Әлсейт Гүлмира Әлсейтқызы биология пәнінің мұғалімі.
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы Жезді кенті
Жезді аралас орта мектеп-интернаты
Тақырыбы: «Өсімдіктер әлемі»
Мақсаты: Оқушылардың өсімдіктермен танысу арқылы түрлерін, құрылысын,қызметін, медицинада қолданылуын анықтай білуге үйрету, жергілікті жерде кездесетін өсімдіктер жайлы ізденуге баулу.Өсімдіктерді табиғаттың бір бөлшегі ретінде аялап күтуге тәрбиелеу.
Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Өсімдіктер әлемі» сайысымызға қош келдіңіздер.
Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсысының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған. Ертедегі мысырлықтар алоэ, қараған, анис, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4000 жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.
Қазақстанда өсімдіктердің 6000 астам түрі болса, оның 500 түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.
Дәрілік өсімдіктермен емдеуді фитотерапия деп атайды.
Жүрек ауруын емдейтін дәрінің 78 %, ішекқұрт, бауыр – 75 %, жатыр, жыныс мүшелерінің ауруларының 80 %, қақырық түсіретін — 80 %, қан тиятын — 65 % өсімдіктер алынады. Бүгінгі сайысымыздың бағдарламасы мен таныс болыңыздар:
-
Кім жүйрік? (иә немесе жоқ)
-
Өсімдіктердің пайдасы
-
Жарнама
-
Пайдалы кеңестер
-
Үй тапсырмасы
Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер
Алқасы әділқазы-кемеңгерлер
Беріңіздер әділ бидей әділ баға,
Шындықты ұрпақтарың сонда көрер.
Ендеше әділ-әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер бұлар саны азайған өсімдіктер қатары.
Ендеше 1-ші болып, 9-сынып оқушылары
«Болашақ өндірушілер»
1. Кім жүйрік? (cұрақтар қоямын иә немесе жоқ деп жауап
бересіздер)
1.Адыраспан бөлме өсімдігі ( жоқ)
2.Кактус компьютердің адамға тигізетін, зиянды әсерін
азайтатыны рас па? ( иә)
3.Шырша қысы –жазы жасыл болатын ағаш па? ( иә)
4.Жалбызды антисептикалық зат ретінде тіс тазалағыш паста
құрамына кіреді ме? (иә)
5.Сасық шөп бөлме өсімдігі ме? ( жоқ)
6.Лимоннан сірке қышқылын жасайды ма? ( жоқ)
2-ші болып, 10-сынып оқушылары «Болашақ дәрігерлер»
1.Күріш дәнді дақылдарға жатады ( иә)
2.Жүгері жеуге жарамды ма? ( иә)
3.Шығыс Қазақстанда мақта өсіріледі ( жоқ)
4.Жалбыздың иісі жағымсыз ( жоқ)
5.Сұлы жылқының тағамы ма? ( иә)
6.Бақбақтың жапырақтарын суықтаған кезде пайдаланатын жөн
деген кеңес рас па? ( иә)
3-ші болып, 11-сынып оқушылары «Болашақ
косметологтар»
1.Тобылғы раушангүлдер тұқымдасына жатады (иә)
2.Бәйшешек жыл бойы өсетін өсімдік ( жоқ)
3.Еменнің орысша баламасы дуб па? ( иә)
4.Бәйшешектің орысша баламасы тюльпан( иә)
5.Тал басында қарбыз – қауын өседі ме? ( жоқ)
6.Балдыр жоғары сатыдағы өсімдіктер қатарына жатады ( жоқ)
1.Кім жүйрік? бөлімінің бағаларымен танысу.
Дәрілік өсімдіктер жайлы мәлімет беру.
2.Өсімдіктердің пайдасы (бұл кезеңде 3 топта өздерінің
өсімдіктердің пайдалы екенін түсіндіріп өтеді. )
1-ші болып, 9-сынып оқушылары «Болашақ өндірушілер»
2-ші болып, 10-сынып оқушылары «Болашақ дәрігерлер»
3-ші болып, 11-сынып оқушылары «Болашақ косметологтар»
2.Бөлім. Өсімдіктердің пайдасы бөлімнің бағаларымен
танысу.
Бөлме өсімдіктерімен таныстыру.
(мен өзім айтамын слайдтан)
3.Бөлім. Жарнама
1-ші болып, 9-сынып оқушылары «Болашақ өндірушілер»
2-ші болып, 10-сынып оқушылары «Болашақ дәрігерлер»
3-ші болып, 11-сынып оқушылары «Болашақ косметологтар»
3.Жарнама бөлімнің бағаларымен танысу.
4.Пайдалы кеңестер(бір рецепті алып дайындап
түсіндіресіздер)
1-ші болып, 9-сынып оқушылары «Болашақ өндірушілер»
2-ші болып, 10-сынып оқушылары «Болашақ дәрігерлер»
3-ші болып, 11-сынып оқушылары «Болашақ косметологтар»
Көрермендерге жұмбақтар қоямын соған жауап бересіздер.
1.Кіп-кішкентай қауғабас,
Шашы түссе дауламас ( Бақбақ)
2.Жатып жерде желіндейді,
Күз түскенше желінбейді ( Қауын )
3.Жазда жатсаң –көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң-жаның рахат табады. ( Ағаш)
4. Тәтті
Тәттінің іші қатты,
Қатынның іші тәтті. ( Өрік)
5.Айт десе жүгірмес,
Су тисе сілкінбес. ( Шөп)
6.Көздің жауын алар,
Қырға кілем жайдым. ( Қызғалдақ)
7.Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары. ( Жапырақ)
8.Компьютер жанындағы өсімдік ( Кактус)
9.Дөп-дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай. (Қарбыз)
10.Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты ( Алма)
11.Тәтті жемісітің бірі,
Қауақтың кішкентай түрі.
Айыбы бұтаққа ілінеді,
Айтыңдаршы кім біледі? ( Алмұрт)
4. Пайдалы кеңес бөлімінің бағаларымен танысу.
5.Үй тапсырмасы(3 тобымызда бүгін өсімдіктерге
байланысты ән айтады)
-
Үй тапсырмасы бөлімінің бағаларымен танысу.
Табиғаттың арайлансын ажары
Болмаса екен тартар оның азабы,
Табиғатқа тазалықты тарту ет
Тарқамасын өсімдіктің базары.
Келесі кездескенше сау болыңыздар.