы Жұлдыз өзенінің бойында тігілген, Қаған 553 жылы қаза болып, Мұқан қаған болды.Осы қағанның кезінде Түрік қағанының тасы өрледі. Қаған айналасындағы елдерді қосып алып ,554 жылы Түрік империясын құрады Бумын қағанның інісі Істеми 572-576жж қаған бастаған түркі әскерлері Батыстағы елдерді бағындыру әрекетін жүргізді. Қытай деректемелеріне қарағанда, б.з. 555 ж. Істемидің (Силзебул) Орта Азияға қарай жасаған жорықтарының бірінде Арал теңізіне дейін жеткендігін хабарлайды. Ал «Күлтегін» үлкен жазуында Мұқан мен Істеми қағандардың өз халқын «Темір қақпаға» дейін орналастырған. Мұндағы темір қақпа деп отырған жері Согда елі мен Тохарстан
елінің арасында Байсын тауындағы өткел. Түрік қағанатының күшейіп, саяси жағынан белсенділігі артып, тарих сахнасына шыққан кезі VI ғасырдың ортасы. Бұл кезде түрік қағанаты Істеми Силзебул Орта Азиядағы эфталиттерді өздеріне толық бағындыруға әрекет жасайды. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтустік Үнді ойпатына дейінгі ұлаң-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді жеңе қою оңайға түсе қоймайтыны білген түрік қағаны Иран шахы Хұсрау I Ануширванмен келісімге келеді (561-563 жж.).
563-567 жылдары эфталиттермен болған ұрыстарда түрік қағанаты жеңіске жетеді.
VI ғ.70 ж Түрік империясы шекарасын Солтүстік Кавказ бен Қаратеңіздің солтүстік жағалауына дейін кеңейтті. Батыс Түркі шежіресінде : «Істеми қағанның жүз мың тулық жасағы бар, батыс өлкедегі елдерге жорық жасап ,өзін қаған санаған, он ұлыс елі бар қаған»,-деп жазылған.Олар сасандық Ираннан 4000 мың рим ақшасына тең салық алып отырған.
Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.).
Ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды.
Қағандықтың халқының этникалық құрамы «оң оқ бұдын» ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған.
Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік жағынан тарих сахынасына көтерілген кезі Жегу қаған (610-618 жж.) мен Тон қағанның қағандық құрған кездері.
Көк бөрі атауы қайдан шықты
Міне, осы тұста Алтай тауын паналаған көкбөрілер тайпасының ес жия бастағаны туралы Қытай және Еуропа жылнамаларында жазылып қалған мынандай бір дерек: босқан жаудан қорғану үшін пана іздеген бес жүз үйлі ғұн жұрты Сарыжайлаудан Алтайға үдере көшеді. Солардың соңына түскен аңдушы дұшпан оларды қырып тастайды. Осынау қырғын кезінде аяқ-қолы бірдей шабылған жалғыз бала аман қалады. Әлгі баланы көк бөрі тауып алып, сүтімен асырайды. Ер жеткен соң осы баладан көкбөрілер тарайды.
Ұлы ғұндардан қалған бір қауым елдің Сарыжазықтан үдере көшіп, Алтайдың қойнауындағы жан-жағын тау қоршаған оқшау жазықты паналағаны шындық. Елдің көсемін қытайлар Ашина, яғни, қытайша «мейірімді бөрі» деп атаған.Көкбөрілер тайпасының кейінгі ұрпақтары түркілер Қиыр Шығыстағы Хинган тауларынан Қап тауына дейінгі ұлан-ғайыр аймақты бағындырған. Олар бөріні кие тұтқан, бейнесін әскери байрақтарында бедерлеген.
