«Информатика кемесі – білім теңізінде»

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі каласы, №7 орта мектеп.
Информатика пәнінің мұғалімі Имандосова Айнур Закировна

«Информатика кемесі  – білім теңізінде»
(сахналы-көрініс)   Сыныптан тыс жүргізілетін сабақ

Түрі: Әдеби музыкалық сабақ  Презентациясы: Компьютермен танысу
Сабақтың мақсаты:

  • ЕЭМ-нің  даму тарихы мен компьютердің құрылу және жұмыс істеу принциптері және Интернет желісі туралы   алған білімдерін қайталап жүйелеу;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту;
  • Ординарлы емес жағдайлардан туындаған негізгі бағдарламалық материалды қайталау және бекіту.

Сабақ міндеттері:

  1. Білімділік:  оқушылардың информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра отырып, пәнаралқ байланысты қалыптастыру
  2. Тәрбиелік:  логикалық ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын  дамыту
  3. Дамыту:      зейінділігі мен пәнді жан-жақты игеруін дамыту

Дайындық кезеңі және рольдегілер мен орындаушылар:

  • Сахнада:  «Информатика кемесі – білім теңізінде» тақырыбында безендірілген.
  • Рольдегілер:

Капитан:  Лаубаев Азамат 8а сынып

Боцман: – Төлегенов Талғат 8ә сынып

1-Мотрос – Абдибекова Улбосын – 8ә сынып

2-Мотрос – Құрманғалиев Ғабит – 8ә  сынып

3-Мотрос – Сырлыбаев Бейбіт – 7а сынып

ASCII коды – Аметов Алмат – 7б сынып

Ноотбук – Оспанов Нұрсултан  – 7б сынып

Кәрі мотрос:  Зиятов Мадияр – 9ә  сынып

Диктор:  Абдугалиев Чингиз  – 9ә сынып

Жарнама оқыған: – Дүйсекенова Аяулым 11 а сынып

 

Көріністің жалпы мазмұны:

Сахнада капитан және кеме командасы «нарды» ойнап отырады.

1-Мотрос: – Капитан, бұл өмір не болып кетті? Бірсарынды.

2-Мотрос: – Иә, жігіттер, теңізге шығып, саяхат жасайық.

Капитан: – Теңізге шықсақ, шығайық. Әлемде не жаңалық, қызық болып

жатқанын көрейік.

– Боцман, команданы жинап, кемені теңізге

шығуға дайында!

Боцман:  – Біздің кеме әр қашан да дайын ғой, капитан. Команда да осында.

Капитан: – Дайын болса, команданы палубаға жина.

Боцман: – Команда, түзел, тік тұр!

–         Капитан мырза, Информатика кемесі Білім  теңізіне шығуға

дайын!

Капитан: – Менің қызық та, ауыр жолда сенім артар мотростарым. Біз бүгін Білім теңізіне ғажайып қызық, жаңалықтар іздеу саяхатына шығамыз. Сәт-сапар тілеймін.

Боцман:  – Якорьді көтер, парусты түсір.Курсты тік ұста!

 

Кеме теңізге шығады. (Теңіздің дауысы бар музыка қосылады). Штурвалда 1-мотрос, қалғандары орындықтарда отырады.

 

Капитан: – Қосшы ана телевизорды, көрейік, не жаңалық, қандай қызықтар болып жатқанын.

Мотрос қолындағы пультпен телевизорды іске қосады.

Сахнаға екі оқушы экранды алып шығады.Экранның ар жағынан жүргізуші жаңалықтар оқи бастайды.

Жүргізуші: – Құрметті Ембі телеарнасының көрермендері. Сіздердің

 (Диктор)    назарларыңызға Емді қаласының №7 орта мектебінде ИФМ әдістемелік бірлестігі апталығының өту барысы туралы хабарлар ұсынамыз.

Қаңтар айының 24 –ші жұлдызынан 29-шы жұлдызы аралығында Информатика, Физика, Математика әдістемелік бірлестігінің апталығы болып өтті.  Апталықта төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.

–         24 қаңтар күні  ИФМ бірлестік апталығының салтанатты ашылуы болып өтті.

–         25 қаңтар күні математика пәнінің мұғалімі Оразбаева Бақытгүл 8 а,б сыныптары арасында «Бақытты сәт» атты сыныптан тыс сағат  өткізді. Сынып оқушылары осы тақырыпта алған білімдерін әр түрлі логикалық есептерді, жұмбақ, мақал-мәтелдерді шешуде толық көрсете білді.  Кеш көңілді, әрі қызықты өтті.

–         26 қаңтар күні физика пәнінің мұғалімдері Есенова Гүлжан мен Жаимова Мирамгүл «Қызықты колейдоскоп» тақырыбында 11 а сыныбында  кеш өткізді. Кеш  көрермендер көңілінен шыға білді.

–         27 ақпан күні математика пәнінің мұғалімі Ержанов Молдабай 11б,в  сыныптар арасында «Ұлы адамдар әзілдейді» атты  сыныптан тыс шара  өткізді.

–         29 қаңтар күні Информатика пәнінің мұғалімі Имандосова Айнұр 8а,б,в сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды марафоны өткізді.

Апталық оқушылар мен мұғлімдердің ұйымшылдығымен талапқа сай, қызықты әрі тартымды болып өтті.

Сіздермен болған Ембі телеарнасы. Бізбен бірге болыңыздар!

 

Ж а р н а м а

Қалам, қағаз, қалам, қағаз шаршадыңыз ба? Бізге келіңіз! Біздің дүкенде жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары, үйде де, далада да, әуеде де қолайлы ең арзан Ноотбуктар сатылады. Қатқыл дискі – қатқыл дискі …. Гигобайт, жедел жады … Мегобайт, CD-DVD …. Гб.  Ноотбук ол деген – Интернет байланысына жердің кез-келген нүктесінен қосылуға мүмкіндігін беретін ыңғайлы құрал.

(осы уақытта экран астында титралар жүреді: қатқыл дискі …. Гигобайт, жедел жады …. Мегобайт, CD-DVD ….. Гб.)

Капитан: – Осы жарнамалардан шаршадық. Ноотбук дегені не тағы да?

Боцман: – Капитан, сіз білмейсіз бе? Ол кез-келген уақытта, кез-келген

жерде алып жүре беруге болатын,  компьютер ғой.

Капитан: – Мегабайт, Гигобайт дегені немене сонда?

Боцман: – Ту-у-у капитан, ол компьютер жадының көлемі емес пе, яғни

ақпарат сиымдылығы.

Капитан: – Е-ей, басты қатырмашы, бәрі-бір түсінбеймін. Басқа каналға қой!

(Осы  кезде басқа каналды КВН көрінісі)

Мотрос: – Тасташы, КВН-ніңді, басқа каналға қой. Концерт көреміз.

Мотрос: – КВН, КВН, жалықтырды, қойшы «Хабарға» жөнді нәрсе көрейік –

– деп шулап таласа кетеді.

(осы кезде штурвалда тұрған мотрос)

Мотрос: – Жер, Жер, курс бойынша арал көріп тұрмын.

Капитан: – Кемені тоқтат, якорьді таста.

(Аралда 11 оқушы омырауларында кодтары бар. 1 кәрі мотрос қолында трубкасы бар орындықта отырады)

Капитан: – Боцман, бұл не арал, қай жерге келдік?- дейді.

Боцман: – Менің түсінуімше, Жұмбақ аралына ұқсайды.

Капитан: – Мына тұрған сандар нені білдіреді?

Боцман: – Жұмбақ  аралы болғандықтан бұл кодқа ұқсайды. Ана тұрған

кесте  арқылы кодты шешу керек.  

(Команда кодтардың қасына жақындайды. Осы кезде кәрі мотрос)

Кәрі мотрос: Тоқта, тоқта, тұра тұр. Кодты шешу үшін менің сұрағыма

жауап бер, алдымен.

–  ЕЭМ-нің даму тарихы туралы не білесіңдер?

Капитан: – Боцман, қайда әлгі білгірлерің? Шақыр, жауап берсін.

Боцман: – Машина бөліміндегілерді шақыр.

(Сахнаға қолдрынды құралдардың суреттері бар оқушылар шығып, әркім өзінің құралы туралы түсініктеме беріп шығады)

Кәрі мотрос: – Дұрыс, дұрыс. ЕЭМ-нен хабарларың бар екен. Ал, енді кодты

шешіп көріңдер.

(Бір мотрос шығып код туралы қысқа мағлұмат беріп кодты шешіп шығады).

Мотрос: Аралыңыздың атын есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын   ASCII – американдық ақпарат алмасудың стандартты коды кестесінің көмегімен шешіп көрейік.

(Аралдың аты «Компьютер»  болып табылады)

Капитан: – Аралдарыңның аты ғажап екен. Қандай қызықтарың бар?

Кәрі мотрос: – О-о-о, бұл аралда қызықтар өте көп. Қайсыбірін айтайын?

А-а, біздің аралда ғажайып бір құрал бар. Сол жайында айтайын. Ол компьютер.

( Абдибекова Ұлбосын «Компьютер» әлнін «Жан гүлім»

әнінің әуенімен орындайды)

Информатика

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,

Компьютер, бар сенің қасиетің.

Бір емес бірнеше іс атқарасың,

Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.

Ақапарат, ақпараттық әрекетті.

Жү.зеге асырасың, бас ұрасың

Интернет желісін жүктейсің де,

Әлемдік жүйеге сен енесің

Өмірдің тулап жатқан толқынында.

Өзіңді өзгелермен бір көресің

Ақапарт, ақпараттық әрекетті.

Жү.зеге асырасың, бас ұрасың

 

Кәрі мотрос: Иә, иә, тура осы өлеңдегідей адамзаттың жағдайын ойлап ыңғайлы етіп жасалған. Стол үстінде тұратыны, қалтаға салып жүретіні, шағын сумкаға салып алатын, түр-түрі  көп. Оның көмегімен:

-Мәтін, хат, хабар жазуға;

– Кесте құруға, әр түрлі есептеулер жүргізуге;

– Диаграмма, графиктер сызуға,

– Кино, концерттер көруге болады.

Бұл құралдың тағы бір мүмкіндігі – бүкіл әлеммен байланысу мүкіндігін беретін ИНТЕРНЕТ торабына қосылу.

(…………………………………………Интернет әнін «Жүрегім, жүрегіңмен егіз бе еді» әнінің әуенімен орындайды)

 Осы интернетте отырып кез-келген конференцияларға қатысуға, қалаған елің туралы толық мағлұмат алуға, электрондық пошта арқылы  әлемнің кез-келген нүктесінен хабар алып, жіберуге болады. Және де соңғы шыққан мүмкіндік ол «Интерактивті» байланыс. Ол интерактивті тақтаның көмегімен тікелей байланыс, жүйелі, белседі түрде өзара әрекеттесу мүмкіндігі.

Капитан: Иә, керемет құрал екен, Боцманның айтқан құралы осы екен ғой.  Маған осы құралдың ең жақсы біреуін бер. Пайдаланып көрейік.

Боцман, командаңды жина, жолға шығайық. Алдымызда талай қызықтар күтіп тұр. Дүниенің сыры өте көп. Біз сол сырлар мен ғажайыптарды үйренуден жалықпайық!

Дауыс: Осылай  Инфоратика кемесі  талай-талай қызықтармен танысып,  үйреніп, білім теңізінде саяхаттап жүре берді.

Ашық сабақ
«Математика, информатика, физика апталығына арналған қорытынды кеш».

Өткізген мұғалімдер: 1. Уразбаева Б.Н.
2. Есенова Г.Ы.
3. Имандосова А.С.

1-      Жүргізуші

-Уа, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Дарындылар елінде

Тапқыштардың тілінде,

Есеп шешіп, жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

2-      Жүргізуші

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппенен ән салысып.

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық

1-жүргізуші

Асып әсте саспайық

Батыл қадам бастайық

Еркіңді билап барынша

Жарыста сірә, қалыспа

Кеш қызығын ей, достар.

Осылайша шабытпен

Кәне енді бастайық.

2-жүргізуші

Мұнда қызық табылар

Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.

Айтыс, тартыс тағы бар

Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.

Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.

О-о-ой, бір қызық кеш болар,

Өздеріңмен бес болар.

1-жүргізуші

Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.

ПӘН БОЛЫП КИІНГЕН 3 ОҚУШЫ ШЫҒЫП, ТАҚПАҚТАР ОҚИДЫ.

 «Информатиктер» тобы!

Армысыңдар, бүгінгі  кешке  жиналған  қауым!

