Без рубрики

Microsoft Word бағдарламасында кестемен жұмыс, формулалар енгізу

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Орал газ,мұнай және салалық колледжі
физика-информатика пәнінің мұғалімі
Қайрлиева  Кенжегүл Тлегеновна

Сабақтың тақырыбы:  Microsoft  Word  бағдарламасында  кестемен жұмыс, формулалар  енгізу
Сабақтың мақсаты :  Білімділік :   Оқушыларға  Microsoft  Word  бағдарламасында формулалар редакторын қолдану және  кесте құру жолдарын пайдалана білуге үйрету. Дамытушылық :  Алдыңғы сабақтардан алған білімдерін бекіте отырып,  Microsoft  Word  бағдарламасы туралы түсініктерін кеңейту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:  Оқушыларды  жеке жұмыс жасауға, үнемшілдікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі :   Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :  «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау»технологиясының стратегиялары,дәріс, практикалық жұмыс, сұрақ-жауап, жеке жұмыс,шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.

Оқу материалын жабдықтау :   Дербес компьютер, Microsoft  Word  бағдарламасы, электронды оқулық, сабақ конспектісі, проектор,экран

Пән аралық байланыс : математика, қазақ тілі

 

                                   Сабақтың кезеңдері :    

   

  1. 1.        Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2.     Үй тапсырмасын тексеру. (сұрақ-жауап)
  3. 3.     Жаңа материалды түсіндіру.(мағынаны танып білу)
  4. 4.     Практикалық жұмыс. «Өзің орында!» жеке тапсырмалар
  5. 5.     Электронды оқулықпен жұмыс.
  6. 6.     Бекіту сұрақтары.
  7. 7.     Тест тапсырмалары.
  8. 8.     Сөзжұмбақ
  9. 9.     Қорытынды. Үйге тапсырма.

                                 Сабақтың барысы:

  1. 1.     Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасып,сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру. (сұрақ-жауап)

     Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушыларға Word бағдарламасы бойынша өткен сабақтардан сұрақтар қойылады:

♦  Word бағдарламасы дегеніміз не ?

♦  Microsoft Word бағдарламасын іске қалай қосамыз ?

♦   Мәтін үзіндісін көшіру,жою, жылжыту алдында қандай әрекет орындау

керек?

♦   Microsoft Word терезесінің негізгі элементтері қандай ?

♦  Microsoft Word құжаттарын сақтау кезіндегі әрекет ретін көрсетіңіз.

♦ Microsoft Word бағдарламасында мәтіндік маркерлеумен немесе

нөмірлеу қандай әмірлердің көмегімен жүзеге асады?

♦ Автомәтін деген  не?

  1. 3.     Жаңа материалды түсіндіру. Мәтіндік редактормен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі қолданамыз. Осындай

реттелген    ықшам   ақпаратты   сақтаудың   ең  қолайлы  тәсілі  

          кестелер  болып  табылады.

 

 

Кесте дегеніміз – бағандар мен жолдарда реттелген ақпарат.

 

     

 

                

      

                                         

 

 

 

Біз Word редакторында кесте құру үшін мына әрекеттерді орындаймыз.

 

 

 

 

  Бағандар мен жолдар санын белгілеу

 

Ұяшықтарда қандай ақпараттар орналасады?

 

       
1 Мектеп    
2   1230  
3 Сынып    
4      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

                   Практикалық  тапсырмалар.

 

1-топшама:

 

 

 

2-топшама

Енді электрондық кестеге назар аударайық(электронды оқулық)

 

Word ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін енгізу курсорын құжаттың формула кірістірілетін жеріне орналастырып, Кірістіру     Обьект Microsoft Equation 3.0  (Вставка         Обьект            Microsoft

Equation) 3.0 әмірін орындау керек немесе стандартты құрал саймандар мен пішімдеу жолағынан  белгішесін басамыз. Сонда экранда “Формула” атты шаблондар панелі шығады.

 

 

 

 

 

 

Мысалы:  ах2 + вх + с = 0 квадрат теңдеуінің түбірін табу формуласын жазайық. Оның түбірін табу формуласын жазбастан бұрын осы теңдеудің өзін біз компьютерде қалай теретінін қарастырайық. Бұны теру үшін формулалар редакторы керек пе, жоқ па дегенге тоқталайық. Оны біз жоғарғы индексілі х2 белгісін қолдану арқылы оңай жаза аламыз.   Олай болса біреуіміз осы формуланы компьютерде теріп көрсетейік. (теңдеуді бір оқушы компьютерде жазып көрсетеді)

Ал теңдеудің түбірін қалай табамыз ?  Кім ол формуланы тақтаға жазып береді?

(тақтаға бір оқушы жазып көрсетеді)

 

Міне осы формуланы біз компьютерде теру керек.

Ол үшін жоғарғы немесе төменгі индексілі белгілерді қолдана аламыз ба?

Қолдана алмайтын болсақ оны қалай жаза аламыз?

Ендеше осы формуланы компьютерде теру үшін келесі амалдарды орындаймыз:

Теориялық бөлім:

               ♦   ВставкаОбьектMicrosoft Equation әмірін орындау

♦    Пайда болған төртбұрыштың ішіне х-ті теріп, формулалар

редакторынан төменгі индекслі шаблонды таңдап, х-тің төменгі

бұрышына 1,2 деп жазу

♦   = белгісін қою

♦    Бөлшектің шаблонын таңдау

♦    Бөлшектің алымына -в жазып, квадрат түбір белгісін қойып, түбірдің

астына в2 – 4ас деп жазу

♦     Бөлшектің бөліміне 2а деп жазу

Осының барлығын жазып болған соң формуланы мәтінге енгізу үшін құжаттың кез келген бос жеріне курсорды шертсе формула мәтінге енгізіледі.

 Практикалық бөлім

Тақтадағы жазылған квадрат теңдеудің түбірін табу формуласын практика жүзінде компьютерден теріп көрсету керек.

(формуланы мұғалім компьютерде теріп көрсетеді)

  4.    Жаңа сабақты пысықтау

Жаңа сабақты пысықтау үшін оқушыларға келесі формулалар беріледі. Олар формулаларды компьютерде теріп көрсетуі керек.

 

 

 

 

 

СӨЗЖҰМБАҚ.

 

 

 

 

 

 

 

1. Ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.

2. Растрлық сурет элементі.

3. Зиянды  программа

4. Компьютерлік құрылғы.

5. Электрондық машина

 

 

5.    Қорытынды және бағалау

  (формула жазуға қатысқан, сұрақтарға жауап берген, сабаққа белсене қатысқан оқушыларға баға қойылады )

 

  6.    Үй тапсырмасы

 

 

функциясының формуласын компьютерде теру алгоритмін сөзбен түсіндіріп жазып келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.