№ | Деректер | Еңбектер | Мәліметтер |
1 | Қытай | 1.«Жыу кітабы»2.«Батыс өңір баяны»
|
546 ж. жужандарға Бумын қаған жорық жасап 50 мың түтін жужандарды бағындырады.Хан ордасы Жұлдыз өзенінің бойында болған, Қаған 553 жылы қаза болып, Мұқан қаған болды.Оның кезінде Түрік қағанаты күшейеді. Қаған айналасындағы елдерді қосып алып , 554 жылы Түрік империясын құрады. Бумын қағанның інісі Істеми қаған 572-576 жж бастаған түркі әскерлері Батыстағы елдерді бағындыру әрекетін жүргізді. б.з. 555 ж. Істемиди Арал теңізіне дейін жеткен |
2 | Түркі шежіресі | 1.«Күлтегін» үлкен жазуы2.Батыс Түркі шежіресі | Мұқан мен Істеми қағандар өз халқын «Темір қақпаға» дейін орналастырған. Темір қақпа деп отырған жері Согда елі мен Тохарстан елінің арасында Байсын тауындағы өткелІстеми қаған жүз мың тулық жасағымен , батыс өлкедегі елдерге жорық жасаған, Олар сасандық Ираннан 4000 мың рим ақшасына тең салық алып отырды. |
ІІІ тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Деңгейлік тапсырманы орындау.
«А» тапсырмасы:
1) Тұлғаны таны.
2) Көк бөрі атауы қайдан шықты?
«Б» тапсырмасы: картамен жұмыс.
Түрік Қағанатының териториясы.
Батыс Түрік қағанатының териториясы.
Жауабы:Түрік Қағанатының териториясы шығ. Хинган тауынан бат.Қара теңізге дейін Батыс Түрік қағанатының териториясы Жоңғар даласынан Сырдарияға дейін. Орталығы Шу бойындағы –Суяб, жазғы орда Тараз маңындағы Мынбұлақ
«С» тапсырмасы картамен жұмыс
1) VІғ. Түріктердің көршілері кімдер ? картадан көрсет
Жауабы:Шығыстан қытайлар, солтүстіктен тұнғыс –маньчжурлар, батыстан ирандықтар, оңтүстіктен тохар тайпалары қоршап жатты.
2) Батыс Түрік қағандарының жорықтарын көрсет.
Жауабы: Мұқан шығыста монғол, қырғыз
Істеми Батыс елдер Арал теңізіне дейін
Тон қағанның баласы Тарду шад Тоқарстан мен Канису(Ауғанстан)
IV.Сұраққа жауап беру.
1.Түрік қағанатының эфталиттерді талқандауы
2.Түрік қағандығының Византиямен сауда және әскери шарт жасасуы
3.Батыс Түрік қағандарының жүргізген саясаты
4.Түрік қағанатының этникалық құрамы.
5.Түрік және Батыс Түрік империяларының жер аумағы
V.Бекіту. Тест шешу
1.Түрік қағанаты 1-топ тест жұмысы
1. «Түрік» этнонимі қашан, қайда алғаш рет кездеседі?
а) II ғ. парсы жазбалары
ә) VI ғ. соғды кітаптары
б) 603 ж. орыс жылнамалары
в) 542 ж. қытай қолжазбасы
2. Түрік қағандығы іргесін қалаған кім?
а) Атилла
ә) Сұйық
б) Бумын
в) Мұқан
3. Түрік қағандығының тарихи шеңберін табыңыз.
а) 603–704 жж.
ә) 552–603 жж.
б) 582–593 жж.
в) 552–756 жж.
4. Ежелгі түрік тайпаларының алғашқы қоғамдық бірлестігі қалай аталған?
а) дұрыс жауабы жоқ
ә) жүз
б) сарай
в) алаш
5. Тарихта алғашқы қағанатты анықтаңыз.
а) түргеш қағанаты
ә) түрік қағанаты
б) қарахандар қағанаты
в) қарлұқ қағанаты
6. Бумын қай жылы қайтыс болды?
а) 556 ж.
ә) 554 ж.
б) 553 ж.
в) 555 ж.
7. Мұқанның ел билеген кезі.
