Р дыбысы мен әрпі
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, №16 жалпы білім беру
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есенбаева Роза Кабиденовна
Тақырыбы: Р дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: а)р дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету:
ә)р дыбысы қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін дамыту:
б)р дыбысының артикуляциясын дұрыс қоя білу,айнаға қарап қою.
Көрнекі құралдар :»Әліппе» оқулығы, т.б.оқу құралдары мен жабдықтары,кеспе әліппе,қол ара,түрлі түсті шарлар, р дыбысына байланысты буындық кестелер,оқушылардың өздерінің кеспе әріптері,қол айналары,таяқшалары,кәдімгі радио және раушангүл.
Сабақ барысы : 1.-Балалар,үстелдің ұстінде тұрған мына зат қалай аталады?
-Радионы не үшін пайдаланамыз?
Оқушыларға радио жайлы білетіндерін айтқызып,радио жайлы,оны көбінесе жол жүретін жолаушылар көп пайдалатанатынына,радио-ақпарат құралы екендігіне тоқталамын.Бұдан кейін үстел үстіндегі «раушангүлге»көңілдерін аударып,гүл жайлы,гүлдің иісі, пайдасы,гүлді күту,гүлдің түрлері жайлы қысқаша әңгімелеу.
2.-Ал енді ,балалар,радио,раушангүл деп хормен айтыңдар,бұл екі затта қандай ортақ дыбыс бар? Оқушылардың жауабын тосып,дұрыс айтасыңдар,екеуі де «р»дыбысынан басталады екен.
Ендеше біз бүгін қандай дыбыспен танысады екенбіз?
3.Қазір қолдарыңа айналарыңды алып,»р»деп хормен айтамыз.
Оқушыларға «р»дыбысының артикуляциясын анықтату,өздеріне айтқызу.Р әрпінің баспа және жазба түрімен танысу.Енді маған «р»әрпін денелеріңнен көрсетіңдерші,екі қолдың саусақтарын пайдалана отырып көрсету.
4.Алдарыңдағы кеспе әріптерден «ара»сөзін жазғызу,оны буынға бөліп оқу.»Ара»деген сөздің мағынасын сұрау.
Ара-жәндік,ара сайман ашып түсіндіру.
5.Әліппе бағандарындағы берілген сөздерді буынға бөлінген қалпында әрбір буындардағы әріптерді көру арқылы хормен оқу және жеке-жеке оқушыларға оқыту,сөздердегі дауысты дыбыстарды тапқызу.
6.»Сергіту минутын»өткізу
7.»Жазу үлгісінен»,ілулі қолжазба әліппеде берілген р әрпін
көріп танысу,р әрпінің баспа және жазба түрлерін салыстыру,әліппе бетіндегі ( р,ро, ра) және «Жазу дәптеріндегі « жазу үлгісі бойынша :1)кіші р әрпінің элементін сызу,2)р әрпін жазу,3)ара сөзін іштей буынға бөліп,дыбыстап жазу,сөзді қайта буынға бөлу арқылы оқып,жазылуын тексеру.
8.Есту диктанты:Аға,тара сөздерін іштей буынға бөле отыра жазу,дұрыстығын тексеру
.9.Өткен дыбыстарды жатқа жазу,дауысты дыбыстарды қызылмен,дауыссыз дыбыстарды көкпен сызу.
Сабақты «Оркестр»ойынымен қорытындылау.Оқушыларды үш топқа бөлу,1-топ «Барабаншылар»,2-топ «Домбырашылар»,3-топ «Қобызшылар»
