Без рубрики

Тарбие сағаты

Тақырыбы:  «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және

жасампаздықтың 20жылы»

Мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986 Желтоқсан» кітаптары,  «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар:

  1. «Мәңгілік мақтан,                                                          2. «Жасай бер, жаса,

Дауылпаз дастан –                                                              Тәуелсіз ел –

Қазақстан!»                                                                      Қазақстан!»

  1. «Тәуелсіздікке 20 жыл!»             4. «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!»

Түрі: дөңгелек үстел

Барысы: 1. ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

2. «Тәуелсіздік шежіресі»

Мұғалім: — Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»

атты тәрбие сағатын бастаймыз! Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 20 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.

1-оқушы. Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.

2-оқушы. Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.

3-оқушы. Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.

4-оқушы. Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

5-оқушы. Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.

6-оқушы. 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.

7-оқушы. Бұл теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.

8-оқушы. Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.

Мұғалім:

-Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толды. Бүгінгі жарқын өміріміз сол қаралы күндердің жеңісті жемісі іспетті. Содан бері біздің егеменді еліміз бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың арқасында талай жетістіктерге жетті.

3. Тәуелсіздік хроникасы.

Мұғалім:

  • Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекеттке айналды. «Болашақтың барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп, басым беделге бет түзеуде. Ал осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды. Енді тәуелсіздік хроникасына назар аударайық.

                

 

 

1991 ж. 16 желтоқсан Тәуелсіздіктің жариялануы.

 2 қазан Т.Әубакіров ғарышқа ұшты

 1 желтоқсан ҚР Назарбаев Н.Ә. президент болды.

 21 желтоқсан ТМД құрылды.

 1992 ж. 2 наурыз БҰҰ-ға мүше болды.

Қазан-қараша Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы.

 4 маусым Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.

1993 ж. 28 қаңтар Конституция қабылданды.

13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. 15 қараша теңге айналымға шықты. Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.

1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.

 1995 ж. 30 тамыз Конституция қабылданды.

 1 наурыз ҚР Халықтар Ассамблеясы құрылды.

Ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.

1996 ж.16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.

1997 ж. 2030 стратегиясы жарияланды. «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді

 1998 ж. 10 маусым Астананың тұсау кесері.

«Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.

1999 ж. «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

2000 ж. «Мәдениетті қолдау жылы» болды.

2002 ж. «Денсаулық жылы»деп белгіленді.

2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.

2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.

2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды.

Ресейдегі Абай жылы деп саналды.

6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

 2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.

2010 ж. ОБСЕ төрағалық еттік.

2011 ж. 7 қысқы Азия ойындары.

2011 ж. Ислам саммиті.

 

4. Рәміздер.

  • Тәуелсіз ел — қандай ел? (Оқушылардың жауабы тыңдалады.)
  • Сонымен, тәуелсіз ел — өз нышандары, жері, дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өз ел басқарушысы бар еркін ел. Ал әрбір азамат өз елінің негізгі нышан, белгілерін — рәміздерін жақсы білуі қажет. Кәне, дүниетану пәнінен алған білімдерімізді ортаға салайық.

( Үш оқушы рәміздер туралы білетіндерін айтып береді)

  • Балалар, біз өз еліміздің негізгі белгілерін біліп қана қоймай, оларды қастерлеуіміз керек. Бұл барша Қазақстан азаматтарының парызы. Ал, біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады емес пе, олай болса еліміз қандай мемлекет болып саналады?
  • Көп ұлтты.

  • Иә, балалар, кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.

  • 1 оқушы: Еліміздің барлық жерінде қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, татарлар, украиндар, шешендер, дұнғандар, және басқа да көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етуде.

    2 оқушы: Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді емес пе.

     

    5. Ата Заң.

    • Еліміздегі барлық халықтар Ата заңымыз – Конституцияға бағынады.

    Сендерді өткен Конститутция күнімен құттықтаймын!

    Заң дегеніміз – ереже. Ережені бұлжытпай орындау керек емес пе. Қандай ереже-баптарды білесіңдер? (1-2 оқушыдан сұралады)

    • Дұрыс, сондай-ақ, Ата Заңымызда әркімнің білім алуына, денсаулығын сақтауға, тынығуға құқығы бар екендігі көрсетілген. Сонымен қатар, Отанды қорғау, мемлекеттік нышандарды құрметтеу, тарихи — мәдени ескерткіш-мұраларды қорғау, табиғатты сақтау және қорғау әр азаматтың міндеті екендігі баса көрсетілген. Осыны естен шығармайық.

    6. Отан деген не?

    • Ия, балалар, біздің туған жеріміз алтын бесігіміз — Қазақстан кеңбайтақ. Кеңбайтақ Отанымыздың бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады екен. Біз үшін Отанның шеті де, шегі де жоқ.

    Отандеген не, кім қалай түсінеді ?

     

    Мұғалім:  Көп аузынан түспейтін,

    Отан деген немене?

    Оның тұлға, түс кейпін,

    Достым білгің келе ме ?

    1 оқушы: Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,

    Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.

    Сағынғанда тым ыстық көрінеді,

    Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

    2 оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

                      Отан дейміз өсірген елімізді.

    Отан дейміз туған жер, атамекен –

    Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

    3 оқушы:  Отан дейміз кең-байтақ астананы,

                       Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

    Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

    Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

    4 оқушы:  Отан – тарих, Отан – тіл,

    Жасаған елің, өз – халқың.

    Отан — өлең, Отан – жыр,

    Көтерген көкке ел даңқын.

    5 оқушы:  Отан — сенің ата-анаң,

                     Отан – досың, бауырың,

    Отан — өлкең, астанаң,

    Отан – аудан, ауылың.

    6 оқушы: Отан – осы достарым,

                          Көңілге мұны түйе біл!

    «Отан» — деп өс жас қауым,

    Оны ардақтап сүйе біл!

    • Дұрыс, балалар, Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені.

    Қортынды: — Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

    Өткеніңді еске алсаң,

    Өскеніңнің белгісі.

    Өткеніңді ұмытсаң,

    Өшкеніңнің белгісі,

    • деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.