Қош бол, сүйікті Әліппе!

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
№ 27 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Смағұлова Қарлығаш Оралғазықызы

Қош бол, сүйікті әліппе!

І-жүргізуші: Қайырлы  күн, уа халайық. Армысыздар ата-ана, ұстаздар! Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне тұспа-тұс келіп жеткен «Қош бол сүйікті, Әліппе!» атты мереке құтты болсын.

ІІ-жүргізуші: Здравствуете дорогие родители, учителя и гости нашего праздника. Сегодня  не предверя 20-летия независимого Казахстана закончена первая щкольная книга «Букварь»

ІІІ-жүргізуші: Our dear teachers, parents and guets. There is coming the holiday independent day, lets begin our morning  hоliday which is coming with the holiday  independent day. “Goo-tye my favourite   primer“

І-жүргізуші: Олай болса, құрметпен 1 «Б» сынып оқушыларын ортаға шақырайық.

ІІ-жүргізуші: Под бурные аплодисменты приглашаем учащихся 1 ого «Б» класса.

ІІІ-жүргізуші: Соу, пау летс кол ту зе скин ауо дио пюпс аф зе фюст фои.

(залға  мұғалім оқушыларымен кіреді)

І-жүргізуші: Сөз кезегін сынып жетекшіміз Қарлығаш   Оралғазықызына беріледі:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және  қонақтар!

Бүгін біз үшін, сіздер үшін бір үлкен мереке. Балалардың  алдағы шығатын биік беслестерінің ең алғашқысы «Әліппемен қоштасу». Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай, көтерілеберсін  деп тілек білдіргім келеді.

Алғаш рет хат танып, сауатымызды ашқан. Біздің жақын досымыз  әліппені ренжітпей, рахметімізді айтып, алған білімімізді көрсетіп,ән-би, өлеңдермен өрнектеп ортаға салайық.

 

ІІ-жүргізуші:                           

Кімдер зерек, кім тапқыр

Таланттарын табайық

Қайсы күйші, кім биші

Талабына қарайық

1- оқушы:            Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ бол бүгінгі өскен ойымызға

Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға

 

2-оқушы:            Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар

Жүздеріңнен  мейірім мен нұр тамар

Алдарында жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз, балғын өрім балалар

3-оқушы:          Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орманы, тауы , өзені, көлі бар

Қазағымның жерін елін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар ері бар

 

4-оқушы:    Міне осындай егеменді еліміз

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз

 

Тәуелсіз  Қазақстан жасасын! (хормен)

Ән: Атамекен

І-жүргізуші:           Іші толған әріпке

Бар білімнің бастауы

Білімдегі жарық не?

Хормен:      Болашаққа  жол бастар

Ол сүйікті әліппе!

ІІ-жүргізуші:        Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық

Хормен:      «Әліппе» 3 рет

Әліппе :         Армысыздар,  жас достар

Армысыздар ата-аналар

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Менің атым Әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып, ер жеткен

Ағаң сенің, әпкең де

Балалар сендер оқыдыңдар, менен не үйрендіңдер?

 

Ең алғаш  алғанымда әліппені

Қызығып қарай  бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып берді.

 

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің «Әліппе»!

 

Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен

 

Бар кітапқа  бас болған

Әліппе ғылым атасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

 

Алфавиттің

                                 А тұрады басында

Әрқашан да

                                 Ә тұрады қасында.

Байқадың ба?
                                 Б тұрады үшінші.

Ал осының сыры неде ?

 

                                А деген  ол- аналар ғой ардақты,

                                Ә деген ол-әкелер ғой салмақты,

                                Б деген ол-балалар ғой  әдемі.

Біздің  елде  үшеуі  де кәделі.

 

Алшақ кетпей…

Сондықтан да, расында ,

Тұрады олар

Алфавиттің  ба   сында.

 

  Ән «Әліппе»

Би   «Шығыс биі»

І-жүргізуші:     Ертеңгі күн ауа-райымен таныс болыңыздар.

Көрініс.  (ағылшын тілінде көрініс көрсету)  «Тәтті пряник»

Ән «Ертегілер»    орындайтын Ақниет

ІІ-жүргізуші: Рахат  пен Дастанның шинкиокушинка каратэдан өнерлерін тамашалау.

ІІІ-жүргізуші:      Әліппемен қош айтысатын  да уақыт келді

 

Қош бол, құтты әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Таныстырған 42 әріппен.

 

Қош бол менің қасиетті әліппем

Сенің арқаң оқып-жаза білгенім,

Сауатты  адам  санатына кіргенім.

 

Әліппе: Балалар, сендер бүгін көрсеткен өнерлеріне білімдеріне, құрметтеріне көп рахмет, әліппені жақсы меңгергені үшін,  менің қолымдағы куәлікті табыс етуге рұқсат етіңдер және ән шашуымды қабыл алыңдар!

 

Ән: Әліппенің әні

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға басқа кітап  аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты  боп шықты міне, балаңыз.

 

Әліппе: «Қош, сау болыңдар!»

Хормен: Қош  бол әліппе! (2 рет)

 

 

І-жүргізуші:  Енді біздің сүйіп оқитын  оқулықтарымыз Ана тілі  болмақ.

(Ана   тілі   бізде   қонақта)

 

Ана тілі:                           Ақыл ойы дананың

Ана тілі боламын

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей  анамыз

Өсірген ой білімді

Мәнін  терең  білуде

Мейірімі  мол  балаға

Барлық, барлық  балаға.

 

Әліппеден оқып  білгендерді  ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар!

 

Би  «Қазақ  биі»

Ән  «Мектебім»

І-жүргізуші: «Қош бол сүйікті, Әліппе!» атты  мерекеміз осымен аяқталады, назар қойып тыңдағандарыңыздарға көп рахмет!

ІІ-жүргізуші:       Всем спасибо за внимание,

За задор и звонких смех.

Вот настал  момент прощания,

Говорим  мы досвидания.

До счастливых  новых встреч.

ІІІ-жүргізуші: The holiday “Good-tye my  favourite  Primer“ with is coming with the holiday “turenty years for your attention!

Сөз ұстазға.

Мектеп директоры.

Ата-аналарға.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше