Булану және конденсация

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Орал газ,мұнай және салалық колледжі
физика-информатика пәнінің мұғалімі
Қайрлиева  Кенжегүл Тлегеновна

Сабақтың тақырыбы: Булану және конденсация. Будың қасиеттері. Қайнау. Заттың кризистік  күйі.
Сабақтың мақсаты:а) Білімділік:  Булану және конденсация, қайнау,  қаныққан, қанықпаған бу, кризистік күй  туралы ұғым қалыптастыру. Олардың  қасиеттеріне тоқталу.  ә) Дамытушылық: Білім,білік дағдысын арттыру. Пәнге  деген қызығушылығын арттыру. Интерактивті тақтамен жұмыстандыру. б)Тәрбиелік: Адамгершіліктік және экологиялық тәрбие беру.
Сабақ түрі:
Жаңа білімді меңгерту.

Сабақ әдісі: «Блум» әдісі, «Сыни тұрғысынан ойлау мен жазу» кейбір элементтері  «INSERT» cтрагетиясы.

Көрнекілігі: Интерактивті қалам, слайд , сызба-нұсқалар, электронды оқулық. кластер

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,  География.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. «Миға шабуыл» Қызығушылықты ояту.

IV. «Мағынаны танып білу» Слайдтар арқылы жаңа сабақ түсіндіру

V. Қысқаша-тест

VI. Электронды оқулық.

VII.Есептер шығару.

І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеп, олардың сабаққа дарлығын

бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Термодинамиканың І заңы.

Термодинамиканың ІІ заңы.

Қойылатын сұрақтар:  1.Жылу мөлшері дегеніміз не?

Жылу беру арқылы денеге берілген жылу жылу мөлшері деп аталады.

2..Термодинамиканың бірінші заңы қалай  тұжырымдалады?

Газға берілген жылу мөлшері оның жасайтын жұмысы мен ішкі энергиясының өзгерісіне жұмсалады.

3.Термодинамканың екінші заңы қалай тұжырымдалады?

Жылу неғұрлым ыстық денеден салқын денеге беріледі.

4.Жылу қозғалтқыштары дегеніміз не?

Жұмыс денесінің ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын қозғалтқыштар.

5.Нақты жылу қозғалтқыштарының пайдалы әсер  коэффициенті қалай өрнектеледі?

6. Идеал жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті?

Үйге берілген есептерді тексеру.

ІІІ. «Миға шабуыл» Қызығушылықты  ояту.

Сұрақ: Сұйықтар мен газдардың қандай қасиеттері бар?

 

Кез-келген зат әртүрлі агрегаттық күйде кездеседі. Қатты,сұйық,газ. Олардың бір түрінен екінші бір түріне ауысуын фазалық ауысым деп атайды. Бізді қоршаған орта-табиғат болса,

Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.

М.Мақатаев

 

 

Сұйық күйден газ тәрізді күйге өту процесін булану деп атайды.

Сұйықтың булануы кебу және қайнау арқылы жүзеге асады.

Ашық бетте кез-келген температурада байқалатын буға айналуды кебу деп атайды. Кебу кез-келген температурада сырттан энергия бермесе де байқалады. Кебу нәтижесінде сұйық температурасы төмендейді.

Сұйықтың барлық көлемінде және тұрақты температурады өтетін булану қайнау деп аталады.

Су 100 Стемпература кезінде қайнайды.

Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді.

Сұйықтың қайнау температурасы:

  • Ø Қысымы артса,қайнау температурасы жоғарлайды және керісінше;
  • Ø Егер сыртқы қысым өзгермесе қайнау кезінде температура тұрақты болады;

Газдар мен қатты денелерде: Газ төменгі температурада қайнайды.

Қатты денелер жоғары температурада қайнайды.

 

Қайнау температурасы

 

         Заттар     Температура,0С
                сүт      100
             эфир       35
           спирт       78
         су      100
       сынап      357
 қорғасын     1740
  мыс     2567

 

 

Буланудың меншікті жылуы

  • Ø Тұрақты температурада сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшері меншікті булану жылуыдеп аталады.
    • Ø Будың сұйыққа айналуы конденсация деп аталады.

 

Су буы атмосфераның жоғарғы  қабатында бұлтқа айналады

 

 

Жазғы кеште ,таңғы салқында шық түседі. Конденсация кезінде молекуланың кейбір бөліктері сұйыққа қайта оралады.

Конденсация табиғатта кездеседі.

шық                                                  тұман

 

 

 

бұлт                                                               жаңбыр

 

Өзінің сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу қаныққан бу деп аталады.

Булану конденсациядан артық болса,онда сұйықтың бетіндегі бу және сұйық жоқ кездегі бу қанықпаған деп аталады.

Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесін балқу деп атайды.

Қатты денені балқытуға кеткен энергияның өлшемі меншікті балқу жылуы деп аталады.

Сұйықтың қатты денеге айналуын кристалдану деп атайды.

Бекіту сұрақтары:

Түсіндіріп көр:

Ашық және желді күні киім тез кебеді.  Шай қай ыдыста тез салқындайды? Бірінші ме,екінші ме?

Қысқаша тест.

Өзіңді тексер:

 

  • Ø Неге булану кезінде  сұйықтықтың температурасы төмендейді?
  • Ø Неге кез-келген температурада булану жүреді?
  • Булану жылдамдығы неге байланысты?
  • Бензин , спирт, одеколон неге жылдам буланады?
  • Ø Жоғары температурада сұйықтық неге тез буланады?
  • Ø Булану сұйықтың бетіндегі ауданына қалай байланысты?
  • Ø Жел будың жылдамдығына қалай әсер етеді?
             Не білем?            Не білдім?   Нені білгім келеді?

 

 

Үйге тапсырма

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше