Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№29 «Пальмира»
жалпы орта білім беретін мектебі» ММ.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жұмаділова Жадыра Жұмағазықызы
Күні: 14 желтоқсан 2011 жыл Сыныбы: 3 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Амандасу.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаңа тақырып бойынша, окушылардың білімдерін арттыру. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Ойын түрлерін жүргізу арқылы оқушылардың білім деңгейін байқау.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылыққа тәрбиелеу. Әдептілік әліппесі бойынша әр түрлі әңгімелер жүргізу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау, аудару, грамматикалық ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақырыпқа байланысты суреттер, жеке-жеке басылып жазылған жаңа сөздер, грамматикалық тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
— Сәлеметсіздер ме балалар!
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қазір қыстың қай айы?
— Желтоқсанның бүгін нешесі?
— Бүгін аптаның қай күні?
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Амандыққа қатысты берілген сөздерді жатта.
108 беттегі 2-жаттығуда сөйлесуді жалғастыр.
ІІI. Жаңа сабақ.
1. Тақтадағы суретке қарай отыра сабақтың тақырыбын ашу. (Тақтада амандасулардың суреттері бейнеленген).
— Балалар, суретте не бейнеленген?
— Амандасу ненің белгісі?
— Қандай амандасу сөздерін білесіңдер?
— Ендеше, өздерің түсінгендей біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Амандасу» тақырыбы.
(Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту)
2. Жаңа сөздермен жұмыс.
Сәлем айт! – Передавай привет!
сәлемдесу – здороваться
2.1. Тақтада жазылған сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды
2.2. Оқушыларға тізбектетіп оқыту
2.3. Сөздерді жіңішке немесе жуандығына қарай анықтау.
2.4. Сөздерден сөйлемдер құру.
3. Тақтадан «Амандасу» тақырыбына байланысты суреттерді көрсетіп, әр халықтың амандасулары жайында айту.
4. Сергіту сәті (қимыл-қозғалыспен)
Күн ұйықтады,
Күн тұрды.
Жел соқты,
Жаңбыр жауды.
5. Оқулықпен жұмыс. 4-жаттығу бойынша көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздерді көшіру.
Сәлемдесу, амандасу, өнегелі, рақмет, балалар, қыздар, әдептілік, құрметтеу, ардақтау.
6. «Буын» грамматикалық ойыны.
Бірінші оқушы алғашқы буынды, екіншісі келесі буынды, үшінші оқушы сөзді айтса, төртінші оқушы сөз тіркесін, бесінші оқушы сөйлем құрап айтады. Мысалы: 1. Сә 2.-лем 3. Сәлем 4. Сәлем Саша. 5. Сашаға сәлем айт.
7. Оқулықпен жұмыс. 5-жаттығу бойынша аудару жұмысын жүргізу (орыс тілінен қазақ тіліне).
— Сәлеметсің бе, Бота!
— Қайырлы таң, Олег!
— Сенің қалың қалай?
— Рақмет, жақсы.
— Денсаулығың қалай?
— Рақмет, жаман емес.
— Сен қайда барасың?
— Мектепке.
— Ал сен ше?
— Кітапханаға.
ІV.Сабақты қорытындылау.
«Кім тапқыр» ойыны.
Жасырын тұрған төрт сөзді тапқызу.
А С Ә Л Е М Т С Б Б
Б Ә Р А Қ М Е Т С І
Ж А Р А Й С Ы Ң Ү Ғ
Ғ А М А Н Д А С У И
— Сонымен бүгін біз қандай тақырып өттік?
— Әр халықтың амандасуларын қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетіңдер.
— Амандасу әдептілікке жатады ма екен?
— Қандай әдептілік сөздерін білесіңдер?
V. Үй жұмысы:
Сөздікті жаттау, 109 беттегі 6-жаттығу: аудару, аудармасын дәптерлеріне жазу.
VІ. Бағалау.
VІІ.Сабақты аяқтау.
— Сау болыңдар! Сабақ аяқталды, демалыңдар.