а) 553–556 жж.
ә) 554–557 жж.
б) 557–570 жж.
в) 553–572 жж.
8. 582–593 жж. Түрік қағанатында қандай оқиға болды?
а) билік үшін күрес
ә) ашаршылық
б) соғыс
в) індет
9. Қытайлар түріктерді қалай атаған?
а) жабайы халық
ә) сюнну-ғұндар
б) қолөнершілер
в) соғыс құмарлар
10. Қай жылы Түрік мемлекеті екі дербес қағанатқа бөлінді?
а) 601 ж.
ә) 602 ж.
б) 603 ж.
в) 604
2. Батыс Түрік қағанаты 3-топ тест жұмысы
1. Батыс түрік қағандығының хронологиялық шеңберін анықтаңыз.
а) 603–704 жж.
ә) 704–756 жж.
б) 552–603 жж.
в) 603–656 жж.
2. Батыс Түрік қағанаты иеленген жер:
а) Орхоннан Дунайға дейін
ә) Шығыс Түркістаннан Каспийге дейін
б) Солтүстік және Орталық қазақстан
в) Сырдарияның төменгі ағысы
3. Батыс Түрік қағанатының астанасы болған қала:
а) Баласағұн
ә) Тараз
б) Суяб
в) Фараб
4. Батыс Түрік қағанатының шаруашылығы.
а) мал шаруашылығы
ә) егіншілік
б) аңшылық
в) көшпелі мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік
5. Мемлекетті кім басқарды?
а) қаған
ә) хан
б) патша
в) әскер
6. Халық қай тілде сөйледі?
а) қытай
ә) түрік
б) қыпшақ
в) араб
7. Қағанат он тайпаға бөлінді. Ол қалай аталды?
а) «он одақ»
ә) тайпалық одақ
б) «он оқ»
в) «он тайпа»
8. Батыс Түрік қағанаты қай жылы құлады?
а) 706 ж.
ә) 702 ж.
б) 705 ж
в) 704 ж.
9. Басты себебі:
а) феодалдардың ішкі талас-тартысы және Батыс Түрік қағанатының Таң патшалығымен соғысы
ә) ашаршылық
б) ішкі талас -тартыс
в) дұрыс жауабы жоқ
10. Қағанат территориясы қай қағанаттың құрамына кірді?
а) Қарлұқ
ә) Түргеш
б) Қарахан
в) Оғыз
Жауабы:
Түрік қағанаты
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
в | б | ә | а | ә | б | в | а | в | б |
Батыс Түрік қағанаты
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
а | ә | б | в | а | ә | б | в | а | ә |
2- тапқа ауызша тапсырма. Түрік империясының басқару жүйесі
Қағанды ақ кигізге отырғызып хан сайлаған.
Мемлекеттік ірі лауазымдарға қаған әулетінің мүшелері сайланған.
Қаған-мемлекет басшысы
Жабғу –бас уәзір
Шад- тайпа басшысы
Қара будын-қарапайым халық
Тат- тұтқынға түскендер, құлдар мен күңдер.
VI. Түсіп қалған даталарды орнына қойып сөйлемдерді толықтырып жаз
554 жылы Бумын қағанның інісі Істеми қаған Батыс елдеріне жорық жасады. VI ғ.70 ж Түрік империясы шекарасын Солтүстік Кавказ бен Қаратеңіздің солтүстік жағалауына дейін кеңейтті.
Бағалау парағы
№ | Аты -жөні | №1мәтінмен жұмыс | №2Деректермен жұмыс | №3Шығармашылық жұмыс | №4Кубизм әдісі | №5Тест тапсырмасы.Ауызша сұрақ | №6Сөйлемді толықтырып жаз |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
4 | |||||||
5 | |||||||
6 | |||||||
7 | |||||||
8 |
Үйге тапсырма §18 оқу
№ 1 тірек сызба дайындау
№2 тест дайындап келу
№3 10 сұрақ дайындап келу