Құтқарып  ауыр  бейнеттен

Техниканы  үйреткен

Роботтай –адамды

Тіл  бітіріп  сөйлеткен

Компьютер  емей  немене

Білмегенді  білдірген

Өлшеп  киім  кигізген

Барлық  істі  атқарып

Пайдасын  елге  тигізген

Компьютер  емей немене

Бәріңіз  маған  қараңыз!

Ойынымызды  бастайық

Алуан  түрлі  ойларды

Ортамызға  тастайық.

Информатика  пәнінен

Көрсетіп  біздер  батырлық

Ой  толғалық  жүйелі

Таңдайымызға  татырлық

«Физиктер» тобы

Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық!

Бүгінгі кеш төрінде,

Физика елінде,

Физика тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып…

Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып.

Көңілді кеш жасайық,

Жұмбақ шерді шашайық.

Ат салысып аянбай,

Бар өнерге басайық.

«Математиктер» тобы

Ғылымдардың патшаасы атанған,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,

Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен қаталдансың

Ақыл – ойды тәртіпкек келтіретін

Нағыз пән математика атанғансың

Жас достар,

Мұны жақсы ұғайық

Математика ғылымы

Құрметтеуге лайық

Дүниедегі құбылыстың мәніне

Табиғаттың, қозғалстың бәрінде

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де.

Музыкалық номер: «Математика»- Марданова Мадина, Мақсұтова Мөлдір.

  Математикалық ертегі:

Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты.  Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпт.  Сонда:

– Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе?

– Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді.

-Сен ше?

– Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады.

Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді.

Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді.

– Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой.

– Б                 алаларым, айналайындар, тұрыңдар!

– А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды.

– Сендер, математикасабағын жақсы көрмегендіктен  сандардың бәрі қашып кетті., ентең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады.

Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен.

– Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады.

– Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім?

– Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды.

– Сғат неше болды?- деп сұрайды.

– Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды.

– А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді? Сонда әженің 2 немересі есептерді шығарады

            Кейін сандардың бәрі былай деп оралады:

Бір дегенім- бесік,

Шықтым содан өсіп.

Екі- дегенім елім,

Далам, тауым, көгім

Үш дегенім- үміт

Үміт артар жігіт.

Төр дегенім- төзім,

Төзе білем өзім.

Бес- дегенім бақыт

Бағалайтын уақыт.

Алты деген- ақыл,

Тыңдағаның мақұл

Жеті деген- жалау,

Жүректегі алау.

Сегіз деген- сөзім

Серт беретін кезім

Тоғыз деген тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он- дегенім Отан

Қорға соны ботам.

1 – жүргізуші:

Бұл адамдар ардақтаған халықты

Физикада даңқы шыққан алыптар.

Қара, ойлан зерек болсаң балақай,

Алыптарды әрқашанда танып қал.

2-жүргізуші:

Көрініс: Ньютон туралы

            Ән шашау:

                                               ФИЗИКА ( «Ана туралы жыр» әнінің мотиві)

Әлемдік тартылыс,

Күшін сен сыйладың

Ауырлық, үйкеліс,

Күшін сен сыйладың

Сыйладың сен маған,

Тұрақты сандарды.

Ом менен Ньютонның

Әр түрлі заңдарын

Электр қуатын сыйладың сен маған,

Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.

Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.

Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған

2-жүргізуші

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Фигуралар тобын халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

Үшбұрыш:

Мен үшбұрышпын,

Ылғи үштен түрамын.

Үш қабырға, үш төбе,

Үш бұрын болып құрамым.

Төртбұрыш:

Мен төртбұрышпын,

Көпбұрыштың бірімін.

Үшбұрыштан болсам да жас,

Бірақ одан ірімін.

Тіктөртбұрыш

Математиканы білместерге

Құбыжық болып көрінем.

Бар бұрышым тік болса,

Тік төртбұрыш деп аталам.

Параллелограмм

Қарам-ақарсы қабырғам,

Параллель әрі тең болса.

Іргелес жатқан бұрыштар.

Бірінен бірі кем болса.

Қосындысы бірақ та,

180- қа тең болса,

деп аталам!

Ромб

Ромбы атты бауырым,

Бәрінен де сымбатты.

Білімділер кеудеге,

Тағады заттай қымбатты.

Трапеция

Трапеция туыстың,

Ашуы мүлде тым қатты.

Параллелограмм атасын,

Жартылай ғана тыңдапты.

1- жүргізуші;        Көрініс: «Арифметикалық орта»

Екі оқушы қатысады.

Қыз: Сен не ойлап тұрсың?

Ұл: Сен білесің бе менің не ойлағанымды.  Арифметикалық орта математиктердің керемет жетістіктері емес пе? Өзің ойлап көрші, екеуміз доспыз. Жақсылық та, жамандық та екеумізге бірдей емес пе? Мысалы, бүгінгі бағаны алайық, сен «5» алдың, ал мен «1» алдым. Егер бағаларды қосып, «3»-ке бқлсек, екеуміз де 3 алдық. Қарашы, өзі қандай тамаша. Әкем де маған ұрыспайтын болды. Сондықтан жасасын арифметикалық орта!

Қыз: Бірақ, өзің әуелі менен сұрамайсың ғой, мен келісемін бе, келіспеймін бе?

Ұл: Тоқтай тұр, мені тыңда. Сен бүгін мектепке 15 минут ерте келдің. Мен болсам 15 минутқа кешіктім, енді тағы арифметикалық ортаға жүгінсек, екемізде  мектепке дәл уақытында келдік.  Керемет емес пе?

Қыз: Сен өзің тым ақылды екенсің ғой. Қап бәлем, сені үйретпесем. Сен маған магазиннен кеды әкеліп берші дейші едің ғой, мамаң ақшы беріп пе еді. Әкел, мен әкеп берейін.

Ұл: Ақша берген.

Қыз: Онда мен магазинге барып келейін, сен тағы арифметикалық ортаға есеп шығара бер.

Қыз: Мен тез оралды. Саған кеды әкелдім.

Ұл: Кәне, әкелші, көрейін. (Ашып қарап) Бұл не?

Қыз: Немене, ұнамай тұр ма? Бұл сенің кедың. Бірі 26 размер, екінші 44-і  размер, Екеуін қосып, 2-ге бөлсек, сонда 35-і сенің размерің шығады. Жасасын арифметикалық орта! Саған бұл ұнайды емес пе?

2-жүргізуші: әМатематика» әні  Марданова Мадина мен Мақсұтова Мөлдірдің орындауында қыбыл алыңыздар

МАТЕМАТИКА ( «Ананың тілі» әнінің мотиві)

Мектепке келдім, ұстзады көрдім,

Жазу, сызу мен санау үйрендім.

Сан менен қрнек,  теңдеу мен бқлшек,

Сырына оның, үңіліп көрсек.

Математика – бар ілім басы,

Математика – ғылым патшасы.

Математика- өмір тірегі

Математика – шәкірт жүрегі.

Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,

Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.

Сенсіз уақытты біле алмаймыз.

Сенсіз тарихты жаза алмаймыз

1-жүргізуші:

Білімдіден  шығады  алғыр,   шешен,

Шешендіктен  болған  ғой  барлық көсем.

Сайра  шәкірт, суырыл , шарықташы,

Ќалмасыншы  бұл  кеште  сенің  есең.

2-Жүргізуші

Құрметті оқушылар! Ортаға мектебіміздің көңілді жігіттер тобының математика, физика, информатика пәндері  туралы  көңілді көрічстерін тамашалайық.

Көріністің жалпы мазмұны:

Сахнада капитан және кеме командасы «нарды» ойнап отырады.

1-Мотрос: – Капитан, бұл өмір не болып кетті? Бірсарынды.

2-Мотрос: – Иә, жігіттер, теңізге шығып, саяхат жасайық.

Капитан: – Теңізге шықсақ, шығайық. Әлемде не жаңалық, қызық болып

жатқанын көрейік.

– Боцман, команданы жинап, кемені теңізге

шығуға дайында!

Боцман:  – Біздің кеме әр қашан да дайын ғой, капитан. Команда да осында.

Капитан: – Дайын болса, команданы палубаға жина.

Боцман: – Команда, түзел, тік тұр!

–          Капитан мырза, Информатика кемесі Білім  теңізіне шығуға

дайын!

Капитан: – Менің қызық та, ауыр жолда сенім артар мотростарым. Біз бүгін Білім теңізіне ғажайып қызық, жаңалықтар іздеу саяхатына шығамыз. Сәт-сапар тілеймін.

Боцман:  – Якорьді көтер, парусты түсір.Курсты тік ұста!

 

Кеме теңізге шығады. (Теңіздің дауысы бар музыка қосылады). Штурвалда 1-мотрос, қалғандары орындықтарда отырады.

