Қуанжанова Жаңылсын
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Қ.Жұбанов атындағы орта мектебі
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі
Сабақ мақсаты 1. С .Мұратбеков туралы мәлімет бере отырып, көркем шығарманы оқыту
арқылы білім сапасын қалыптастыру .
2 . Тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.Өз пікірін жүйелі әрі шебер
жеткізуге дағдыландыру. Ой-өрістерін жетілдіруге жұмыстану.
3 . Адамгершілікке, қайырымдылыққа, қайсарлық пен төзімділікке ,өздерін
дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі жаңа сабақты қалыптастыру
Сабақ әдісі жеделдете оқу
сұрақ-жауап
мәтінмен жұмыс
Сабақ көрнекілігі жусан шөбі
жазушы өмірі мен еңбектері туралы қысқаша слайд
тірек сызбалары
Сабақ барысы 1 Ұйымдастыру бөлімі
2 Үй жұмысы
3Жаңа сабақ
1 С. Мұратбеков өмірі мен еңбектері /слайд /
«Жусан иісі»әңгімесі
аТөмендегі жоспар бойынша жеделдете оқу /өз бетінше көзбен оқу./
1 Жаңа таныстық.
2Аянның қызықты ертегілері
3 Жусан иісі- аға польтосы
4Тіршілік түйткілдері.
Белгіленген уақыттан соң әр оқушы өзіне берілген үзіндінің мазмұнын баяндауы
керек. Толық мазмұнмен танысады.
ә. Тақырыбы сағыныш.
Идеясы көмекке зәру жандарға мүмкіндігінше көмек беруге,
сабырлы,ақылды болуға үйрету.
Оқиға уақыты 1942 жыл соғыс кезі
Оқиға орны Ешкіөлмес тауы етегіндегі ауыл
б Кестемен жұмыс
Көркем үзінді Менің ойымша
1 Мынау алда тұрған асқар таудан
күндіз құс ұшып өте алмайды,
қанаты күнге күйіп қалады.
Тек түнде ғана ұшып өтеді.
Түнде маған да қанат бітеді…
2. Жеп көрші…тәтті,-деп бір-екі масақты
Маған да ұстататын. Үгіп-үгіп шала
піскен дәнді мен аузыма құямын да,
шикі дәмі білініп тұрғасын түкіріп
тастаймын.
3.- Ой, қой, сен жүгіре алмайсың ,
шойнаңдап,-дейді олар.
- –Жылауды әркім біледі.Мықты болсаң ,
нағыз еркектерше қиыншылыққа
жыламай бақ.
в . Сөздік жұмысы
көз ұшында —
жақсының тұяғы —
сұлай кетеміз-
қалғып-мүлгіп отырамыз-
бас изеу-
құлақ салмау-
көз тігу-
дәті шыдамау-
күн ұясына қону-
қас пен көздің арасынша —
д Сұрыптап талдау.
/төмендегі сөздер туралы танымдары./
.Қайырым. Аяныш.Төзім.Қайрат.Қайырымдылық.
г Проблемалық сауалдар….
.-Жусан иісі ненің белгісі ретінде алынып отыр
-Тұржанның Аянға көрсеткен зорлығынан оны қандай деп ойлайсың
-Аянды автор неге төзімді, тобығы шыққан ,шешен … деп суреттеп отыр
— Тез іліп қой, әйтпесе ұрысады …. деген Аянның сөзінен Бапай шал бейнесіне
болжамды мінездеме бер.
-Аянды Жусанды төбеге оралғысы келеді деп ойлайсың ба
Қорытынды. А .Қоразбаев «Бозторғай»әнін тыңдау.
Үйге С.Мұратбеков «Жусан иісі» мазмұны .
«Аян және қазіргіжетімдер тағдыры.» /ойтолғау/
Бағалау.