Сауат ашу
Тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1. Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету. 2. Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ой – өрістерін кеңейту.
Кітап оқуға, кітапты құрметтеуге шақыру. Білімділікке, тәрбиелілікке баулу.
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы жаңа технологияны
меңгерту
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру
Сабақтың ұраны:
«Оқу – білімде,
Білім – кітапта»
ІІ. Өткен сабаққа шолу
- Өткен сабақта қандай дыбыспен, әріппен таныс болдық?
-
Е е дыбысымен, әрпімен.
-
Бағандағы сөздерді тез, әрі сауатты оқиық
(Емен, еден, ел,ер, жер,жел, бел, бес, немере, немене, шешен, шебер, Ержан, Ерлан)
- «Емен» мәтінін тізбектеп оқимыз.
Е дыбысына қатысты тақпағымызды еске түсірейік.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ой қозғау (Жұмбақтың жауабын шешу)
Сөзі – дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем. (Кітап)
«Таныс бол!»
► К дыбысымен таныстыру.
К – дауыссыз дыбыс. Сөздің барлық буынында кездеседі. (Күн, түлкі, үйрек, күшік, көкек)
► К әрпінің баспа, жазба түрлерін таныту.
- «Сөз ойла, тез ойла!» ойыны (сөздер ойлай отырып, к дыбысының орнын анықтату)
К к к
- «Сауатты оқып дағдылан!»
► Бағандағы жаңа сөздерді оқып таныстыру, мағыналарын түсіндіру.
► Сөздерді оқушыларға оқыту
«Дыбыстарды анықта!» (дыбыстық талдау жасау)
► Картоп, кептер, текемет, комбайн.
- Мәтінмен жұмыс
► «Кеме» мәтінін оқып түсіндіру
► Оқушыларға тізбектей оқыту
► Мазмұнын сұрау
«Әдемі, аппақ баламыз,
Сауатты, көркем жазамыз»
(Дәптермен жұмыс. Үлкен, кіші к әріптерінің жазба түрлерін жазып үйрету)
Сергіту сәті
Мақалдың мағынасын ашу.
«Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы»
(Кітапты құрметтеуге, күтіп ұстауға тәрбиелеу. Кітап оқуға, кітапханамен байланысуға шақыру)
«Байланыстыр» ойыны
ұшты маңырады шықты босады
«Сен білесің бе?»
► Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс – колибри
► Мүлдем ұя салмайтын құс – көкек
► Дүние жүзіндегі ең үлкен балық – көк кит
► Хат таситын құс – кептер
«Орным қайда?» ойыны
► Сурет бойынша сөздерді буынға бөлгізіп, к дыбысының орнын тапқызу
Кү-шік, те-ке-мет, те-рек.
«Кім тапқыр?»
1.Алып су көлігі
2.Шай ішетін ыдыс
3.Хат таситын құс
4.Мүлдем ұя салмайтын құс
5.Күн батардағы мезгіл
«Жоғалған әріп – қай әріп?» ойыны
► …ебеже, ме..теп, мере..ке
► Берілген сөздерге байланысты 3 оқушыға сөйлемдерді оқытып, тақтаға
жаздыру
- Кебежеге ыдыстар салады. 2. Мектепте спорт алаңы бар. 3.Кеше мереке болды.
«Білгенге маржан»
- Жыл мезгілдері нешеу?
Жыл мезгілдері төртеу.
Солардың ішінде к дыбысынан басталатын мезгіл бар ма?
Көктем, күз.
Олай болса, осы екі мезгіл туралы әңгіме өрбітейік (Экранға суреттері беріледі)
- Бекіту сұрақтары
ІУ. Қорытындылау. Мадақтау.
