Мағжан Жұмабаев «Мен кім ?»
Қызылорда облысы, Әйтеке би кентіндегі Б.К. Мергенбаев атындағы
№ 226 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен кім ?»
Мақсаты: М. Жұмабаевтың өміржолымен жазушылық қызметінен мағұлмат беру. «Мен кім ?» жырының мазмұны мен тілдік көріктеу құралдарын меңгерту. Шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу. Ой өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру.
Сабақтың әдісі: Ізденіс, зерттеу , талдау, мәнерлеп оқу.
Сабақтың түрі : Танымдылық Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Оқыту құралы: ЭЕМ құралдары Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, жаратылыстану, биология.
Өтілетін орны: Мультимедиалық кабинет
Сабақтың барысы:
- 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- 2. Үйтапсырмасын сұрау.
- Алдын ала оқушыларға «Мен » идеясын өз жырларында қолданған ақындар жайлы деректермен жыр шумақтарын жинау тапсырылды.
- Үй тапсырмасын бекіту
(Мұғалімнің дайындаған деректерімен толықтырылып, жинақталады)
«Мен» идеясын жырларында қолданған ақындар.
Абай: Ақыл мен жан мен- өзім, тән менікі
Менімен менікінің мағынасы екі
Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан
Менікі өлсе өлсін, оған бекі.
Шәкәрім: Мен кетемін, келеді
Тағы өмірге мендей
Олар мінді көреді,
Қисық жерін жөндей
Мұқағали: Ақынмын деп мен қалай айталамын
Халқымның өз айтқанын қайталадым
Сұлтанмахмұт: Мен- балаң жарық күнде сәуле қуған
Алуға күнді барып белді буған
Жаңа сабақ
Сабақтың құрылымы
1. Мағжан- тынысы кең ақын
2. Тарих және әдебиет
3. Ақынның жан дауысы
4.Практикалық жұмыс
5.Жүректен жүрекке
1. Мағжан- тынысы кең ақын
1-оқушы. Ерлан-10 б сынып
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда) белгілі, текті, ауқатты отба-сында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.
Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семина-риясында оқиды.
2- Ақбота
Мағжан 1916 жылы Омбының семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысады, Ақмоладағы «Бостандық туы» газетінде редактор болып қызмет атқарады. 1922 жылы Ташкентке келіп, шығармашылық жұмыспен айналысады. Онда «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет атқара жүріп, бірнеше шығар-маларын жарыққа шығарады.
3- Абылай
1923-27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет – көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерт-теп оқиды.
1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды.
1936 жылы орыс жазушысы М.Горький және Е.Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.
4- Арайлым
Туысқан халқымыз Башқұртстанның ақыны, қадірменді жазушы Сәйфи Құдаш мырза, сіз Мағжан ағамызды қайдан, қалай танисыз? Сол туралы айтсаңыз.
– Мен ғасырдың бас кезінде Солтүстік Қазақстанда Мағжанмен бірге қызметтес болдым, екеуміз ағалы-інідей жақын болдық. 1969 жылы Қазақстан басшыларына Мағжанды ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жайлы толғана ұзақ хат жаздым, бірақ еш нәтиже болмады.
М.Жұмабаевты өзіндік ерекшелігі, табиғаты бөлек, өлеңнің асқақ шебері деп санаймын. Мен оны «Қырғыздың Пушкині» дер едім. «Оның өмірі, ақындығы, трагедиялық тағдыры бір-бірімен тұтас, бұлақ суының бір тамшысындай» дер едім.
5- Айнұр
Зылиха апай, енді Мағжан аға туралы өз аузыңыздан бір үзік сыр естісек.
– Мағжан екеуміз 1922 жылы (бұрынғы Қызылжар) Петропавл қаласында үйлендік. Сол жылы Мағжан достарының ақыл-кеңесімен Ташкентке көшіп келдік, 2 жылдай сонда тәп-тәуір тұрдық. 1924 жылы бізді Сұлтанбек Қожанов Мәскеуге шағарып салды. Мағжан онда жоғары әдеби-көркем институтына түсіп оқыды. Күн-түн демей кітапқа үңілумен болатын. 1927 жылы үй-ішімізбен елге оралдық.
Бұдан кейінгі өміріміз қуғын-сүргенде болды. 1929 жылы ұсталып Мәскеудің Бутырка түрмесіне қамалды (көзіне жас алады). Осы жылы 10 жылға кесіліп, Карелияға айдауға жіберілді. Мен Мағжанды іздеп жүріп 1931 жылы Майкоп стансасына таяу Карелия орманына 14 рет келдім. Сол кездесуде Мағжан маған Горькийдің атына хат жазып жіберді. Мың болғыр,орыстың адал перзенттері көп қой. Сол кісінің көмегімен Мағжан 1936 жылы 10 жыл орнына 7 жылға қысқартылып, елге оралды.
1937 жылы С.Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға барады, бірақ көп ұзамай қайта тұтқынға алынады. (ауыр күрсінеді).
2. Тарих және әдебиет
Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Ол – көптеген өлеңдер, поэмалар, әңгімелер мен аудармалар жазған бірегей тұлға.
Біз оның «Мен жастарға сенемін», «Мен кім?», «Анама», «Қазақ тілі», «Түркістан», т.б. өлеңдері мен «Қорқыт», «Ертегі», «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» т.б. поэмаларын білеміз.
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Өзім – тәңірі, табынамын өзіме,
Сөзім – құран, бағынамын сөзіме!
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Енді, ескілік, келдің өлең кезіне! – деп ақын өзі айтқандай Мағжан Жұмабаев біз үшін мәңгі тірі күйінде.
3.Ақынның жан дауысы
Ақын өзінің кім екенін, ақындық қуатын, қайраткерлік қарымын «Мен кім» атты жырында аңғартып өтеді. Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына өмір тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз.
- Мәнерлеп оқу
- Осы өлеңді тыңдай отырып, нені елестеттіңдер, нені көрдіңдер?
4.Практикалық жұмыс
Оқушыларға «диалог оқу» әдісімен манерлеп оқу. Оқушы жырдағы бейнелерді кесте ішіне орналастырады.
| Бейне | Етістік | Синоним | Түйін сөз | |
Мағжан поэзиясында жиі кездесетін 12 бейне бар. Олар: күн, түн, ай, толқын, жұлдыз, көк, таң, күншығыс, күн батыс, жер, жел, от. Ең жиі кездесетін үштікке- күн, жел, жер.
5. Жүректен жүрекке
Мағжанның өзі күн, оның поэзиясы күн! Екеуіде күннен туған!
Қорытынды
Мағжанға қосарлана бізде өз өзімізді танып, тұлғалық бейнемізді асқақтата түсейік!
Үйге тапсырма беру: «Мен кім?» жырын жаттау
Оқушыларды бағалау:
