«Жастықтың оты жалындап» бала сері сайысы

Шығыс Қазақстан облысы, Достық ауылы
Достық жалпы орта білім беретін мектебі
Математика пәні мұғалімі, сынып жетекшісі
Ботрашев Жанат Серікқазыұлы

«Жастықтың оты жалындап» бала сері сайысы
(5-7 сынып оқушыларына арналған)

Мақсаты: халқымыздың салт-дәстүрлеріне қызығушылықтарын арттыру, ұмыт қалған дәстүрлерді жаңғырту, адамгершіліке баулу.
Керекті құрал-жабдықтар: жарты қазақ үй, үй жиһаздары (қоржын, асық, қамшы, түскигіз, керегеде түлкі, ортада сырмақ), плакаттар, магнитафон.
Кіріспе:  кішкентай бала, жасөспірім өз алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана биікке ұмтылады, ұмтылыс үстінде өседі. «Еңбектеп жүрсең де, ертеңіңе ұмтыл»  бұл балаға да, ағаға да арналған сөз. «Талаптыға нұр жауар» деп жеткіншекті қанаттандырған халқымыз. Біз баланы өзіміздің мұрагеріміз үшін ғана емес, қоғамның қамын ойлайтын азамат ету жолында баулимыз. Содан да халық  «Балаң өзіңе тартса – жұбан, қоғамға тартса – қуан» демей ме?

Иә, жас ұлан намыскер бол! Сенің намысың – ел намысы. Еліңнің атына сөз келтіріп  алма. «Жаманның бір аты-жуас». Ынжықтық пен жасықтық ер намысына шіркеу келтіреді. «Арыңды жастан сақта».  Бірақ намысшыл болам деп, әпербақан атанба. Таразының екі басын бірдей ұста яғни өр бол, бірақ кеудемсоқ болма. Қысқасы «қыз қылығымен жағады». Бұл ұлға да қатысты. Қырмызы қылықты қыз, ибалы, инабатты ұл өсіргісі келген халықтың  мұрат-арманы  осындай.

«Азамат-елдің ажары» деген халық. «Тұлпар тайдан өседі» ендеше ел азаматын баулу ерте басталса керек.

Барысы: Сайыс төрт бөлімнен тұрады.

  1. Өзін-өзі таныстыру.
  2. Зерделілік өнерге сын.
  3. Өнерпаз болсаң арқалан.
  4. Сегіз қырлы, бір сырлы.

Сайыскерлерді ұлттық киім киген қыздар алып шығады. Малдастарын құрып төрге отырады. Әр сайыскер қоржынннан асық алып, өздерінің реттік нөмерлерін анықтайды. Осы кезек бойынша әр бөлімде өнер көрсетеді.

1-бөлім. Әнмен өзін-өзі таныстыру

2-бөлім. Сайыскер қоржыннан асық алып, сұрағына жауап береді.

Асықтағы сұрақтар:

  1. Ұлы Абайдың пайымдауы бойынша адам баласы асық болатын, қашық болатын қандай қасиет, қасиетсіздікті білесің?
  2. Абай Құнанбаев қай жерде туған?
  3. Құс түрлері.
  4. Жеті қазынаның бірі ит. Ит түрлері.
  5. Қазақ халқының күнтізбегі бойынша апта, күн мерзімі атауларын ата.
  6. Кигіз үй түрлері.
  7. Күш атасын білесің бе?
  8. Қазақтың ұлт-аспаптарын ата.
  9. Еліміздің елтаңбасы мен туында нелер бейнеленген?
  10. Тіл туралы өлең оқы.

3-бөлім. Сайыскер өз өнерін ортаға салады.

4-бөлім. Сайыскерлер көпшілікті таң қалдыратын өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын паш ететін өнер көрсету.

Төрешілер сайыскерлердің жинаған ұпай сандарын шығарып, жүлдегерлерді анықтағанша оқушылар күшімен бірнеше концерттік номер.

Төрешілер шешімімен сайыскерлер мынадай атаққа ие болды:

  1. Жігіт сұлтаны.
  2. Парасатты жігіт.
  3. Өнерлі жігіт.
  4. Тәуекелшіл жігіт.

Қорытындысында қонақтар мен сайыскерлер «Елімізді сүйеміз» әнін орындайды.

 «Жастықтың оты жалындап» бала сері сайысы

р/с

Сайыскерлердің аты-жөні

І кезең

ІІ кезең

ІІІ кезең

VI кезең

Қорытынды

Өзін-өзі таныстыру

Ұпай

Зерделілік

Ұпай

Өнер

Ұпай

Сегіз қырлы, бір сырлы

Ұпай

1.

 

 

                 

2.

 

 

                 

3.

 

 

                 

4.

 

 

                 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше