Без рубрики

«Машықтар және икемділік»

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қауылжыр ауылы
ГКС-12 орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Ноғайқұлов Әбибулла Айбадуллаұлы

Сабақ тақырыбы: «Машықтар және  икемділік» (7-ші кластағы « баскетбол» бөлімі)

Ойыншылардың  параллель және қарсы қозғалыста  допты иықтан  бір қолмен қағу және беру , 6-ші  класта  екі және үш адам болып  орындалатын бұл әдісті  меңгіру үшін , жаттығуды қайталау  барысында допты  беру  әдәсін  мүмкіндігінше  ар қашықтықты өзгертіп  отыру қажет .

Кейінгі кластарда бағдарлама  бойынша  допты иықтан  бір қолмен  беру  әдісінің үйретілуі  көзделмеген, ал параллель және қарсы  орналасқан допты  беру  тәжірибеде пайдаланылатын болғандықтан , сол себепті  допты иықтан  бір қолмен жүгіріп бара жатқан серіктестің  соңынан  лақтыруға  жаттығу жөн .Бұл техниканың әдісі көбіне қарсыластың  себетіне шабуыл  барысында пайдаланылады. Одан басқа  бұл әдіс  тез алға шығудағы  топты ойында жиі қолданылады. Жас ойыншылардың шабуыл жасаудағы сүйікті әдісі .допты алдағы серіктесіне үлкен  траекторияда беру  қажет .Үйрету барысында допты келесіден берушілерді  , жиі  кездесетін қателіктерді үнемі  ескертіп  отыру қажет, қажетті сілтеу , йықтың бұрылуы , аяқтар параллель  немесе  оң аяғы  алдыда , допты  қолдан шығарар кезде  оң аяқпен  адым  жасалмайды.Траектория аз допты серіктес  алдыға асықпай беру,сол  себепті доп  қашқан  ойыншыдан кешігеді және оның арқасына  қарай беріледі , допты алдын –ала қағуда  беруші  ойыншы сол алаңнан көтеріп, ал  соңынан  допты беру  барысында оң аяғын да алаңнан көтереді , ол жүгіріп кетуге  соғады.

     Жаттығулар:

1.Дайындаушылар бірінші  суретте  көрсетілгендей орналасады , доп  алдыңғы сызыққа жақын  тұрған  ойыншыларда.Бірінші ойыншы  қашады , екінші ойыншы  оған  допты  бір қолмен  лақтырады , сосын екі  ойыншы  да қары  тұрған колоннаға  ауысады.

2.Дәл сол қайталанады , тек , допқа ие  болған ойыншы қалқанға қарай  жүргізіп көрсетілген  әдіспен  лақтырады (лақтырғанда қозғалыста болуңы артық емес).Допты  беру әдісі  екі  жаттығуда да ойыншы алаңның ортаңғы  сызығынан асқаннан кейін  болады.

3.Дәл сол  , тек  доп  алған ойыншы  допты  алаңның  бұрышына  жүргізіп  қозғалады . ал  допты  берген ойыншы  қозғалысты  тездетіп допты  кейін  қабылдап  , оны себетке лақтырады.

4.Жаттығушылар алаңда  екінші суретте көрсетілгендей орналасады .Бір ойыншы  допты  себетке  лақтырады , кейін ұшқан допты  қағып алып  сол аяқта  бұрылып , иықтан бір қолмен  допты  жүгіріп  бара  жатырған  екінші  серіктесінің соңына лақтырады. Содан соң ойыншылар  суреттегідей ауысады.

Орналасу алдындағыдай  , тек  бірінші  ойыншы  себетке  соғылып  ұшқан допты қағып алып ,  колоннадағы  үшінші  ойыншыға береді. Осы мезгілде  екінші ойыншы алдыға  жүгіреді  , үшінші  ойыншы  оған допты  иықтан лақтырады (3-сурет). Үшінші  ойыншының әрекетіне  назар  аудару  қажет , себебі  допты  қабылданған  соң ол сол  аяқпен  алдыға  адымжасайды. Допты  берер кезде оң аяғын қозғап қойса , ереже  бұзылады.Сол  себепті  оқушыларға допты алмай  тұрып  сол  аяққа  қозғалып алу  керектігін ескерткен жөн .

6.Дәл  сол , тек екінші  ойыншы допқа ие болған соң , шетке қарай  қозғалып оны  себетке қарай  лақтырады.

7. Дәл сол , екінші  ойыншы  доппен ойынның бұрышына қарай беттейді , ал үшінші  ойыншы  оның  соңынан ілесіп , допты  кейін қабылдайды және  допты  себетке лақтырып жаттығуды аяқтайды . Допты беру әдісі жоғары траекториада орындалу  үшін алаңның  ортасына немесе  доптың  жолына  ойыншы  қоюға болады « төмен келген  допты алып қалу үшін).

Еденге соғылып ұшқан допты  қағу  және беру.

Бұл ең жәй әдіс , сол себепті серіктестен  тек жақын қашықтықта  қабылданады, немесе  допқа  қарсылас жеңіл ие бола алады. Доптың  тіке жолы  қорғаушымен  жабық болған кезде  , осы әдісті  , серіктеске  допты  жеткізу үшін  пайдаланады. Алдамшы  қозғалыстар  бұл әдістің тиімділігін  арттыра алады. Қорғаушының орналасуына байланысты  еденге соғу әдісі  екі қолмен,  допты  кеудеден  немесе  бір қолмен  иықтан беру арқылы  жасалады. Екі жағдайда  да допты  беру  барысында  алаңға соғылған доп қабылдаушының  кеудесіне  беруін  ескеру қажет.

   Екі қолмен  кеудеден еден  арқылы  беру әдісі.

Қорғаушы  доп жолында тұрмаса да , қорғаушының қолын  созып   допты алу  мүмкіндігі  бар кезде  пайдаланатын  әдіс . Бұл жағдайда беруші допты қарсыластың   қолының  астынан лақтырып , алаңның  бетіне  соққан  соң  серіктестің қолына  түсетін болуы керек. Допты кеудеден беру әдісіндегі айырмашылығы тек  доп  еденге  лақтырылады және  аяқталу  сәтінде  алақанның алға –төменге  тез қозғалу  нәтижесінде  допты айналдырып  жібереді. Жоғарыда  айтқандай  , доптың  айналып келгені  оның  қабылдауын  қиындатады , дегенмен бұл  әрекеттің  қажеттілігі серіктеске  допты беруін  тездетеді  , себебі  айналып  келе жатқан  доп  алаңға  соғылғанда  қосымша  жылдамдыққа  ие  болады. Үйрену  әдісі  допты екі қолмен  кеудеден  еденге  соқпай  бергендегі  әдісі  тәріздес. Жаттығулар  бұрынғыдай  қалады . Жұбымен қозғалыста  , қорғаушының  қарсылығымен  (б- класс)

    Иықтан  бір қолмен  еденге соғу  арқылы беру.  

    Қорғаушы доптың жолында  берушіге жақын  орналасқан кездегі  әдіс.Бұл жағдайда  добы бар ойыншы  кенетен қапталға  адым жасап , иықтан  бір қолмен  еден  арқылы  береді.Допты бергенде  сілтемей ысырып  беру  қажет. Қапталға  адым  доп  беретін  қол  жақтағы  аяқпен  жасалады.

    Жатттығу :

  1. 4- суреттегідей  сапқа тұрады . Екінші  ойыншы добы бар ойыншыға тақалып келіп  , баяу қорғаушының  рөлін атқарады. Ал , ол оң аяқпен оң жаққа  адым  жасап , еден арқылы  допты иықтан  бір қолмен береді. Екінші  ойыншы  бірінші ойыншының  орнына тұрады , ал бірінші ойыншы үшінші  ойыншының алдына барып  қорғаушының  рөлін  атқарады  және осылай  жалғаса береді.
  2. Дәл сол , тек  доп сол қолмен  беріліп , адым сол аяқпен сол жаққа  орындалады.
  3. Дәл сол , тек  қорғаушы  белсенді қозғалыс  жасайды  , ал добы  бар ойыншы алдамшы қозғалыстар  жасайды.

Алдамшы қозғалыстар.

Алдамшы қозғалыс арқылы  допты екі қолмен  және бір қолмен беруге ұласады. Алдамшы қозғалыс дегеніміз – қорғаушының  қорғанысын  бұзу , алдап соғу  және  ұтымды  жағдайдан  айыру деген мағынаны  білдіреді .Ойын барысында шабуыл жасаушыға ойлаған әдістерінің үнемі  іске  аыру  мүмкіндігі бола бермейді . Оның жолында  допты тиімді беруге , немесе себетке тастауға  кедергі жасап қорғаушы  тұрады.Ол өз әрікеттерімен  шабуыл  жасаушының  ойлаған жоспарын  жоққа шығаруға  тырысады.Бір сәтке қорғаушының  қарсылығынан босау  үшін немесе  допты беру  үшін  алдамшы қозғалыс арқылы жүзеге асырылады. Алдамшы  қозғалысты  доппен , допсыз , қолмен , аяқпен , баспен , қөзқараспен  орнында  немесе қозғалыста  орындауға болады.Алдамшы қозғалыстың  орындалуы  ойын жағдайына  ойыншының  ой-өрісімен  тапқырлығына  жасалады.

Допты лақтыру  себет  астынан өтуге ұласудағы орындалатын алдамшы қозғалыстар.Допты  алып шабуыл жасаушы тез оны жоғары  көтеріп , допты  орнынан лақтыру  әдісін жасағандай болады. Қорғаушы  шабуылдаушыға  тақалып келіп , өкшесін көтеріп немесе  жоғары секіріп  допты  тіруеге  әрекет жасайды .Бұл кезде  добы бар  ойыншы  қорғаушыдан аулақ  аулақ жаққа үлкен адым жасап , яғни  бірінші адыммен бірге  допты еденге соғып , қарсыластың қорғанысына  қарай өтеді . Адым қорғаушының кез-келген жағынан орындалады.Добы бар ойыншы  алдамшы  қозғалыс жасағанда  аяғын түзу ұстамау  керектігін  есте  сақтаған  жөн.

Бір жаққа  өтіп , карама-карсы жаққа өтуге ұласу барысындағы  алдамшы қозғалыстар.Бұл алдамшы қозғалыс ойындарда жиі кездеседі. Қарсыластың себетінің  қассында  немесе  қашықта  пайдаланылады. Өтетін жағына допты ұстау арқылы алдыға , жанына  қадам жасайды  , доп ұстаған жағына өтетін сыңай танытады. Қорғаушы өтеді  деген жаққа  бұрылады. Шабуыл жасаушы  қорғаушының қозғалысын  бағып тұрып , қозғалыстың  аяғын  дер кезінде  қорғаушының  келесі  жағына  қойып допты  да денесімен жауып , допты  еденге  соғу арқылы  қорғаушыны артта қалдырып  алға ұмтылады . Алдамшы қозғалыстар сонымен бірге  екі шаг жасап өтуде  де  пайдаланылады.

   Жаттығулар:

  1. 5-суретте  көрсетілгендей  сапқа тұру . Екінші ойыншы біріншіге қарсы шығады , ол өз алдына  допты  аяқтан  бір қолмен  немесе  жоғарыдан  екі қолмен  лақтыруды  көрсетеді. Екінші  ойыншы  оның  жолын бөгемек  болады (қолын жоғары кетеріп немесе жоғары  секіріп әрекеттенеді ). Бұл мезгілде  бірінші ойыншы  оң жаққа  өтіп , допты  үшінші ойыншыға  беріп ,  «қорғаушыға » айналады.
  2. Дәл сол , тек  сол жаққа қарай  өту қажет.
  3. Дәл сол , кез-келген жаққа  еркін жасалады және  қорғаушы белсенді  әрекет жасайды .
  4. Ойыншылар  6- суреттегідей  орналасады. Бірінші ойыншы  қорғаушының рөлін  атқарады, екінші ойыншы  алдамшы қозғалыс  жасап допты  лақтырады немесе қорғаушы  оны  бөгеп  қарсылық  жасайды , ал шабуылшы қорғаушыдан оң жаққа өтіп  допты себетке  тастайды.
  5. Дәл сол , тек өту бағыты сол жақққа  орындалады.
  6. Дәл сол, тек  қорғаушы белсенділік танытады , ал  шабуылшы  әр түрлі бағытта өтуге  тырысады . Егер қорғаушы  алдамшы әрекетке назар аудармаса , допты  себетке  лақтыруға болады . Шабуыл сәтті  өткен  жағдайда қорғаушы сол орнында қалады , ал шабуыл жасаушы саптың аяғына  тұрады.Шабуыл кезінде  себетке түсүімен  аяқталмаса шабуыл жасаушы  қоршаушыға  айналады , ал қорғаушы  саптың  соңына кетеді. Алдамшы қозғалыстарды , үйренуге  және  ұйымдастыру  үлгісімен өткізуге болады.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.