Без рубрики

Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау

ШҚО Семей қаласы, Новобаженово ауылы
А.Ибраев атындағы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Токай Зауреш

Пәні: Алгебра  Сыныбы:  10 сынып

Мерзімі:  Тақырыбы:  Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау

Мақсаты: Тізбек туралы өтілген білімдерін жүйелеп, қайталау.

                 1. Білімділік. Өтілген тақырыптар бойынша алған білім-білік дағдыларын қайталай отырып, есептер шығарту.

     2. Дамытушылық.  Оқушылардың теориялық білімін практикада қолдана білу дағдыларын арттырып, таным белсенділігін дамыту;

3. Тәрбиелік. Ұйымшылдыққа, жаңашылдыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар, компьютер, проектор.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныпты екі топқа боліп отырғызу.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

а)Үйге берген тапсырма екі топтың таныстыруы, ұрандары, эмблемасы (1-топ – арифметикалық прогрессия, екінші топ геометриялық прогрессия, )

ә) Үйге берілген есепті екі оқушы тақтаға  орындайды.

3. Негізгі бөлім.

а) Сабағымызды «Ғажайып пирамида» ойынымен сабақтаймыз.

—          Жалпы пирамида дегеніміз не?

—          Пирамида  туралы не білесіңдер, естіген, оқыған, көрген-білгендерің бар шығар?

—          Өзіміздің елде пирамида пішіндес жаңа құрылыс бар ма?

—          Ол ғимарат қалай аталады?

—          Жуық арада сол ғимаратта қандай іс-шара өтті білесіңдер ме?

ә) Енді балалар алдарыңдағы монитордан тапсырмаларды ашып қараңдар, тапсырмалар деңгейлер бойынша берілген, әркім өзі таңдаған деңгейдің есебін шешіп жауабын экрандағы Ғажайып пирамидаға тиісті орнына орналастырамыз. Белгілі уақыт беріледі.

 

«А» деңгейі (1-топ)

1)      в3=18, q=3 болатын геометриялық прогрессияның в1 мүшесін табыңдар. (2)

2)      {вn} геометриялық прогрессияның в2  мүшесін 2/3 q=3 болса в1 мүшесін табыңдар.  (2/9)

3)      36, 24,… геометриялық прогрессияның q еселігін табыңдар.(2/3)

«В» деңгейі

1)      2/9, 2/3,… болатын геометриялық прогрессияның в7  мүшесі мен nмүшесін табыңдар. (162)

2)      вn=(2/81)*32n-1 формуласымен берілген тізбектің геометриялық тізбек болатындығын дәлелдеп в5 – мүшесі мен в6 мүшесін табыңдар. (486, 1458)

«С» деңгейі

1)      Бесеуі де оң мүшелі геометриялық прогрессияның тізбектес мүшелері болатындай етіп 2 мен 162 санының арасына үш сан орналастыр. (6; 18; 54)

2)      {вn} геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі мен бесінші мүшесінің қосындысы 6 -ге, екінші мүшесі мен алтыншы мүшесінің қосындысы  18 -ге тең болса, онда бірінші және үшінші мүшесін табыңдар.  (2/27, 2/3)

«А» деңгейі (2-топ)

1)      8; 11; …  арифметикалық  прогрессияның а6  мүшесін табыңдар. (23)

2)      Берілген арифметикалық  прогрессияның а13  мүшесін табыңдар. а2=-13, d=3   (20)

3)      аn= 3n— 13  формуласымен берілген тізбектің жетінші мүшесін табыңдар. (8)

«В» деңгейі

1)      -7; -4; -1; … алғашқы берілген мүшелері бойынша тізбектің жалпы мүшесінің формуласын жазып, а8 мүшесін табыңдар. (14)

2)      аn=-13+ 3n   формуласымен берілген тізбектің алғашқы  мүшесін тауып, қандай прогрессия болатындығын анықтап а6  ,  а8 мүшелерін табыңдар. (5; 11)

«С» деңгейі

1)      3-ке бөлгенде 2 қалдық қалатын 100-ден аспайтын  неше натурал сан бар? Бесінші және сегізінші мүшесін табыңдар? (17,26)

2)      Арифметикалық  прогрессияның а1  мүшесі мен айырмасын табыңдар.

а3  + а4=8,   а3=8                 (-1;2)

Оқушылар осы тапсырманы орындап, жауаптарын пирамидадағы ұяшықтарға орналастырады, содан кейін ғажайып пирамиданың сыры ашылады.

4.Қорытындылау.

— Ғажайып пирамданың сыры не де екен? (Екі пирамида біреуі арифметикалық  прогрессияны, ал екіншісі геометриялық прогрессияны құрап тұр )

5.Бағалау.

7.Үйге тапсырма беру.  Екі топтың тапсырмаларын ауыстырып беру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.