 

Капитан: – Қосшы ана телевизорды, көрейік, не жаңалық, қандай қызықтар

болып жатқанын.

Мотрос қолындағы пультпен телевизорды іске қосады.

Сахнаға екі оқушы экранды алып шығады.Экранның ар жағынан жүргізуші жаңалықтар оқи бастайды.

Жүргізуші: – Құрметті Ембі телеарнасының көрермендері. Сіздердің

 (Диктор)    назарларыңызға Емді қаласының №7 орта мектебінде ИФМ әдістемелік бірлестігі апталығының өту барысы туралы хабарлар ұсынамыз.

Қаңтар айының 24 –ші жұлдызынан 29-шы жұлдызы аралығында Информатика, Физика, Математика әдістемелік бірлестігінің апталығы болып өтті.  Апталықта төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.

–          24 қаңтар күні  ИФМ бірлестік апталығының салтанатты ашылуы болып өтті.

–          25 қаңтар күні математика пәнінің мұғалімі Оразбаева Бақытгүл 8 а,б сыныптары арасында «Бақытты сәт» атты сыныптан тыс сағат  өткізді. Сынып оқушылары осы тақырыпта алған білімдерін әр түрлі логикалық есептерді, жұмбақ, мақал-мәтелдерді шешуде толық көрсете білді.  Кеш көңілді, әрі қызықты өтті.

–          26 қаңтар күні физика пәнінің мұғалімдері Есенова Гүлжан мен Жаимова Мирамгүл «Қызықты колейдоскоп» тақырыбында 11 а сыныбында  кеш өткізді. Кеш  көрермендер көңілінен шыға білді.

–          27 ақпан күні математика пәнінің мұғалімі Ержанов Молдабай 11б,в  сыныптар арасында «Ұлы адамдар әзілдейді» атты  сыныптан тыс шара  өткізді.

–          29 қаңтар күні Информатика пәнінің мұғалімі Имандосова Айнұр 8а,б,в сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды марафоны өткізді.

Апталық оқушылар мен мұғлімдердің ұйымшылдығымен талапқа сай, қызықты әрі тартымды болып өтті.

Сіздермен болған Ембі телеарнасы. Бізбен бірге болыңыздар!

 

Ж а р н а м а

Қалам, қағаз, қалам, қағаз шаршадыңыз ба? Бізге келіңіз! Біздің дүкенде жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары, үйде де, далада да, әуеде де қолайлы ең арзан Ноотбуктар сатылады. Қатқыл дискі – қатқыл дискі …. Гигобайт, жедел жады … Мегобайт, CD-DVD …. Гб.  Ноотбук ол деген – Интернет байланысына жердің кез-келген нүктесінен қосылуға мүмкіндігін беретін ыңғайлы құрал.

(осы уақытта экран астында титралар жүреді: қатқыл дискі …. Гигобайт, жедел жады …. Мегобайт, CD-DVD ….. Гб.)

Капитан: – Осы жарнамалардан шаршадық. Ноотбук дегені не тағы да?

Боцман: – Капитан, сіз білмейсіз бе? Ол кез-келген уақытта, кез-келген

жерде алып жүре беруге болатын,  компьютер ғой.

Капитан: – Мегабайт, Гигобайт дегені немене сонда?

Боцман: – Ту-у-у капитан, ол компьютер жадының көлемі емес пе, яғни

ақпарат сиымдылығы.

Капитан: – Е-ей, басты қатырмашы, бәрі-бір түсінбеймін. Басқа каналға қой!

(Осы  кезде басқа каналды КВН көрінісі)

Мотрос: – Тасташы, КВН-ніңді, басқа каналға қой. Концерт көреміз.

Мотрос: – КВН, КВН, жалықтырды, қойшы «Хабарға» жөнді нәрсе көрейік –

– деп шулап таласа кетеді.

(осы кезде штурвалда тұрған мотрос)

Мотрос: – Жер, Жер, курс бойынша арал көріп тұрмын.

Капитан: – Кемені тоқтат, якорьді таста.

(Аралда 11 оқушы омырауларында кодтары бар. 1 кәрі мотрос қолында трубкасы бар орындықта отырады)

Капитан: – Боцман, бұл не арал, қай жерге келдік?- дейді.

Боцман: – Менің түсінуімше, Жұмбақ аралына ұқсайды.

Капитан: – Мына тұрған сандар нені білдіреді?

Боцман: – Жұмбақ  аралы болғандықтан бұл кодқа ұқсайды. Ана тұрған

кесте  арқылы кодты шешу керек.  

(Команда кодтардың қасына жақындайды. Осы кезде кәрі мотрос)

Кәрі мотрос: Тоқта, тоқта, тұра тұр. Кодты шешу үшін менің сұрағыма

жауап бер, алдымен.

–  ЭЕМ туралы не білесіңдер?

Капитан: – Боцман, қайда әлгі білгірлерің? Шақыр, жауап берсін.

Боцман: – Машина бөліміндегілерді шақыр.

(Сахнаға қолдрынды құралдардың суреттері бар оқушылар шығып, әркім өзінің құралы туралы түсініктеме беріп шығады)

Кәрі мотрос: – Дұрыс, дұрыс. ЭЕМ-нен хабарларың бар екен. Ал, енді кодты

шешіп көріңдер.

(Бір мотрос шығып код туралы қысқа мағлұмат беріп кодты шешіп шығады).

Мотрос: Аралыңыздың атын есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын   ASCII – американдық ақпарат алмасудың стандартты коды кестесінің көмегімен шешіп көрейік.

(Аралдың аты «Компьютер»  болып табылады)

Капитан: – Аралдарыңның аты ғажап екен. Қандай қызықтарың бар?

Кәрі мотрос: – О-о-о, бұл аралда қызықтар өте көп. Қайсыбірін айтайын?

А-а, біздің аралда ғажайып бір құрал бар. Сол жайында айтайын. Ол компьютер.

Информатика

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,

Компьютер, бар сенің қасиетің.

Бір емес бірнеше іс атқарасың,

Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.

Ақапарат, ақпараттық әрекетті.

Жү.зеге асырасың, бас ұрасың

Интернет желісін жүктейсің де,

Әлемдік жүйеге сен енесің

Өмірдің тулап жатқан толқынында.

Өзіңді өзгелермен бір көресің

Ақапарт, ақпараттық әрекетті.

Жү.зеге асырасың, бас ұрасың

 

Кәрі мотрос: Иә, иә, тура осы өлеңдегідей адамзаттың жағдайын ойлап ыңғайлы етіп жасалған. Стол үстінде тұратыны, қалтаға салып жүретіні, шағын сумкаға салып алатын, түр-түрі  көп. Оның көмегімен:

-Мәтін, хат, хабар жазуға;

– Кесте құруға, әр түрлі есептеулер жүргізуге;

– Диаграмма, графиктер сызуға,

– Кино, концерттер көруге болады.

Бұл құралдың тағы бір мүмкіндігі – бүкіл әлеммен байланысу мүкіндігін беретін ИНТЕРНЕТ торабына қосылу.

Осы интернетте отырып кез-келген конференцияларға қатысуға, қалаған елің туралы толық мағлұмат алуға, электрондық пошта арқылы  әлемнің кез-келген нүктесінен хабар алып, жіберуге болады. Және де соңғы шыққан мүмкіндік ол «Интерактивті» байланыс. Ол интерактивті тақтаның көмегімен тікелей байланыс, жүйелі, белседі түрде өзара әрекеттесу мүмкіндігі.

Капитан: Иә, керемет құрал екен, Боцманның айтқан құралы осы екен ғой.  Маған осы құралдың ең жақсы біреуін бер. Пайдаланып көрейік.

Боцман, командаңды жина, жолға шығайық. Алдымызда талай қызықтар күтіп тұр. Дүниенің сыры өте көп. Біз сол сырлар мен ғажайыптарды үйренуден жалықпайық!

Дауыс: Осылай  Инфоратика кемесі  талай-талай қызықтармен танысып,   үйреніп, білім теңізінде саяхаттап жүре берді.

 

  • Информатик ағайдың жиында берген батасы:

Ортаға бір топ  оқушы шығады.  Дөңгеленіп отыра калады.  Ішінен біреуі сурылып шығып:

– Ал, енді құрметті қонақтар, ерлерше бата берейік- дейді.

–  Ғ1 әрқашан көмекке келе берсін, Ғ2 пәле- жаладан сақтай берсін,  CTRL ALT DEL  үнемі жар болып қолдай берсін,  ENTER!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше